Все новости за 2 сәуір 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Абайлаңыз: алаяқтар жаңа айла тапты
Киберқылмыскерлер қазақстандықтардан ақша бопсалаудың күн сайын күрделі әдістерін меңгеруде. Бұл жолы шабуылдаушылар Telegram мессенджерінде «шеңберлер» деп аталатын танымал бейне форматты қолдануға көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ aqparatsaqsysy сайтына сілтеме жасап.
-
Трамп бірер аптада тағы бір елге соғыс ашады
АҚШ пен Израиль бірнеше аптадан кейін Иранның ядролық нысандарын бомбалауды бастауы мүмкін. Бұл туралы Daily Mail бірнеше израильдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелдер мен балалар есірткімен ұсталды
Елімізде үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы анықталып, жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір жарым айда анықталған тыйым салынған контенттің 87%-ы жойылды – Балаева
TikTok-тағы заңсыз контентті жою – кезек күттірмейтін іс. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева @qogamnews Telegram-арнасына берген сұхбатында TikTok-тағы заңға қайшы контенттерді жою бойынша ынтымақтастық әрекеттердің нәтижесін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мәлімдеме жасады
Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) мен 2026 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің бірлескен семинары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Темір тордың ар жағындағы тігіншілер
Тігін цехында еңбек етіп жүрген жазасын өтеушілерге бұл жұмыс – тек күнкөріс көзі ғана емес, сонымен қатар қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік.
-
ДДСҰ басшысы: Жаңа пандемияға "ертеңнен бастап" дайындалуымыз керек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде жаңа пандемияның пайда болу мүмкіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында өрт сөндіру станциялары қашан салынады?
Ақтөбе облысындағы орман шаруашылығы мекемелеріне өрт сөндіру станциялары керек.
-
Сенімді ақтамаған 2 астаналық қамалды
Сенімді ақтамаған екі Астана тұрғынының бас бостандығын шектеу жазасы нақты мерзімге ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
3 жасар қыз 3800 жылдық қазынаны тауып алды
Шетел басылымының мәліметінше осы айдың басында Израильдің оңтүстігінде отбасылық серуен кезінде кішкентай қыз көне қазынаны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды
Петропавлда сәуірдің 2-сіне қараған түні құқық қорғау органдарынан бой тасалаған жас жігіт ұзақ уақыт суда жасырынып, ауыр гипотермиядан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы тағайындалды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балалардың әткеншегіне отырған келіншек көмек сұрады
Балалардың әткеншегіне отырып, орнынан шыға алмай қалған келіншек құтқарушылардан көмек сұрады.
-
Нұрғиса Тілендиев туралы қызықты деректер
Қазақ халқының рухани қазынасын байытқан біртуар тұлғалардың бірі – Нұрғиса Тілендиев.
-
Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатыр
Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ердоғанның қарсыласы Имамоғлыға қанша адам жақ?
Бүгінгі таңда студенттер Ердоғанның билігіне қарсы наразылық назарылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Jerusalem post-қа сілтеме жасап.
-
ІІМ "Таразда балға ұстаған маньяк жүр" дегенге пікір білдірді
Жамбыл облысында мессенджерлерде "Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр" деген ақпарат тарады.
-
Ақтөбеде электр энергиясының бағасы тағы да қымбаттады
Ақтөбе облысында 1 сәуірден бастап электр энергиясының орташа тарифі 15,5%-ға қымбаттап, 38,86 теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оңтүстік Корея президентінің тағдыры 4 сәуірде шешіледі
Оңтүстік Кореяның уақытша президенті елді сабыр сақтауға және қауіпсіздікті нығайтуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters -ге сілтеме жасап.
-
Қосшыда "Таза Қазақстан" акциясы аясында облыстық экологиялық сенбілік өтті
Іс-шараның негізгі мақсаты - қала тұрғындары, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы Орталық саябақтан өрт шықты
Қызыл жалын жедел ас дайындау дүңгіршегінен шыққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек". Мүфтияттың зират орнатудағы тәртібі қандай
BAQ.KZ редакциясы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) марқұмдарға арналған зираттың шариғатқа сай үлгісіне қатысты ресми сауал жолдаған еді.
-
Қазақстанда жаңа eGov іске қосылады. Министр ескіден ерекше болатынын айтты
Елімізде алдағы уақытта жаңа eGov платформасы жұмысын бастайды.
-
"Қытай мен Ресей – мәңгілік достар, ешқашан жау болған емес": ҚХР сыртқы істер министрі
Қытай мен Ресей – "мәңгілік достар, ешқашан жау болған емес", деп мәлімдеді Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Мәскеуге жасаған сапары барысында, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Студенттерге заң мен тәртіп қағидаттары түсіндірілді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Kozybayev University студенттеріне "Адалдық сағатын" өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бағасы төмен": Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Қазақстан тұрғын үй компаниясы 2025 жылғы 7 сәуірден бастап жаңа “Орда Аймақ” ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жәнібек Әлімханұлы ашық жекпе-жек өткізді
5 сәуір күні Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге арасындағы жекпе-жек Астанада «Барыс Аренада» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр
Бұл туралы Мемлекет басшысы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдауы барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қарттар үйіндегі қариялар зейнетақы алып жүр ме
Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай қарттар үйіндегі қариялардың жай-күйін айтып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Саяси сахнада жаңа сценарий: Ердоған Имамоғлысыз сайлау өткізе ме?
