Все новости за 4 наурыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Астанада белгісіз біреулердің оғаш әрекеттері видеоға түсіп қалды
Астананың «Агрогородок» шағын ауданында белгісіз біреулердің оғаш әрекеті бақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді онлайн беруге болады
Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жасы 70-тен асқан 3 қартқа жүрек қақпақшасы сәтті имплантатталды
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында бірден 77, 76 және 71 жастағы үш егде жастағы пациентке заманауи қолқа қақпақшасы имплантатталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа егіннің 5,8 млн тоннасы экспортталды
"ҚТЖ "ҰК" АҚ деректері бойынша 2024/2025 жылдың қыркүйек – ақпан айларында 7,4 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде ел ішінде 1,6 млн тонна және экспортқа 5,8 млн тонна, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Украина келісімге дайын: бізден артық бейбітшілікті ешкім қаламайды – Зеленский
Украина президенті Украинаның бейбітшілікке деген ұстанымы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қонаевта бөлімге телефон алып кірген екі сарбаздың ісі қаралды
Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы әскери бөлімде көшпелі сот отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Резервтегі әскери қызмет: Қазақстанда жұмылдыру жүйесі қалай өзгереді?
2025 жылдан бастап Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі әскери қызмет пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Биатлоннан әлем чемпионатында ел құрамасының нәтижелері қандай
Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында масс-старт жарысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қарағандыда шенеунік мас күйде ұсталып 15 тәулікке қамалды
Қарағанды облысында жол полициясы алкогольдік масаңдық белгілері бар мемлекеттік қызметкерді тоқтатып, тексерістен өтуді ұсынды. Алайда азамат сараптамадан бас тартып, қымыз ішкенін алға тартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
100 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған жігіт ұсталды
Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сайлауға азаматтардың 9% қатысты
Батыс Қазақстан облысында өткен 6 ауыл, 1 кент және 1 қала әкімі сайлауында ең төмен белсенділік Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тіркелді. Шағын шаһарда 27923 сайлаушы тіркелсе, соның тек 2517-сі, яғни 9,01% ғана сайлауға қатысқан. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды.
-
Жаңбыр, қар жауады: алдағы күндерге ауа райы болжамы қандай
Қазгидромет Алматыда 5-7 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бала терезені аша алмаған". Бүтін бір отбасы мерт болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Маңғыстау облысында ерлі-зайыпты бес баласымен бірге ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК-ға сілтеме жасап.
-
Мектепке тиесілі жердің бір бөлігі үй салуға берілген
Оралдағы №15 мектептің жер учаскесі туралы оқиға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ұйқыны қалай азайтуға болады?
Ұйқы – Алла Тағаланың бұл әлемге қойған заңдылығы әрі адам баласына берген үлкен нығметінің бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сербия парламентінде депутаттар төбелесті
Сербия парламентінде (Скупщине) түрлі партиялар арасындағы депутаттар арасында төбелес орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Былтыр "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты қанша қонақ қабылдаған
2024 жылы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты 1,5 млн қонақ қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандық ұстаздардың жартысы 600 мыңға жуық айлық алады
Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінуде – олардың жалақысы қалалық әріптестеріне қарағанда, кемінде 25%-ға жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ауыз бекіткен адамдарға қыдыруға бола ма?
Биыл 8 наурыз әйелдер мерекесі оразаға тұспа тұс келіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бұрынғы ҚФФ президенті үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділет Барменқұловқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бейбіт Жұқаев ширек финалда бақ сынайды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Францияның Тьонвиль қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан". Жамбыл облысында экологиялық акциясы жалғасуда
Жамбыл облысында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасын табуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Газы бар көлік жарылғанда ішінде кішкентай бала қалып қойған
Қайғылы оқиға жеке тұрғын үйде болған. Газ қондырғысының салдарынан үй мен үй ауласында тұрған автокөлік жарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарызы бар адамдар ораза ұстай ала ма? Нұрлан имам жауап берді
Ораза айында биыл ең көп қойылған сұрақтың бірі - "Қарызы бар адамдар ораза ұстай ала ма?", деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Түркістандық оқушы әлемнің үздік 30 университетіне шақырту алды
Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы "Білім инновация" ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға қанша өтемақы төледі
"АльфаСтрахование" Embraer ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына байланысты авиациялық сақтандыру (авиакаско) бойынша толық өтемақы төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Интерфаксқа" сілтеме жасап.
-
Астанадағы автобус апатынан екі адам зардап шекті
Маршруттық автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Асыранды баланы өлтіріп, жәрдемақы алып отырған әже 21 жылға сотталды
Көкшетауда асыранды баланы өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қауіп бар": Қай облыстың тұрғындары су тасқынына дайын болуы керек
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше алдағы уақытта еліміздің 10 өңірінде су тасқыны болуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жолы болғыш отбасы лотерея ұтудың құпиясын бөлісті
Канаданың Онтарио провинциясында тұратын ерлі-зайыптылар 12 жыл бұрынғы жетістігін қайта қайталады, деп хабарлайды BAQ.KZ UPI басылымына сілтеме жасап.
-
Кафе официанты 13 млн теңгені қалтаға басқан
Абай облысында кәсіпкер шотынан 13 миллион теңге ұрланған. Қазірде күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалімдерге 8 наурызға сыйлыққа ақша жинауға бола ма
Шымкент қаласының Білім басқармасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма?
Ораза ұстаушылар үшін сәресі – күндізгі аштыққа төтеп беруге көмектесетін маңызды ас. Дегенмен, кейде адам ұйықтап қалып немесе басқа себептермен сәресін өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның даңқты боксшылары Мәскеуде дайындалып жүр
Қыздар боксынан Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама Мәскеуде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қанша адам тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер алады?
Мегаполисте 2 мың азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтерлер алды. Оның ішінде 404 пәтер жетім балаларға бөлінді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
20 млрд еуро: Венгрия Украинаға ақша бөлінуіне тосқауыл болды
Еуропалық Одақ Украинаға 20 миллиард еуро көлеміндегі жаңа әскери көмек жоспарын әзірлеуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Politico баслымына сілтеме жасап.
-
Трамптың Қытайға қарсы саясаты елімізге әсер ете ме?
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды тілшісі.
-
Мемлекеттік гранттар мақсатсыз жұмсалған
БҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы 5 жылда жасалған талдау қорытындысы осындай. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Балалар үйінің ғимараты бизнесмендерге сатылғаны рас па?
Әлеуметтік желілерде Алматы облысының №1 балалар үйінің ғимараты мен жері бизнесмендерге сатылып, тәрбиеленушілер Қонаев қаласына көшірілетіндігі жайлы ақпарат тараған еді.
-
Бала күтімі жәрдемақысы 3 жасқа дейін төленбек – миф пе, шындық па?
Қоғамда бала күтімі бойынша берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 3 жасқа дейін ұзарту мәселесі қызу талқыланып жүр. Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен жауап алды.
-
Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады
Облыс әкімінің баяндамасында келесі мәселелер айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
АЭС салу үшін бірнеше несие алынады
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов атом электр станциясының (АЭС) құрылысы қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілші.
-
Жетісуда 32 инватакси қызмет көрсетеді
Мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамның бір бөлігі. Оларды қолдау мақсатында облыста 32 инватакси қызмет көрсетуде. Оған қоса жыл сайын мүгедектігі бар жандар керекті техникамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Айбек Смадияров Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығыс Қазақстанда 2,5 млрд теңге жымқырған басшылар ұсталды
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқыру, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату фактілері бойынша "Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік-жекеше әріптестік аймақтық орталығы" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Темір тұлпардың "дәрігері" – автокөлік жөндеуші
Қоғамда әр мамандықтың өз орны бар. Бірі білім берсе, енді бірі емдейді, ал үшіншілері адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге үлес қосады. Солардың бірі – көлік жөндеушілер, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімдердің жалақысы қалай өсті?
Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында шамамен 400 мың педагог қызмет етеді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы біліктілік санаттары үшін қосымша үстемеақы алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жас жұбайларға ата-ана болу үшін арнайы курстан өту міндеттелуі мүмкін
Қазақстанда ата-аналарды оқыту жүйесін заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Неге қажетсіз іс-шараларға миллиондар жұмсалады? – министр жауабы
Елімізде неге имидждік іс-шараларға миллиондаған қаражат жұмсалады? Бұл сұраққа Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар мен мұғалімдерге қандай сыйақы беріледі
Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен ұстаздарына ақшалай сыйақы беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп Украинаға әскери көмекті тоқтатты, Германияда тағы да көлік адамдарды басып кетті
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
Үкімет үй құрылысына 500 млрд теңге бөледі. Кімге және қалай?
