Все новости за 14 шілде 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Менің Путиннен көңілім қалды – Дональд Трамп
Алдағы 50 күнде Украинада бітімгершілік келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ 100% сауда тарифтерін енгізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде II Республикалық жас геологтардың далалық олимпиадасы өтеді
8-15 шілде аралығында Семей қаласындағы КГКП «Геологиялық барлау колледжі» базасында II Республикалық жас геологтардың далалық олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Аптап ыстық, бұршақ, тұман". Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты 15 шілдеде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Алматыда жаппай жол апаты болды
Алматының шетінде Бурундайская көшесінде МАЗ маркалы кранның, №10 маршруттық автобустың және бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Оқыс оқиғадан 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды BАQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясына басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда "Жастар Fest" фестивалі дауға айналды
Таза орыс тілінде ұйымдастырылған шара, бір-біріне суық су шашқан жастар, даңғаза әуен, ұлттық идеологияға жат әрекеттер жетісулық жұртты шошытты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Семейде Абай мерейтойына арналған ауқымды шаралар өтеді
Семейде Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған бағдарлама таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы табысты экономиканың басты кедергісін атады
2029 жылға дейін Қазақстанның ішкі жалпы өнімін екі есеге арттыру – ел Үкіметінің басты экономикалық міндеттерінің бірі. Сарапшылар бұл мақсатқа жету үшін тек жоспар құрып қана қоймай, экономиканың түпкі проблемаларын шешу қажет екенін алға тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет отырысында елдің жартыжылдық әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралады
15 шілде күні Үкіметтің кезекті отырысы өтеді. Жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қонаев жағалауында ЖИ-мен жабдықталған камералар орнатылды
Қонаев қаласының жағалау аумағына мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Ауғанстан нарығына неге қызығушылық танытып отыр? – сарапшы түсіндірді
Қазақстанның Ауғанстанға экспорты 30%-ға төмендеді. Дегенмен, Қазақстан бұл елмен сауда айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Осы тақырып төңірегінде BAQ.KZ тілшісі сарапшылардың пікірін білді.
-
ЖІӨ өсімі, инвестиция, құрылыс: Қазақстан алты айда қандай нәтижеге қол жеткізді?
2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
13 бала уланған бассейн арнайы құжатсыз жұмыс істеген
Атырауда 13 бала мен 2 ересек тұрғын уланған бассейн жұмысын арнайы рұқсат құжатсыз жалғастыра берген. Қазір 3 бала әлі ауруханада жатыр. Зардап шеккен бүлдіршіндердің ата-аналары емге қажет шығынның бәрі өтелсін деп талап етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістан туризміндегі кадр дағдарысы: түлек бар, тұрақтылық жоқ
Түркістан облысы туризм саласында зор әлеуетке ие болғанымен, жергілікті кәсіпорындар әлі де білікті маман жетіспейтінін алға тартады. Соңғы жылдары Түркістан қаласы тарихи және рухани орталық ретінде ішкі және шетелдік туристер үшін тартымды бағытқа айналды. Қазір қалада 68 қонақүй мен хостел, 160-қа жуық тамақтану орны жұмыс істейді. «Rixos Turkistan», «Karavansaray», «Ramada by Wyndham», «Hampton by Hilton» сияқты халықаралық деңгейдегі қонақүйлердің болуы сервис сапасына қойылар талапты күшейтіп отыр. Дегенмен осы сапаны қамтамасыз ететін кәсіби кадрлардың жетіспеуі саланың дамуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты BAQ.KZ тілшісі Түркістан туризміндегі кадр дағдарысының себептерін зерттеп көрді.
-
МӘМС, жаңа заң: Кім қанша төлейді?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде базалық жарналар мен аударымдардың есептелуі үшін кіріс мөлшеріне қойылатын шек (ЕТЖ) жоғарылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бұл жерде менің тағдырым шешіліп жатыр": Сот Перизат Қайратқа ескерту жасады
Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаева ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бұрынғы волонтер, "Jas Otan" жастар ұйымының өкілі Сергей Матюшенко сотта куәлік етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа заң: МӘМС жүйесінде не өзгереді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы ардагер Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Алматыдағы балалар үйінің балалары Қонаевқа қашан ауысады?
