Все новости за 3 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елдос Сметов спорттық мансабын аяқтай ма?
2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов спорттық мансабы жайында өз ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да судья қамауға алынды
БҚО-да 2024 жылы ұсталған Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұзақ мерзімге сотталды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
-
Энергетика министрі ОПЕК бас хатшысымен кездесті
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайтам әл-Гайспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.
-
Найзағай, дауыл: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 4 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жеңіл атлет халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың құнын төмендету, тіркеу рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ дәрілерді жекелендірілген жоспарлау мен есепке алуды енгізуге бағытталған кешенді шаралар әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7,2%-ға жетті
Осы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2% деңгейінде өсім көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстау облысында халықаралық салалық чемпионат басталды
Маңғыстау облысында «DOSTI Skills» халықаралық салалық достық чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысы көктемгі егіс жұмыстарын аяқтады
Елдің астықты жүрегі саналатын Ақмола облысы биыл да көктемгі дала жұмыстарын толық көлемде аяқтаған алғашқы өңірлердің бірі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған фестиваль өз мәресіне жетті
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін XX «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығының фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік қызмет реформасы: Жаңа заңдағы өзгерістер қандай
Бұгін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында шегірткеге қарсы күрес жалғасуда
Қарағанды облысында шегірткемен күресте шағын авиация мен дрондар пайдаланылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылуы мүмкін
Түркістан облысында тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жүк тасымалдайтын дрондарды өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда өткен әлем чемпионатында әскери қызметшілер үш медаль еншіледі
Түркияда қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында әскери қызметшілер үш медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда мұнара краны құлап, жұмысшы қаза тапты
Бүгін Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда крипто-карта іске қосылды
2025 жылдың 3 маусымында Алматыда өткен жиында Ұлттық Банк цифрлық активтер индустриясын дамытуға бағытталған жаңа жобаларды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақылы курстар өткізген алматылық "оқытушы" шетелде ұсталды
Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құтқарушылар халыққа үндеу жасап, ескерту жасады
Жаз – өрт қаупі жоғары уақыт. Осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері - от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауруды анықтайтын жасанды интеллект қаламы пайда болды
Ауруды анықтай алатын жасанды интеллект қаламы пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Университетте есірткіге қатысты сот процесі көрсетілді
Жетісуда есірткі сатушының жолы кесілді, көрсетілім сот процесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады
2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Qazcontent» БАҚ арасында шахмат турнирін өткізеді
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Qazcontent» АҚ Қазақстан шахмат федерациясы және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесе отырып «QAZCONTENT OPEN 2025» шахмат турнирін ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан": Түркістан облысында 2614 экологиялық іс-шара өткізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде заңсыз иеленген активтер есебінен балабақша салынып жатыр
Балабақша ерекше балаларға арналған, 300 орындық. Құрылысы 2026 жыл аяқталады деген жоспар бар. Аталған жоба ерекше балалардың қолайлы ортада дамуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасап, инклюзивті білім беру саласына серпін береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы жантүршігерлік жол апаты: Жүргізуші қамауға алынды
Астанадағы жантүршігерлік жол апатынан кейін автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 6 жасар баланы қоғамдық кеңестің мүшесі ұрып-соққан
Алматыдағы мейрамханалардың біріндегі ойын бөлмесінде ер адам 6 жастағы баланы ұрып-соқты. Кейінірек бұл азаматтың Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі екені белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ҚҚС өссе, азық-түлік бағасы шарықтай ма? – министрлік түсіндірді
Қосылған құн салығының өсуі елдегі бағаға қалай әсер етеді? Сауда министрлігі нақты шаралар мен бақылау жүйесін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Шымкент-Семей-Шымкент" бағытында жазғы әуе рейсі ашылды
"Шымкент-Семей-Шымкент" бағытында жазғы маусымға арналған әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік саясат: Президент министрге нақты тапсырмалар берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы тағайындалды
Тимур Қосымбаев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Skills Enbek платформасында 247 мыңнан астам қазақстандық оқыды
2025 жылдың басынан бері 247,6 мың азамат, оның ішінде 39,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы автобус апаты: Жүргізуші бағанды байқамай соққан
Астанадағы №1 автобус паркінде кеше кешкісін орын алған автобус қатысқан жол апатына қатысты пікір білдірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушіге басымдық беріледі – Бектенов
Тізілімге енген отандық өндірушілерге басымдық беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Польшаның жаңадан сайланған президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
500 балаға 1 психолог: Вице-министр мектептердегі мамандар туралы айтты
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бюджет ақшасы Қазақстан экономикасына жұмыс істеуі керек – Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау алушыларды ел экономикасын дамытуға қаржы бағыттауға міндеттейтін құқықтық тетіктерді әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл елде балалармен жұмыс істейтін психологтар саны артты
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ІІ халықаралық психологтар форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Балдәурен" халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы демалысты ұйымдастыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Qarmet Сингапурге сатылды деген ақпарат жалған болып шықты
Qarmet компаниясының Сингапурдегі оффшорлық құрылтайшыларға өткеніне қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін министрлік пен ұлттық компания өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты сотталушылардың жарыссөздері аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов: Жалған өндірушілер енді нарыққа кіре алмайды
Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат ісі: Барлық сотталушының іс-әрекеттері толық дәлелденді – прокурор
Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты сотталушылардың жарыссөздері жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде бала туу көрсеткіші төмендеп жатыр. Қазақстан қай орында тұр?