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде 19 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ағылшын және орыс тілі мұғалімі керек: Қай өңірде педагогтерге бос орын бар?
Елімізде мұғалім тапшылығы бар өңірлерге педагогтерді тарту және тиісті қолдау көрсетуге бағытталған "Арнаулы бағдарлама" іске асып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылыс саласында жемқорлық жойылған –экс депутат
Бұл туралы жақында ғана Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған экс-депутат Руслан Берденов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бизнеске ұзақ мерзімді несиелер жетіспейді – Бектенов
Қазақстанда инвестициялық жобалар бюрократияның кесірінен тежеліп, банктер нақты секторға несие беруге құлықсыз. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бес баланың әкесі өрттен аман қалды
Шымкентте қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып, ес-түссіз жатқан адам аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Ресейге салынған санкцияны жеңілдетпек
тоқтатуға ұмтылғандықтан, Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету жоспарын әзірлеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
20 жастағы қазақстандық 700 доллар сыйақы алды
20 жастағы Қазыбек Нөгербек Канн қаласында (Франция) өткен Festival International des Jeux 2025 өкілді шахмат турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық әйелдер 8 наурызға 7 864 теңге алады
Бұл бір реттік әлеуметтік төлемдер көпбалалы және мүгедіктігі бар аналарға арналған. Маңғыстау облысы әкімдігі 8 наурыз мерекесіне орай арнайы қаржылай көмек бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
"Беделімізге әсер етеді". Бектенов ескі вокзалдардың мәселесін айтты
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министріне вокзалдардың құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі – Жұманғарин түсіндірді
Қазақстанда бизнесті қаржылай қолдау жаңа деңгейге көтеріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
15 кг "гашиш" есірткі сатпақ болғандар ұсталды
Ақпанда ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұмыс уақыты мен үстеме еңбек ақысы қалай есептеледі? Сарапшы түсіндірді
ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлы жұмыс уақытының реттелуі мен үстеме еңбекке ақы төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.
-
Шарлапаевтың орнына келген министр ант берді
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалған Ерсайын Нағаспаев ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады
Алматыда педагогикалық және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жолда қалған 21 адам құтқарылды
Жамбыл облысы Жуалы ауданы "Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған" автожолының Құренбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Трамп Канада мен Мексикаға 25% салық салынатынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбіден бастап Канада мен Мексикаға қатысты жаңа салық енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аяғы жұлынып қалған: Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кетті
Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кетіп, күрделі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында перзентханада көз жұмған ана мен сәбиге қатысты тың дерек шықты
Абай облысында босану кезінде сәбиімен бірге көз жұмған 34 жастағы әйелдің өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сүйіп, тұншықтырған: Мұғалім 9 жастағы оқушыға тиіскен
Ташкентте сурет пәнінің мұғалімі 9 жастағы оқушы қызға тиіскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
-20 градус аяз: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
4 наурызда еліміздің ірі үш қаласы мен 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Бір қалада ауа ластанады
4 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Әлемдегі ең қауіпсіз компанияның ұшағы апатты жағдайда қонды
Австралияның ірі әуе компаниясы Qantas-қа тиесілі Boeing 737 ұшағы Сидней әуежайында ұшқыштардың кабинасының түтіндеуіне байланысты шұғыл қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зерттеу: Адамдар неше жасында бірден қартайып кететіні белгілі болды
Халықаралық ғалымдар тобы адам өмірінде организм бірден молекулалық өзгеріске ұшырайтын екі жас шегінің бар екендігін дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ватикан: Рим папасының жағдайы күрт нашарлады
Рим папасы Францисктің жағдайы күрт нашарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Зеленский соңғы жайтқа өкінетінін айтсын": Ақ үй шарт қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің арасындағы келіссөздерді қайта өткізу үшін Ақ үй қарсы тарапқа қандай шарты бар екенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Туристер көп баратын елде қатты жер сілкінісі болды
Индонезияның Серам аралында магнитудасы 5,4 балға жеткен жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қауіпті инфекция: Ақтөбеде сиырлар жаппай қырылып жатыр
Ақтөбе облысында үй жануарлары арасында қауіпті инфекцияның таралуы салдарынан карантин енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх