Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу шарасы барысында Сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Айтаханов сөз сөйледі.
Құрметті депутаттар, өз атымнан, Сенаторлар кеңесі атынан еліміздің ең жоғары органы Сенаттың депутаты болуларыңызбен құттықтаймын. Бұл үлкен сенім , халықтың сенімі. Сіздерге бақ қонды. Сенат депутаты болу - жауапкершілік. Сапалы әрі демократиялы заң қабылдауға жұмыс жасайсыздар. Өңірлердегі халықтың жағдайын жақсартатын заңдардың шығуына сеп боласыздар. Сенат тек заң шығармайды, саяси оқиғаларға қатысып, рухани даму, елдер арасындағы парламенттік қатынас орнатуға атсалысады, - деді ол.
Айтаханов депутаттар бірлескен палата отырысында сауал жасау арқылы өңір мәселелері мен қарапайым халық мәселелерін шешуге атсалысатынын айтты.
Бір күнен кейін Конституцияның 25 жылдығы. Осы мереке қарсаңында өз өкілеттеріңізді іске асыруға келіп отырсыздар. Құттықтаймын, - деді ол.