2025 жылдың алғашқы деректері әлемде бала туу көрсеткіші айтарлықтай төмендегенін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Талас өзенінен Қаракөл мен Сұлукөлге су жіберілді
Соңғы 10 жылда алғаш рет Су ресурстары және ирригация министрлігі Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлін толтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тасжолдағы қанды апат: Қаза тапқан 4 адамның бірі – жас мұғалім
Алматыда жас мұғалім жол апатына ұшырап, көз жұмды.
-
Әкім дарынды оқушылармен бірге Димаштың әніне тренд түсірді
Алматы облысының әкімі жас жеткіншектермен бірге Димаштың әніне тренд түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
Қазақстанға іссапармен келген Орталық Азия мен Қытай журналистері еліміздің өңірлерін аралап, жергілікті мәдениет пен тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысты. Бұл жолы БАҚ өкілдері Ақтаудағы өндірістік нысандарды ғана емес, қаланың өзіндік ерекшеліктерін де көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үй мен көлікті пайызсыз бөліп төлеуге сатқандар қамалды
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Amanat Drive" атауымен қаржы пирамидасының қызметін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазақ халқынан кешірім сұраймын": Шерзат ісі бойынша сотталушы
Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесі кезінде Абзал Шынасыл жарыссөзде қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы автобус апаты: Бір жолаушы аяғынан айырылды
Елордада жолаушылар автобусының апатқа ұшырауы салдарынан бір адам аяғынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат ісі: "Ешқандай дәлел жоқ" Абзал Шынасылдың анасы жылап қалды
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі кезінде Абзал Шынасылдың анасы жарыссөз кезінде жылап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
НАТО-ның болашағы жоқ – неміс сарапшылары Трамптың саясатын сынады
АҚШ-тағы Трамптың саясаты НАТО-ны тығырыққа тіреуі мүмкін. Бұл туралы Германиядағы бейбітшілік зерттеулері институтының (PRIF) сарапшылары 2025 жылғы Friedensgutachten баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ға өсті: министр импорттың азайғанын айтты
Өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ға өсіп, импорт азайды. Бұл туралы үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат ісі: Сотталуышылардың жарыссөздері басталды
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде доллар қымбаттады
Ұлттық банк 3 маусымға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы халқы жылдан жылға көбеюде: 2030 жылға қарай қаланы не күтіп тұр
Алматы халқының саны жылдан жылға көз ілеспес жылдамдықпен өсіп жатыр. Осыған орай алдағы бес жылда мегаполис елеулі инфрақұрылымдық мәселелерге тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат Болаттың өліміне қатысты ашық сот процесі
Бүгін Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы тікелей эфирде қайта жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанайдағы зауыттан өрт шықты
Қостанай қаласы Узкоколейная көшесінде асфальт зауытының аумағында битум-қыздыру станциясында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?
Қазақстанға келген Орталық Азия мен Қытай журналистері еліміздің бірқатар өндірістік нысанымен танысты. Соның бірі - Ақтаудағы мұнай өңдеу зауыты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы автобус апаты: Бір адамның жағдайы ауыр
Астанадағы автобус апатынан зардап шегушілердің бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгінге, 3 маусымға арналған ел қалаларындағы ауа сапасы болжамын жариялады.
-
Орман өрті: Канадада 25 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды
Канадада өршіген орман өрттері салдарынан 25 мыңнан астам тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
-
Интернет арқылы есірткі таратқан: Батыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды
Батыс Қазақстан облысында интернет желісі арқылы есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
-
Түркияның Эгей теңізі жағалауында жер сілкінді
2 маусым күні Түркияның Эгей теңізіндегі жағалауында магнитудасы 5,8 баллдық жер сілкінісі болды.
-
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК бүгінге, 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Шымкентте оқ және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді
2025 жылдың 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласында спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді.
-
Жетісу облысында суға батқан азаматтарды құтқарған полицейлер марапатталды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде суға батқан адамдарды құтқарған полицейлер марапатталды.
-
Астанада Есіл өзеніне секірген әйел аман қалды
Астанада құтқарушылар Есіл өзеніне секірген әйелді аман алып қалды.
-
Қытай АҚШ-ты сауда келісімдерін бұзды деп айыптады
Қытай Сауда министрлігі АҚШ-ты екі ел арасындағы сауда келісімдерін бұзды деп айыптап, заңды мүдделерін қорғау үшін қатаң шаралар қолданатынын мәлімдеді.
-
Үндістанда су тасқыны мен көшкіннен 34 адам қаза тапты
Үндістанның солтүстік-шығысында болған су тасқыны мен көшкін салдарынан кемінде 34 адам көз жұмды.
-
Сицилия аралында Этна жанартауы атқылай бастады
Италияның Сицилия аралында орналасқан Еуропадағы ең белсенді Этна жанартауының атқылауы басталды.
-
Қатты ыстық пен найзағай: Астанада және 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 3-5 маусым аралығында ауа райының күрт құбылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Наверх