Все новости за 13 шілде 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Испанияда жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында жаппай қақтығыстар болды
Испанияның оңтүстік-шығысындағы Торре-Пачеко қаласында жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында жаппай қақтығыстар орын алды.
-
ЕО тамызға дейін АҚШ-қа қарсы баж салығын енгізбейді
Еуропалық одақ (ЕО) АҚШ-пен сауда дауын шешуге үміттеніп, 1 тамызға дейін америкалық тауарларға қарсы баж салығын енгізуді кейінге шегерді.
-
Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен турист құтқарылды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Шарын шатқалында Қостанай облысынан келген турист жыраға құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.
-
Құламбаева Гамбургтегі WTA турнирінің іріктеу финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияда өтіп жатқан WTA 250 санатындағы Hamburg Ladies Open турнирінің іріктеу финалына шықты.
-
Атыраудағы бассейнде 14 адам хлордан уланған: қылмыстық іс қозғалды
Бүгін, 13 шілде күні Атырау қаласындағы бассейндердің бірінде хлормен улану фактісі тіркелді.
-
Қостанай облысында үш адам мінген автокөлік суға батып кетті
Қостанай облысында жол апаты салдарынан үш адам мінген көлік өзенге батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Оқиға 10 шілде күні Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Қарынсалды ауылының маңында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша жолаушылар көлігі Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.Алдын а
-
Сингапурде су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтуде
2025 жылдың басты спорттық шараларының бірі – World Aquatics Championships – Singapore 2025 Сингапурда жалауын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бала тілі неге кеш шығады?
Баланың тілі уақытында шықпауы – кез келген ата-ананы алаңдататын мәселе. Мамандар бұл құбылысты ішкі және сыртқы екі түрлі фактормен байланыстырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Едіге Қасымбек еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Едіге Қасымбек 18 жасында еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшы Едіге Қасымбек ел қоржынына алтын жүлде салды.Финалда қазақстандық балуан моңғолиялық спортшы Нагантулга Дармаабазармен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
-
Астанада бірнеше көше жабылады
Астана қаласында 13–16 шілде аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бірқатар съездер уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымы
-
14 шілдедеге арналған ауа райы болжамы
14 шілде күні еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, дауыл, бұршақ және аптап ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты мына аймақтарда жаңбыр мен найзағай болады:Батыс Қазақстан, Солтүстік-батыс, Солтүстік облыстар, Шығыс Қ
-
Ер адам Жайықта батып кете жаздады
Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды ТЖМ әскери қызметшілері құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальонының әскери қызметшілері Ералы Климов және Айсұлтан Насыров, Орал қаласының шетінде Жайық өзенінде парульдеу кезінде батып бара жа
-
Құтқарушылар өрт кезінде 6 адамды эвакуациялады
Оралда тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында электр қалқаны жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан 6 адамды эвакуациялады.Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
-
Қостанай облысында үш адам мінген көлік суға батып кетті
Арасында кішкентай бала да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.Оқиға Амангелді ауданындағы Қарынсалды ауылының маңында болған.Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
-
ҚПЛ төрешілері келісілген ойынға қатысы болуы мүмкін
Тимур Кумашев пен Георгий Чеховский маусымның соңына дейін жұмысынан шеттетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» - «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне бай
-
5 жылдан кейін Қазақстанда әрбір 5-тауар онлайн сатып алынады
Пәкістан Ислам Республикасында өтіп жатқан "Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу" халықаралық саммиті аясында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейрбаева цифрлық сауда саласында қ
-
Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, құрлықтық дода осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік осал топтарға несие жеңілдігі берілмек
Қазақстанда әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге арналған несие төлеуді кейінге шегеру туралы жоба дайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында ҰҚК-нің жаңа ғимараты ашылды
Мұғалжар ауданында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары күніне орай аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«СҚ-Фармация»: Дәрілер енді ай сайын берілетін болады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес Ақмола облысына жұмыс сапары аясында пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі проблемаларды шешу бойынша жедел әрі жүйелі шаралар қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде жасөспірім суға батып кеткен
Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніне биыл 8-сыныпқа көшкен оқушы суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД қызметкерлері, оның ішінде дрон және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады
АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан астам уақыт өткен соң табиғи апаттан қаза тапқандар саны кемінде 129 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл Қонаевқа 1,5 миллион турист келуі мүмкін
Биыл жазда Қонаев қаласы еліміздің ең танымал туристік бағыттарының біріне айналып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында 7 теміржол вокзалы жаңартылады
Мұғалжар ауданына жұмыс сапары аясында өңір басшысы Асхат Шахаров жергілікті теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл нысан – өңірдегі вокзал шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобаның басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балқашқа шомылған әйел суға кете жаздады
Әйелді ағыс алып кеткен. Құтқару шеңберіне жетуге тырысқан, алайда ағысқа қарсы жүзуге шамасы жетпей, қалып қойған. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада бос жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді
Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін – балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Қазақстанда шілде айының екінші жексенбісінде жыл сайын Балық шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Букреев шыңында құтқару операциясы: құтқарушылар балаға көмек көрсетті
Түнде Букреев шыңына (3010 м) шыққан туристер тобының ішінде үш бала болғаны және солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азық-түлік өндірісі 180 млрд теңгеге жетті
Биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында 180 млрд теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді (2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында – 154,5 млрд теңге), деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда күн күрт бұзылуы мүмкін
13 шілдеде еліміздің 16 өңірі мен Астанада найзағай мен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алакөл жағалауы тексерілді: Бірқатар кемшіліктер анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған Үкімет делегациясы құрамында Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курортты өңіріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні
Жыл сайын 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні аталып өтеді. Бұл — егемендігімізді, тұрақтылықты және ұлттық мүддені қорғап жүрген жандардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысы 500 мың турист қабылдауды жоспарлап отыр
Қарағанды облысында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылады, туристік маршруттар желісі кеңейтіледі, жаңа туристік нысандар ашылады және инвесторлар тартылады. Негізгі назар Балқаш курорттық аймағы мен Қарқаралы ауданының табиғи ландшафтарына шоғырланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ришат Хайбуллин – спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер
Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің сайтына сілтеме жасап.
-
Сіз білесіз бе? Тоңазытқышта сақтауға болмайтын жеміс-жидек пен көкөніс
Барлық жеміс-жидек пен көкөністі тоңазытқышқа тоғыту дұрыс емес. Жеміс-жидек пен көкөніс тоңазытқышта ұзақ сақталады деген түсінік бар. Алайда бұл бәріне бірдей қолданылатын ереже емес. Кейбір өнімге төмен температура кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парижде Жаңа Каледония мемлекетін құру туралы келісімге қол жеткізілді
Жаңа Каледония Франциямен байланысын сақтай отырып, мемлекетке айналады. Париж маңында тараптар толық тәуелсіздіксіз автономияны қарастыратын мәртебеге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.
-
"Қарасора – 2025": Түркістан облысында 63 құқық бұзушылық анықталды
Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 220 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Орман өрті: Үлкен каньонның бір бөлігі жабылды
АҚШ-та Аризонадағы Үлкен Каньон ұлттық саябағының солтүстік бөлігі жабылып, дала өрттеріне байланысты Колорадодағы Ганнисонның Қара каньонына кіру уақытша тоқтатылды. Жүздеген турист пен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW сайтына сілтеме жасап.
-
Әзербайжан Сирияға газ жеткізеді
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Сирия президенті Ахмед әл-Шараа Бакуде өтпелі кезеңде Сирияға газ жеткізуге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Әзербайжан президенті әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 13 шілдеде еліміздің бірнеше қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Күміс жас" жобасы бойынша 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды
Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл соңына дейін 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Амман көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінің Ж.Ташенов көшесінен Шарль де Голь көшесіне дейін жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"eGov.kz" электронды үкімет порталы толықтай жаңартылады
eGov.kz электронды үкімет порталы толықтай жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертіс арқылы өтетін көпірдің құрылысы қарқынды жалғасуда
Павлодар облысында республикалық маңызы бар “Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы” автожолының 1381 шақырымындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх