Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"СК-Фармация" басшысы қанша жалақы алатынын айтты

11 Қараша 2025, 13:44
289
Бөлісу:
 sk-pharmacy.kz
Фото: sk-pharmacy.kz

"СК-Фармация" ЖШС-нің басқарма төрағасы өз жалақысының мөлшерін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін компанияның бұрынғы басшысы Ерхат Есқалиев айына шамамен 1,5 млн теңге алғанын айтқан еді. Осыған байланысты журналистер қазіргі төраға Нұрлыбек Асылбековтен қанша жалақы алатынын сұрады.

Әрине, қызық сұрақ қойдыңыздар. Жоқ, жалақы сол деңгейде қалды. Шамамен сіз айтқандай мөлшерде – 1,5 млн, – деп жауап берді Нұрлыбек Асылбеков.

Ол сондай-ақ еңбекақы қорына кететін шығындар кадрларды тарту және ұстап қалу қажеттілігімен байланысты екенін, ал басқарма мүшелері мен компания басшылығының жалақысы бұрынғы деңгейде қалғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы