Все новости за 1 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қостанайда жасөспірім Тобыл өзеніне батып кетті
Тобыл өзенінде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті.
-
Найзағай, бұршақ: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 2 маусым, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады.
-
Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
Ақтауда рұқсатсыз ұйымдастырылған қайырымдылық акция қоғамдық тәртіп бұзуға әкеліп, кәсіпкерге айыппұл салынды.
-
1 маусымнан бастап қысқы дөңгелекпен жүрген көлік иелеріне айыппұл салынады
Жаздың алғашқы күнінен, 1 маусымнан бастап Қазақстанда көліктердің қысқы дөңгелекпен жүруіне тыйым салынады.
-
Ақмола облысында жүргізуші көлігін темір жолда тастап, қашып кеткен
Ақмола облысында жүргізуші жеңіл автокөлікті темір жол өткелінде қалдырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
-
Ирландия жағалауынан 350 жыл бұрын батып кеткен кеме табылды
Ирландия жағалауынан 1787 жылы жұмбақ жағдайда суға кеткен британ кемесінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Польшада президент сайлауының екінші кезеңі басталды
Польшада президенттік сайлаудың екінші туры басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда ескі оқушылар үйі заманауи орталықпен ауыстырылды
Алматыда 1964 жылы салынған оқушылардың ескі үйінің орнына "Самғау" атты жаңа даму және шығармашылық орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ тікұшағы ауыр хәлдегі баланы Өскеменге шұғыл жеткізді
Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы шұғыл медициналық эвакуацияны сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада балаларды қорғау күніне орай 40-тан астам аула ашылды
Астанада биыл шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында қамыс өртін сөндіруге 30 тонна су төгілді
Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ермек Көшербаев Қызылорда облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Экология министрлігі Қарасу өзенінің жағасында сенбілік өткізді
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың табиғат ресурстары басқармаларымен бірлесіп елорда тұрғындарының демалу және балық аулау үшін сүйікті орындарының бірі Қарасу өзенінің жағалау аймағын тазартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нәресте күтімі: педиатр ата-аналарға қарапайым кеңес ұсынды
Жаңа туған нәрестеге гигиеналық күтім жасау ол дүниеге келген сәттен бастап, әсіресе үйге келгенде өте маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында 610 спорт нысаны халық игілігіне қызмет етеді
Абай облысында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкшетауда Копа көлінің жағалауы ашылды
Көкшетауда жаңа демалыс орны – Копа көлі жағалауы "Жағалау" пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Елде алғаш рет балаларға бірегей ота жасалды
Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы базасында екі бірегей ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық ұлан бүлдіршіндерге ерекше мереке сыйлады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның авиациялық базасында «Бала — еліміздің болашағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ақорда" резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Түркістанда жылына 14 мың тонна ұн өнімін өндіретін зауыт іске қосылады
Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы Бөржар ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Елімізде қанша бала бар?
Елімізде 7 млн-ға жуық бала бар екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістанда тасқыннан 1,5 мыңнан астам турист жолда бөгеліп қалды
Үндістанда тасқын мен көшкін салдарынан 1500-ден астам турист Сикким штатында бөгеліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаржылық тәрбие: балаларға арналған танымдық мультфильм жарыққа шықты
Қаржылық мониторингі агенттігі "Заң және тәртіп" нарративі аясында қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына арналған мультфильмдер циклын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"AMANAT" жұмысшы мамандық иелерінің балаларын құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы "AMANAT" партиясы ата-аналары құрылыста, коммуналдық салада, өндірісте және өзге де маңызды салаларда еңбек ететін балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп жуырда NASA басшылығына жаңа кандидатураны ұсынады
АҚШ Президенті Дональд Трамп жақын арада NASA-ны басқаруға жаңа кандидатура ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме
-
Қазақстанда балалардың игілігі үшін қандай істер атқарылып жатыр?
Жыл сайын 1 маусымда елімізде Балаларды қорғау күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нигерияда су тасқыны 151 адамның өмірін қиды
Нигерияның батысындағы Нигер штатында толассыз нөсер жауын мен соның салдарынан орын алған су тасқынынан қаза тапқандар саны 151 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ мамандары қиын жағдайда қалған үш адамды биіктіктен құтқарды
ТЖМ құтқарушылары үш мыңдық биіктіктен үш адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл балалы отбасыларды қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінді
Қазақстанда балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі дәйекті түрде нығайтылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні
Елімізде жыл сайын 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент: Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Олар меморандумды беруден бас тартты": Зеленский Ыстамбұлдағы кездесудің тиімділігіне күмән келтіреді
Украина президенті "Ресей өзінің уәде еткен «меморандумын" бейбіт реттеу шарттарын беруден бас тартып, осылайша "дипломатиялық күш-жігерге нұқсан келтіреді" деді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Брянск облысында өтіп бара жатқан пойызға көпір құлап, жеті адам қаза тапты
Брянск облысында 31 мамыр күні кешке Климов-Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызы астынан өтіп бара жатқанда көпір опырылып құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Франция тұрғындарына кез келген жерде темекі шегуге тыйым салынды
Франция өзінің ең кішкентай азаматтарын қорғау мақсатында бүкіл ел бойынша балалар жүретін барлық ашық кеңістікте темекі шегуге тыйым салатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Global News-ке сілтеме жасап.
-
Эпилепсия дерті: заманауи медицина не дейді?
Эпилепсия – әлем бойынша кең етек алған, созылмалы сипатқа ие неврологиялық сырқаттардың бірі. Бұл ауру кез келген жастағы адамдарда кездесуі мүмкін. Оның басты ерекшелігі – қайталанатын ұстамалар, яғни мидың электрлік белсенділігінің кенеттен бұзылуы нәтижесінде пайда болатын күй.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген дерегінше, бүгінде шамамен 50 миллионға жуық адам эпилепсиямен өмір сүруде. Жыл сайын тағы 5 миллионға жуық адамға эпилепсия диагнозы алғаш рет қойылады. Эпилепсияның себептері мен оның адам өміріне әсері қандай? Заманауи медицина қандай ем түрлерін ұсынады? Осы сұрақтар төңірегінде арнайы материал дайындадық.
-
Түркияда 30-дан астам шенеунік Ыстамбұл мэрінің сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды
Түркия билігі Ыстамбұл мэрінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуінде «пара алу» және «бопсалау» баптары бойынша 47 шенеунікті тұтқындауға ордер берді, олардың 32-сі ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 маусымға арналған валюта бағамы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 1 маусымға валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.K
-
Тәтті еңбектің татымды нәтижесі
Ауылдағы кәсіпкер – елдің тұтқасы, ауылдың тірегі. Бүгінгі таңда мемлекет ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, еңбекпен елге үлгі болып жүрген жандардың бірі – Жасөркен ауылының тұрғыны Перизат Юсупова. Жұмыс арасында BAQ.KZ тілшісінің арнайы сауалына жауап беріп үлгерген кәсіпкер тірлігін көзбен көріп қайттық.
-
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Александр Бублик алғаш рет "Ролан Гаррос" турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның ашық чемпионатында алғаш рет төртінші айналымға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістан алғаш рет Пәкістан ұшағын атып түсіргенін растады
Үндістан Қорғаныс штабының бастығы Анил Чаухан алғаш рет Пәкістан әскери ұшағын атып түсіргенін растап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Адал еңбек – ардың айнасы
Оның жұмысы сырт көзге қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде бұл – тәрбие мен мәдениеттің бастауы. Тазалық бар жерде тәртіп бар, тәртіп бар жерде сапалы білім мен саналы ұрпақ қалыптасатыны сөзсіз. BAQ.KZ тілшісі тазалықшы кісінің еңбегіне үңілді.
-
Хамас палестиналық тұтқындарға айырбас ретінде кепілдегі 10 адамды босатуға келісті
Хамас лаңкестік ұйымы АҚШ-тың Газада атысты тоқтату туралы ұсынысына ішінара келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Deutsche Welle жазды.
-
Ауылдың адал ақ жолы
Өмірде ердің де, әйелдің де бейнетін бір өзі арқалайтын адамдар болады. Олар ешқашан тағдырға кінә артпай, кез келген қиындықты еңсеріп әкететін оптимист жандар. Сондай қайсар жанның бірі – пошташы Ғалия Жұмабекова. BAQ.KZ тілшісі осы бір жігерлі жанның өмір жолын көпке үлгі қылып көрсетпек ниетте тілдесіп қайтты.
Наверх