Все новости за 30 шілде 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Аустралияның алғашқы орбиталық зымыраны 14 секундта жерге құлады
Квинсленд штатындағы Боуэн ғарыш орталығынан ұшырылған алғашқы байырғы орбиталық Eris зымыраны көтерілгеннен кейін небәрі 14 секундтан кейін құлап түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.
-
Ауылдағы ағаш шеберханасы
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Бесағаш ауылында ағаштан түйін түйіп, шеберлігін кәсіпке айналдырған азамат тұрады. Болат Жараров – жай ғана ұстахана иесі емес, ұлттық нақышты жаңғыртып, ауыл экономикасын дамытуға үлес қосып отырған кәсіпкер. Оның "Қонақбай" деп аталатын шағын шеберханасы бүгінде бүтін бір ауылдың тірегіне айналып отыр. BAQ тілшісі ауылда айналасын түрлендіріп, кәсіптен нәсіп теріп, табыс тауып отырған шебердің жұмысымен танысты.
-
Шаруалар бау-бақша өнімдерін жинауда – Жамбыл облысы
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының жазира даласында еңбекке епті, маңдай терін құрғатып көрмеген диқандардың бел жазбайтын шағы. BAQ.KZ тілшісі еңбекпен есейген шаруа отбасына соғып, тіршіліктерімен танысты. Солардың бірі – осы салада жылдар бойы маңдай терін сіңіріп келе жатқан Ерлан Досқожаев.
Жыл сайын жаз шықса, ауыл тіршілігі қыза түседі. Биылғы жылы да көктемгі егіс науқаны сәтімен өтіп, шаруалар жерге дән сіңіріп, маусымның алғашқы жемісін жинап та үлгерді.
-
Жамбыл облысында Қытай азаматын ұрған жұмысшыға сот үкімі шықты
Мойынқұм аудандық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу фактісі бойынша Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
31 шілдеге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы бейсенбі, 2025 жылдың 31 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада зергерлік дүкендерден алтын ұрлаған ер адам ұсталды
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның сауда үйлеріндегі зергерлік бутиктердің бірінен алтын сақиналарды жымқырып кеткенін мәлімдеген.
-
Банкроттыққа 270 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген
Институт енгізілген сәттен бастап 270 мыңнан астам азамат банкроттық рәсімін қолдануға жүгінді.
-
Белгісіз біреулер сұлулық патшайымын атып өлтіріп, сүйіктісі мен бір жасар қызын жаралады
Ол сүйіктісі және қызымен көлікпен келе жатқанда, арттарынан қуып жеткен мотоциклдегі бұзақылар автокөлікке оқ жаудырған.
-
"Табылмаған тікұшақта жан жарым қалды": Жас ұшқыштың жары жұрттың жүрегін елжіретті
Алматы маңында жоғалған әскери тікұшаққа қатысты оқиға жұртшылықтың назарында.
-
Қазақстандықтар "жеңіл табыс" схемасына қалай алданады – Ұлттық банк ескерту жасады
"Жай ғана картаңды бер" – осындай сөзден кейін алаяқтықтың шырмауына түсіп қалуыңыз мүмкін.
-
16 жасқа дейінгі балаларға YouTube қолдануға тыйым салынбақ
Жаңа ережеге сәйкес, жасөспірімдер YouTube видеоларын көруін жалғастыра алады, бірақ аккаунт ашып, пікір қалдыру немесе контент жүктей алмайды.
-
Семсерлесуден тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздік үштікке енді
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Ердоғанға ризашылық хатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Абайдың 180 жылдығы: Семейге астана мен аймақтар қандай сый жасамақ?
Алдағы жылдары Семей қаласы айтарлықтай жаңарады.
-
Риддерлік қыздың мұздатылған мысықпен түсірген видеосы жұртты шошытты
Әлеуметтік желіде тараған бір бейнежазба қоғамды елең еткізді. Онда Риддер қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны қолына мұздатылған жануардың денесін ұстап тұрған сәті түсірілген.
-
Қазақстанда газдалған сусындарға салық енгізілуі мүмкін
Елімізде газдалған сусындарға салық енгізу мәселесі бұған дейін де айтылып келеді.
-
Қошанов шетелдік әріптестеріне Қазақстан Президентінің реформалары туралы айтып берді
Мәжіліс төрағасы бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Ерлан Қошанов жалпы дебатта сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар Ұлттық кітапхананы онлайн түрде жиі пайдалана бастады
Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 44% артты.
-
95%-дан астам қазақстандық этносаралық қатынастарды тұрақты деп бағалайды
Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
-
Қостанайда 25 рет ереже бұзған жүргізуші ұсталды
Оның төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды.
-
"Үш ай бойы ауыз сусыз отырмыз": ашынған Қырғауылды тұрғындары жолды жапты
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылының тұрғындары жиырма жылдан бері ауыз су тапшылығын көріп келеді.
-
Қазақстанда тамыз айы жауынмен басталады
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.
-
Жалған инвестициялық жобамен ақша жымқырған елордалық 6 жылға сотталды
Инвестиция түріндегі бизнес-жобаға ақша салуды ұсынған алаяқтық схеманы ұйымдастырушы сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рөлде көзі ілініп кеткен: жүргізуші кабинадан ұшып кетіп, өз көлігінің астында мерт болды
Бүгін таңғы сағат 7:45 шамасында Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды.
-
Енді қазақстандықтар чек талап етіп, мол ақша ұтып ала алады
Қазақстанда тұтынушылардың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында "Salyq кэшбэк" пилоттық жобасы іске қосылды.
-
Зерттеу қорытындысы: Қазақстандықтар ЛГБТ насихаты жайлы не ойлайды?
Астанада ЛГБТ насихатына деген қазақстандықтардың көзқарасына арналған кешенді әлеуметтік зерттеудің нәтижелері ұсынылған сараптамалық кездесу өтті.
-
Тоқаев Марокко Королін ұлттық мейраммен құттықтады
Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті
Павлодарда әйел 5-ші қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа тренд: Жас жұбайлар ұлттық нақышта гендер-пати жасады
Қазақстандық жас жұбайлар болашақ сәбидің жынысын анықтауға арналған гендер-патиді ерекше форматта ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда бүйрегін сатпақ болған адам ұсталды
Павлодарда адам ағзасын сату әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
20 млрд теңге: Түркістан ауылдарын ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасуда
Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Қазақстанның қазба байлығын ұлттық қауіпсіздікпен байланыстырып отыр
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне үміткер Джули Стафф Қазақстанның стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қай елдің азаматтары көп жұмыс істейді
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 820 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сексуалдық бағдар – әркімнің жеке ісі: Сарапшы балаларды күмәнді контенттен қорғауды ұсынды
Жастар арасында ЛГБТ насихатына, соның ішінде жыныс ауыстыру мәселелеріне қатысты сұрақтар Қазақстан қоғамында көптеген пікірталас тудырып отыр. Бұл туралы “Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры” жетекшісі Үсен Сүлеймен кәмелетке толмағандарға ЛГБТ насихатының әсері туралы зерттеу нәтижелерін талқылауға арналған сараптамалық жиын барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық секторды тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында Үкімет резервінен Қызылорда облысының қажеттіліктері үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға шамамен 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
KazLLM нейрожелісі қалай жасалды?
KazLLM – қазақ тілінде мәтіндерді түсініп, өңдеп, генерациялай алатын нейрожелі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Белгілі әншіні күйеуі тұншықтырып өлтірді
Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Тайлақ ауданында Zeboyi Jahon лақап атымен танымал Зебинисо Носированың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Gazeta.uz-ге сілтеме жасап.
-
"Гипноз қолданады". Профессор Кәкен Қамзин пәтерінен қалай айырылғанын айтты
Пәтерінен айырылған профессор алаяқтар қалай алдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 жылда әлеуметтік желілерде ЛГБТ жайлы 1559 жарияланым тіркелген
Респонденттердің 63,7%-ы ЛГБТ туралы ақпаратты ең алдымен әлеуметтік желілерден алады.
-
Судың да сұрауы бар: Түркістанда 203 шаруа күрішті рұқсатсыз еккен
Түркістан облысында су жеткізушінің келісімінсіз ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егудің 203 дерегі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЛГБТ үгіт-насихаты балаларға теріс әсер ететіні дәлелденді
Астанада “дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға” қатысты ақпараттық ортаның жасөспірімдерге әсері жөнінде кешенді зерттеу нәтижелері таныстырылды. Бұл бастаманы PhG докторы, құқық қорғаушы, “Өркендеуге жәрдемдесудің ұлттық қоры” қоғамдық қорының жетекшісі Үсен Сүлеймен көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана іргесінде енесін алдамақ болған келін түрмеге қамалуы мүмкін
Қосшы қаласының тұрғыны қарызын қайтару үшін енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, ұрлық болды деген желеумен үйін әдейі тас-талқан еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бишімбаевтың інісі бостандыққа шығады
Степногор қалалық сотында Бақытжан Байжановтың амнистияға байланысты жазаны қысқарту туралы өтініші қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұсаукесер: Әдебиет порталында жаңа жоба
"Әдебиет порталы" жаңа "Әдеби дискурс" YouTube жобасын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада ЛГБТ-ның жасөспірімдерге әсері талқыланды
Астанада ЛГБТ-ның кәмелетке толмағандарға әсеріне арналған зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық талқылау өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Түркия медиакоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары барысында ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) мен ТР Президенті жанындағы коммуникациялар басқармасы (КБ) арасында келісімге қол қойылды.
-
Баға өсті, импорт түсті: Қазақстандағы құрылыс материалдары неге қымбат?
2025 жылы қазақстандық құрылыс материалдарының нарығында өндірістің өсуі мен импортқа тәуелділіктің төмендеуі байқалады. Алайда халықтың жөндеу жұмыстарына кететін шығындары күн санап артуда, ал жаңа топтамалардың бағасы тікелей теңге курсына тәуелді. BAQ.KZ тілшісі астаналық құрылыс материалдары базарына барып, жөндеу жұмыстарына қанша ақша кететінін есептеп көрді және бұл туралы Өнеркәсіп министрлігі не дейді?
