Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскемен әкімдігі «Қысқы Өскемен» тақырыбына фотобайқау жариялады

14 Ақпан 2019, 21:54
2307
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Өскемен әкімдігі «Қысқы Өскемен» тақырыбына фотобайқау жариялады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

«Әуесқойлар мен кәсіби мамандарды «Қысқы Өскемен» фотоконкурсына қатысуға шақырамыз. Байқау 14-21 ақпан аралығында өтеді. Қорытындысы 22 ақпанда жарияланады», - деді баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Байқаудың талаптары мынадай:

Фотосуреттің аты жазылған жұмыстарды akimatyk@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек;

Фотосуреттер қысқы Өскеменнің тақырыбын ашуы керек;

Файлдың форматы: JPEG;

Файл мөлшері: 4 Мб кем емес.

Жеңімпазға 50 мың теңгенің сертификаты табысталады.

Бір ескертерлігі, фотосуреттерді пайдалану құқығы конкурсты ұйымдастырушыларға өтеді.

Өзгелердің жаңалығы