Алматыдағы балалар үйінің 171 тәрбиеленушісін Қонаев қаласында жаңадан салынған мекемеге көшіру мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Перизат Қайрат ісі: Танымал боксшының қолғабын сатып алған кәсіпкер ақшасын қайтаруды талап етті
Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатқан атышулы сот ісінде кезекті жәбірленуші — кәсіпкер Мөлдір Сүйіншіәлі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жусан" операциясына 6 жыл: Радикализмнен қайтқан 754 тағдыр
XXI ғасырдың басында Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар, әсіресе Сирия мен Ирактағы жағдайлар көптеген елдер үшін қиын кезеңге айналды. Қазақстан да бұл жағдайдан тыс қалмады. 2013 жылдан бастап қазақстандық азаматтардың радикалды топтарға қосылу фактілері тіркеліп, шет елдерге соғыс алаңына кеткендердің саны артты. Осы қауіп-қатерлерге жауап ретінде еліміз 2019 жылдан бастап «Жусан» деп аталған арнайы гуманитарлық операцияларды жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
"Жылдың мемлекеттік қызметкері" болған Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды
Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Перизат Қайратқа қатысты жаңа дерек айтылды
Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Мадина Оразалина сот пен қатысушылардың назарына айыпталушылар туралы толық мәлімет ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада жолаушылар автобусы өртенді
Астанада жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Халық қаһарманы" Әбдіғали Қаймолдин дүниеден өтті
Ұлы Отан соғысының ардагері, "Халық қаһарманы" Әбдіғали Қаймолдин 104 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысында барлық мемлекеттік қызметтер онлайн көрсетіледі
Қарағанды облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық мемлекеттік қызметтер – 99,6% электрондық форматта көрсетілген. Тұрғындарға барлығы 9 миллионға жуық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Перизат Қайрат палестиналықтарға жинаған қаржының 7 млн теңгесін ғана аударған
Сотта прокурор Арман Кезекен Перизат Қайратқа қатысты Газа секторындағы тұрғындарға көмек ретінде қаражат жинауға байланысты екінші эпизод бойынша айыптау мәліметтерін жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандағы алтын, мыс және көмір қанша жылға жетеді?
Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ұлттық қор – балаларға": 6,9 млн бала алғашқы жинақтарын алды
Сенат Аппаратының басшысы Максим Споткай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі реформаларының нәтижелеріне пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда құмар ойын нарығы «ақ тізім» арқылы реттелетін болды
Туризм және спорт министрлігі құмар ойындар нарығын тиімді мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге арналған Бірыңғай есепке алу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған подкастта Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бәс тігудің барлығы жазылады: Бірыңғай есепке алу жүйесі деген не?
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Цифрлық теңгенің қашан қолданысқа енетіні белгілі болды
Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Перизат Қайрат ісі: Сотта Байбектің есімі аталды
Перизат Қайратқа қатысты сот отырысында сотталушы Бауыржан Байбектің есімін бірнеше рет атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Фиджитал спорт: Қазақстанда «Болашақ ойындары» өтеді
Олжас Бектенов Phygital International басшысы Рене Фазелмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тоқтай ма?
Экономист Бауыржан Ысқақ көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының тоқтауы мүмкін екені туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселе ел ішінде үлкен алаңдаушылық туғызып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұтқын камераласының сөмкесіне тығылып, түрмеден қашып кетті
Түрмеден қашудың ерекше әдісін тапқан қашқын іздестірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қымбат пәтер мен көлік: Перизат Қайрат миллиардтаған ақшаны қалай жұмсаған?
Перизат Қайратқа қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы оның ұрлық пен алаяқтық арқылы алынған қаражатты қандай мақсаттарға жұмсағанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент жаңа газ жобаларына қатысты нақты тапсырмалар берді
Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Фактілермен қорғанамын". Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындамады
Астанада қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаева өздеріне тағылған айыпты мойындамайтындарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ел оқушылары химиядан IChO-2025 олимпиадасында 4 медаль иеленді
Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік жас химиктері: IChO-2025 олимпиадасында төрт медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азаматтық алу жеңілдейді: Қазақ тілінен талап төмендетілмек
Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтық алу талаптарын жеңілдетуді, атап айтқанда қазақ тілі бойынша шекті ұпайды төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.
