Все новости за 25 шілде 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Найзағай, бұршақ: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 26 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, табиғи апаттарға байланысты дауылды ескерту жарияланды.
-
Иран МАГАТЭ-мен ядролық келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді
Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) өзінің ядролық бағдарламасына қатысты техникалық деңгейдегі келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.
-
Құрылыс нормаларын бұзған: Алматыда тау бөктеріндегі тұрғын үйлер сүрілуде
Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан "Жаңару" 556 ӨК аумағындағы екі блокты тұрғын үй сот шешімімен бұзылып жатыр.
-
Алакөлде әйелді қайық қағып кетті: Туризм және спорт министрлігі мәлімдеме жасады
Абай облысының Алакөл көлінде 63 жастағы әйелді қайық қағып, мерт қылды.
-
15 гектар аумақ отқа оранды: Алматыда тау өртін сөндіру жалғасуда
Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Жалын шарпыған аумақ шамамен 15 гектарды құрайды.
-
Шөп дайындауда қай өңірлер артта қалды?
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің даму қорытындылары бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмолада мас болып төбелескен әкім қызметінен қуылды
Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасының шараларымен ауыл әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алаяқтар баланы қалай алдауы мүмкін?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жазғы демалыс кезінде балалардың алаяқтардың құрбаны болу ықтималдылығы арта түседі деп ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
IPhO-2025: Франциядағы олимпиадада оқушылар 5 медаль еншіледі
Францияның Палезо қаласында өткен оқушыларға арналған Физикадан халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO–2025) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нәрестесін пойыздың шұңқырына тастап жіберген әйелге сот үкімі шықты
Қарағанды көлік прокуратурасы «Қарағанды-Сұрыптау–Сарыбел» аралығында жолаушылар пойызында орын алған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Топтық зорлау: 13 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық шетелде ұсталды
Топтық зорлау үшін 13 жыл жасырынған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Перизат Қайрат қандай мүлкінен айырылды?
Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның жымқырған қаражатына сатып алған мүліктер тәркіленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте «Mooni Gold» қаржы пирамидасы әшкереленді
Шымкент қаласы бойынша ҚМА «Mooni Gold» қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
BIG Шанхайдағы өрт: Тауарды сақтандыру қалай көмектеседі?
18 шілдеге қараған түні Астана қаласындағы ірі сауда орындарының бірі – BIG Шанхай базары алапат өртке оранып, 262 кәсіпкердің сауда нүктесі мен тауарларының күлі көкке ұшты. Көпшілік үшін бұл – ауыр қаржылық соққы. Өйткені зардап шеккендердің басым бөлігі тауарларын сақтандырмаған. Осы орайда, BAQ.KZ тілшісі сақтандыру саласының маманы Шәкір Ажғалиевпен сөйлесіп, мұндай апаттардың салдарын қалай азайтуға болатынын сұрады.
-
48 адам қаза тапқан әуе апаты: Ғажайыптың арқасында әже аман қалды
55 жастағы Марина Авалян бейсенбі күні апатқа ұшыраған ресейлік жолаушылар ұшағына тіркеліп, жүгін де тапсырған.
-
Мысырда халықаралық іздеуде болған қазақстандық ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды. Ол криминалдық полиция қызметкерлерімен Шымкент қаласына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті
Қазақстанда мемлекеттік емханалардың, соның ішінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін реттеу мен сапасын арттыру жолға қойылғаны белгілі. Осы салада үнемі ішкі өндірістік жұмыстар жаңғыртылып келеді.
-
Перизат Қайрат ісі: Бауыржан Байбек сотқа шақырылды ма?
Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәулетияров қылмыстық іс бойынша сотқа Алматы қаласының экс-әкімі, Nur Otan партиясының бұрынғы төрағасы Бауыржан Байбек шақырылмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ерекше "технология": Қалақтың орнына тәпішке қолданған қостанайлық жұмысшылар күлкіге қалды
Қостанайда жол жиегіндегі бордюрді жөндеу кезінде жұмысшылар лай жағуға арналған қалақтың орнына тәпішке пайдаланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Перизаттың анасынан бөлек сыбайластары болды ма? - адвокат жауабы
Қайырымдылықтың ақшасын жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың сотынан кейін оның қорғаушысы Асланбек Даулетияров журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты сот үкімі шықты
Бүгін ашық түрде өткен сот отырысында танымал әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.
-
"Өте ауыр болды". Перизат Қайраттың адвокаты үкімге шағым түсіреді
Перизат Қайраттың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қала тазалығы – экранда: Балқашта «тазалық көрсеткіштері» орнатылды
Балқаш қаласында жарықдиодты экрандарда нақты уақыт режимінде қала тазалығы мен абаттандыру жұмыстарының сандық көрсеткіштері мен нақты фактілері көрініс табатын «тазалық көрсеткіштері» орнатылды. Қала аумағында осындай 16 көрсеткіш бар. Қарағанды облысында бұл бастаманы алғашқы болып Балқаш қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Перизат Қайрат пен анасы 51 адамға 1,5 млрд теңге өтеуге міндеттелді
Сот Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваны 1,5 миллиард теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңгені заңсыз иемденген – Бас прокуратура
Сот аса ірі мөлшерде алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша айыпталған Перизат Қайрат және оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Құдайберген Нью-Йорк пен Мексикада жеке концерт береді
Димаш Құдайберген биыл күзде Солтүстік Америка құрлығында ауқымды жеке концерттерін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды
Астанада қайырылымдылық ақшасын жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот шешімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жоғалған тікұшақ: Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отар маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде
25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы аумағында EC-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Бортта үш экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаевтың Түркияға ресми сапары: Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі
29 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл сапар түрік-қазақ қарым-қатынасындағы жаңа прагматикалық және саяси кезеңнің бастауы болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
СҚО-да кәріз құдығына құлап кеткен әйел көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишимское ауылында кәріз сорғы станциясында түнгі ауысымға түскен әйел қайтыс болды. Ол жұмыс орнында есінен танып, қайғылы жағдайға душар болған.
-
Көкшетауда өрттен әйел адам құтқарылды
Көкшетау қаласында төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, құтқарушылар әйел адамды аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді Кока-кола дәмінен айырыла ма?
Coca-Cola компаниясы биылғы күзде АҚШ-та қамыс қантымен тәттілендірілген жаңа нұсқадағы коланы сатылымға шығармақ.
-
Адамды бірден арықтататын таблетка шықты – мамандар не дейді?
Еш күш салмай арықтауға көмектесетін таблетка жасалды.
-
Маңғыстау облысының әкімі жастармен тікелей диалог жүргізді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір жастарымен ашық форматта кездесу өткізді.
-
Алматыда полицейлер әйелді босандырып алды
Алматыда полиция қызметкерлері жолда толғағы басталып кеткен әйелге шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
IT экспорт: Қазақстандық өнімдер шетелді несімен баурайды?
2025 жылдың алғашқы тоқсанында қазақстандық IT өнімдерінің экспорты 253 млн долларға жетті.
-
Елімізде 250 мың адам жұмыспен қамтылды
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 250 мың адам жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
4 күндік жұмыс аптасына көшкендер қандай жалақы алады?
Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов: Каспий теңізінің таяздануы – өңірлік қауіпсіздікке төнген қатер
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий теңізінің таяздану проблемасын аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мектеп шатыры құлап, 4 бала қаза тапты
Ескі мектеп ғимаратының шатыры опырылып, төрт оқушы көз жұмды
-
Биыл 2,8 млн сапалы жұмыс орны құрылады – Еңбек министрлігі
Елімізде еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдік шығармаларды орыс тілі арқылы аударып келеміз – Ерлан Жүніс
Бұл туралы танымал ақын Ерлан Жүніс Әдебиет порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық опера жұлдызы Италияда өтіп жатқан байқаудың финалына өтті
Әйгерім Алтынбек Портофинодағы CLIP байқауының финалына өтті.
-
Қазақстанда дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы өсті
2025 жылғы 3 маусымдағы Үкіметтің қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар жұмысшыларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
“WTT Youth Contender Almaty”: Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар топ жарды
Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында халықаралық “WTT Youth Contender Almaty” турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жарты миллиард теңге: Қостанай әкімдігі тастөсеніштерді не үшін жаңартып жатыр?