-
Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері қаза тапты
Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада әлемдік технология көшбасшылары жиналады: Digital Bridge 2025 форумы күзде өтеді
Астанада 2-4 қазан аралығында Digital Bridge 2025 форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жойқын жер сілкінісі тіркелді
Ресейдің Қиыр Шығысындағы Камчатка түбегі маңында 8,8 магнитудалы жойқын жер сілкінісі тіркеліп, нәтижесінде биіктігі 4 метрге жететін цунами көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп Ресейге 10 күн берді, ал Қытаймен бітімге келді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты Ресейге қойған ультиматум мерзімін 10 күнге дейін қысқартып, Мәскеуден ешқандай жауап алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Alem LLM: ChatGPT мен Gemini-ді басып озған қазақша модель
Қазақстан қазақ тілінде жаңа Alem LLM тілдік моделін ойлап тапты.
-
Дәрігер: Хирургтің басты қаруы – төзім мен сенім
Әрбір операция – хирургтің шеберлігі мен төзімін сынайтын сәт. Ал қантамыр хирургиясы – екеуін қатар талап ететін ең күрделі бағыттардың бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Қытайды су басты, Газада аштық, Камчатка теңселді, ал алпауыттар келісімін ұзартты
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Мектепке орамалмен баруға бола ма?
Жаңа 2025-2026 оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі өкіліне мектеп формасына қатысты 7 сұрақ қойдық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Миллиардтар қайда кетті: Қазақстандағы ТОП-5 ең қымбат тендерлер
2025 жылғы шілде айындағы мемлекеттік тендерлер Қазақстан әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық беретінін көрсетті.
2025 жылы шілдеде Қазақстандағы мемлекеттік мекемелер мектептер, жолдар мен коммуналдық мекемелердің құрылысына, жөндеу мен реконструкциясына миллиардтаған теңге жұмсаған. BAQ.KZ тілшісі мемлекеттік сатып алу сайтына талдау жүргізіп, бюджеттің ағымдағы басымдықтарын көрсететін бір айдағы ең қымбат тендерлердің бестігін анықтады.
-
Алматы маңындағы құс фабрикасындағы өртте қаза тапқан адамның кім екені анықталды
Құтқарушылар 19 жастағы жігіттің денесін барлау барысында тапқан.
-
Қорғаныс министрі жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстарымен жеке танысты
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының барысымен жеке танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам жараланды
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді
Қазақстанда шағын қалалар, аудан орталықтары мен елді мекендердегі 1000 мектепті жаңғырту жобасы жалғасып жатыр. Аталған жоба аясында 2025 жылы 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді.
-
Ұлыбритания қыркүйекте Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайды
Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер Израиль Газа секторындағы әскери әрекеттерді тоқтатпаса және бейбіт келіссөздерге нақты қадам жасамаса, қыркүйек айында Палестина мемлекетін ресми түрде танитынын мәлімдеді.
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 30 шілде күні еліміздің көптеген қалаларында метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады. Алайда Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
-
Қытайда әлемдегі алғашқы 6S робот дүкені ашылды
Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында әлемдегі алғашқы 6S форматы бойынша робот дүкені ашылды.
-
Қазақстандағы энергетикалық сусындар қаншалықты қауіпсіз? – сынама не дейді?
Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға заңмен тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Анкарадағы келіссөздер: Тоқаевтың Түркияға сапарында не талқыланды?
Кеше, 29 шілде күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапармен барып, екі ел арасындағы жан-жақты серіктестікті жаңа деңгейге көтеретін маңызды келісімдерге қол қойды.
-
Жол инфрақұрылымын жаңғырту: Астанада 50 көше жөнделеді
Астана қаласында көктем мезгілінен бері абаттандыру, көгалдандыру және жол жөндеу жұмыстары қарқын алған.
-
АҚШ пен ЕО арасындағы сауда келісімі: Франция шарап үшін күресуде
Франция АҚШ пен Еуроодақ (ЕО) арасындағы сауда келісімі аясында шампан мен шарап түрлерін 15 пайыздық баж салығынан босатуға тырысуда.
-
Ақмола облысында жүргізушіні өзінің жүк көлігі басып кетті
Көкшетауда қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан 34 жастағы жүргізуші қаза тапты. у
-
Қарапайым жұмысшыдан шебер жетекшіге дейін: еңбектің қадірін ұққан жан
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп келе жатқаны қуантады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз жолдауларында кәсіптік білім мен жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру керектігін жиі айтады. Өйткені кез келген елдің өндірістік қуаты мен инфрақұрылымдық әлеуеті – ең алдымен еңбек адамдарының қолында.
-
Қаза тапқандар бар: Ливия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті
Ливияның шығысындағы Тобрук қаласының маңында Египет шекарасына жақын маңда мигранттар мінген қайық суға батып, кемінде 18 адам қаза тапты.
-
Германияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш іздестіріліп жатыр
Саксония федералды жерінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесі Гримма қаласына жақын маңдағы Гольцерн мен Требзен елді мекендерінің арасында құлаған
-
Бұршақ, найзағай: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 30 шілдеде Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Наверх