-
Перизат Қайрат халықты қалай алдаған? – Прокурор мәлімдеме жасады
Астанада қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты көпшіліктің назарына іліккен қылмыстық іс бойынша негізгі сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"2 мың адам алданды": Кезекті қаржы пирамидасы анықталды
Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Киік еті қауіпсіз бе?": Ғалымдар жаңалық ашты
Қазақстанда киік санын реттеу соңғы жылдары қоғамда резонанс тудырып келеді. Сирек кездесетін аталған жануар популяциясының өсуі көпшілік арасындағы пікірталасты қыздыра түсті. Мамандар оны қалай пайдаға жаратуды ойластыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Перизат Қайрат ісі: Журналистер сот залынан ақпаратты тікелей тарата алмайды
Астанада волонтер Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Иран ядролық бағдарламасы, Газа келіссөзі, АҚШ-тағы қудалау, Челсидің тарихи жеңісі
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді
2025 жылдың 10–13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
КӘЧ: Финал тағдыры алғашқы 10 минутта шешілді – Челсидің бапкері
Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында "Челси" "Пари Сен-Жерменді" 3:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Макронды Бастилияны алу күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай мен Өзбекстан шекарасында 4 жаңа кеден бекеті іске қосылды
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекаралас 9 өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде, бұл шаралар транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жасырса не болады?
2025 жылы тіркелмей бизнес жүргізгені үшін қазақстандықтар 393 000 теңгеге дейін айыппұл төлейді, сондай-ақ мүлкі тәркіленуі де ықтимал, Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Немере бағу – қарттықтың алдын алу ма? – зерттеу
Қарттардың немереге қарауы деменцияның алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы қытайлық ғалымдар жариялаған жаңа зерттеуде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алакөлден Шарм-эш-Шейх арзан
Жетісу облысы әкімдігі Алакөл жағалауындағы қонақүйлердің бағасын тұрақтандыра алар емес. Ал демалушылар сервис төмен, баға қымбат екенін айтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сәтбаевта республикалық индустриялы аймақ құрылды
Сәтбаев қаласында республикалық маңызы бар индустриялы аймақ құрылды.
-
Маңғыстауда "Tenge Oil & Gas" компаниясына қатысты экологиялық тексеру жүргізілді
"Tenge Oil & Gas" ЖШС кен орнында орын алған мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді.
-
Газада Израильдің әуе соққысынан су алу үшін кезекте тұрған балалар қаза тапты
Газа секторында Израильдің әуе соққысы салдарынан он адам қаза тапты, оның ішінде алтауы – су алу үшін кезекте тұрған балалар.
-
Іле Алатауында жарақат алған қытайлық турист құтқарылды
Іле Алатауының Шүкір шыңында (биіктігі 3550 м) жарақат алған Қытай азаматына Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетті.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 14 шілдеде еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды.
-
Ұлыбританияда Саутенд әуежайынан ұшып шыққан шағын ұшақ апатқа ұшырады
Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы Саутенд әуежайынан ұшып шыққаннан кейін Beech B200 Super King Air ұшағы апатқа ұшырап, өртенді.
-
Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап, ауруханаға жеткізілді
Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті.
-
Франция 2027 жылға қарай әскери бюджетін 64 млрд еуроға дейін ұлғайтпақ
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің әскери шығындарын жедел арттыру жоспарымен бөлісті. 2027 жылға қарай қорғаныс бюджетін 64 миллиард еуроға дейін жеткізу көзделіп отыр.
-
Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде тұрған көлік түгі қалмай жанып кетті
Жамбыл облысы Қордай ауылындағы жанармай құю бекетінде жеңіл автокөлік өртеніп, өрт үш жанармай құю колонкасына жайылды.
-
Үндістан IPO көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты
2025 жылдың алғашқы жартысында Үндістан бастапқы жария орналастыру (IPO) көлемі бойынша әлем елдері арасында екінші орынға көтерілді.
-
Павлодарда ұрланған көлік апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды
Павлодар қаласында екі көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.
-
Нөсер, аптап ыстық: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 14 шілде күні Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Наверх