Қостанайда тастөсеніштерді (брусчатка) жаңарту мен гранит жиектастарды орнатуға 551 миллион теңге бөлініп, екі жылға жоспарланған абаттандыру жұмыстары басталды. Бірақ бұл жобалар тұрғындар арасында наразылық тудырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Креативтің шегі жоқ": Алматылық жігіт кеңсе орындығын самокатқа орнатып алды
Алматыда бір жігіт кеңсе орындығын самокатқа бекітіп алып, қала ішінде жүрген. Бұл ерекше көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аудартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: шекара үшін соғыс, Газа аштық құрсауында, Украина Еуропаға жақындады
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.
-
Кітап дүкендерінде неге поэзия кітаптары жоқ? – ақын себебін түсіндірді
Ақын Ерлан Жүніс Әдебиет порталына берген сұхбатында поэзия мен проза туралы ой қозғап, поэзияның неліктен азайып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақын Ерлан Жүніс: Жауапкершіліктен қашқан адам өткенді аңсайды
Бұл ойды танымал ақын Ерлан Жүніс Әдебиет порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жын-шайтан кірді ме?": Психолог суицид жасайтын балалардың белгілерін түсіндірді
Суицидке бір қадам жасаған адам оны тағы қайталауы мүмкін. Себебі бұл – жан айқайының шегі. Психолог Серікгүл Сәли BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында өз тәжірибесінде кездескен суицидке бейім жастардың мінез-құлқы, әдеттері жөнінде айтып берді.
-
Тоқаев ресми сапармен Түркияға барады
29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шерзат ісі: сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
Адвокат Мейірман Шекеев Шерзат Болаттың өліміне байланысты сотталғандардың бірі – Думан Ысқақ бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шекара маңында жер сілкінісі болды
Сейсмологтар Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ең кішкентай батыр: 283 грамм болып туған сәби тірі қалып, әлем рекордын жаңартты
Салмағы 283 грамм болып туған сәби тірі қалып, рекорд жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.
-
Ұлттық ұлан сарбаздары талып қалған балаға жедел көмек көрсетті
Патрульдеу кезінде олар басы айналып, жерге құлаған баланы байқап, дереу көмекке ұмтылған.
-
Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жетті
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда қосымша төрт арнайы білім беру ұйымы ашылып, олардың жалпы саны 508-ге жетті.
-
Шешенстан басшысы Бодрумда шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркиядағы Бодрум қаласында демалу кезінде суға батып кете жаздады.
-
Израиль мен Сирия ширек ғасырдан кейін алғаш рет ресми келіссөз өткізді
Парижде Израиль мен Сирия өкілдері арасында соңғы 25 жылдағы алғашқы ресми келіссөздер өтті.
-
Ақмола облысында егін ору науқаны басталды
Ақмола облысында күздік бидайды жинау науқаны басталды.
-
Франция 2026 жылы Палестинаны БҰҰ деңгейінде мойындайды – Макрон
Франция президенті Эммануэль Макрон 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Палестина мемлекетін ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
-
Онлайн-несие: қарыздың қамытынан кімдер қорғалады?
Қазақстандықтардың арасында онлайн-несие алушылар саны күн санап артып келеді.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірлерінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталса, Алматы мен Өскемен қалаларында керісінше, ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
-
Қазақстанда әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады
Қазақстанда жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған медициналық көмек қайта құрылымдалып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) аясында қолжетімді болмақ.
-
Трамп үйсіздер мен қылмыскерлерге қатысты жаңа Жарлыққа қол қоймақ
АҚШ президенті Дональд Трамп қаңғыбастар мен көшедегі қылмысқа қарсы бағытталған жаңа Жарлыққа қол қоюға ниетті.
-
Ақтөбеде жедел жәрдемге жол бермегендер жазаланып жатыр
Ақтөбе облысында жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда
-
Starlink жүйесінде жаһандық ақау орын алды: Илон Маск ресми мәлімдеме жасады
SpaceX компаниясының жаһандық спутниктік байланыс жүйесі – Starlink бүкіл әлем бойынша уақытша істен шықты.
-
Таиланд пен Камбоджа арасындағы әскери шиеленіс: Бангкок елшісін кері шақырды
Таиланд Сыртқы істер министрлігі Камбоджамен арадағы шиеленістің ушығуына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты төмендететінін және қажет болған жағдайда өзін-өзі қорғау шараларын күшейтуге дайын екенін мәлімдеді.
-
Александр Бублик ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақтағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
-
Астанада кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Наверх