Философия ғылымының кандидаты, халықаралық сарапшы Жанат Момынқұлов Түркиядағы Ердоған мен Имамоғлы арасындағы шиеленісті билікке талас деп бағалайды.
-
Алматының орталығы жарықсыз қалды
Алматыдағы Байтұрсынов көшесі, Қарасай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Абай даңғылы, Төлеби көшелері жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу өнерпаздары Нұрғиса Тілендиев ескірткішіне тағзым етті
Талдықорғанда жергілікті өнерпаздар әйгілі компазитор Н.Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, мұрасын жаңғыртты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жүк көлігі 7 жасар баланы қағып, мерт қылды
Жаяу жүргіншілер өткелінде кетіп бара жатқан жеті жасар қызды жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Департамент басшысы 2,5 млн теңге жалақыны кімге жазып берген
Департамент басшысы 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап.
-
"Бізді үлкенді құрметте деп тәрбиеледі". Депутат қазіргі жастардың тәрбиесіне алаңдаулы
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Теміртауда қарияны ұрып-соққан балалардың әрекетін сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бес телефон мен 5 л ішімдікті түзеу мекемесіне өткізбек болған
Тыйым салынған заттар арасында тағы бес SIM-карта мен Wi-Fi роутері де болған.
-
Депутат: Оларға Қазақстанның жақсарғаны емес, шайқалғаны пайдалы
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке жолдаған сауалында ішкі саясатымызға араласып жүргендер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ер адам жер сілкінісінен қаза тапқан 170 туысын жоқтайды
Өткен жұма күні Мьянмадағы Сагаинг қаласында жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі салдарынан 2700-ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
"Аталар мен апалар": Зайытов егде жастағы күзетшілерге шағымданды
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов театр, кітапхана, музей сияқты нысандарды аталар мен апалар күзетші болып отырғанын айтып, наразалық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 10-нан көп SIM-карта алатындар бақылауға алынбақ
Қазақстанда бір адамға тиесілі SIM-карталар санын шектеу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарияны ұрған балалар үшін мұғалімдері жауапқа тартылады
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Теміртауда қарияны ұрған балаларға қатысты оқиға жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бұл не сұмдық?!" депутат туға арабша жазғандарға қатысты дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында салт-дәстүрлерімізге шабуыл толастамай тұрғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Құрылыс министріне нақты тапсырмалар берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қай өңірлерде нөсер жаңбыр жауады?
Циклон Қазақстанға күшті жаңбыр әкеледі. Синоптиктер 3, 4 және 5 сәуірде Қазақстанда ауа райының қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы ең ірі екі компания бірігетін болды
Мәжіліс инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жер қойнауын игерудің ашықтығы "бірыңғай терезе" арқылы қадағаланады
Бүгін осы мәселеге қатысты заң жобасы Мәжілісте қаралды. Оны Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тимур Турлов енді Дональд Трамптан байырақ
Forbes мәліметінше, 2024 жылы Тимур Турлов пен Дональд Трамптың әрқайсысының байлығы 4 миллиард доллардан аз болса, 2025 жылы олардың капиталы 5 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақша ChatGPT шығады. Оның айырмашылығы қандай?
BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі KazLLM тілдік моделінің мақсаты мен мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсынды.
-
Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады
Күнтізбеге сәйкес, биыл мамыр айында Қазақстанда 3 мемлекеттік мереке бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Денесі жертөледен табылған анаға қатысты министрлік мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жамбыл облысы Шу аудандық емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткі сатумен айналысатындар қандай отбасыдан шығады?
Есірткі таратумен айналысатындар тек сәтсіз отбасыдан шықпайды. Ақтөбелік полицейлер осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пхукетте қазақстандық азамат қаза тапты
1 сәуір күні Таиландтың Пхукет қаласында болған жантүршігерлік жол апатында Қазақстан азаматы көз жұмды.
-
Алматыда шошқа тұмауының 127 жағдайы тіркелді
Өткен аптада қалада ЖРВИ, тұмау ауруларының 7129 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Таиландта оқыс жағдайға тап болған Қазақстан азаматтары көмек сұрады
Таиландта қайықтағы жарылыс салдарынан Қазақстанның төрт азаматы зардап шеккен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кей адамдар нумеролог кеңесімен туған күндерін өзгертіп жатыр
Кейбір қазақстандықтар нумерологтардың кеңесімен құжаттарындағы туған күндерін ауыстырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Сабақ болады". Депутат арабша жазуы бар тумен фотоға түскен қыздар туралы пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан арабша жазу жазылған Қазақстан туымен суретке түсіп, оны әлеуметтік желі арқылы таратқан төрт қыздың фотосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақордада ауыс-түйіс болды: Кім кетіп, кім келді?
Президенттің өкімімен Ақордада ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Роналду Реал Мадрид сапына оралуы мүмкін
"Аль-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду бұл жазда "Реалға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Sky Sports-қа сілтеме жасап.
-
Байқоңыр кешенінен Қазақстан бюджетіне қанша пайда түседі?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Байқоңыр кешенінің жалға берілуі мен одан түсетін кіріс туралы мәлімет берді.
-
+20 ыстық болады: бүгінге ауа райы болжамы
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша сәрсенбі, 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазгидромет" Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Туристер жер сілкінісінен кейін Таиландқа баратын турларды жаппай тоқтатып жатыр
Жер сілкінісінен кейін туристер Таиландқа баратын турларды жаппай тоқтатып жатыр, деп хабарлайды Reuters ірі қонақүй желілеріне сілтеме жасап. Соңғы бірнеше күнде онда мыңнан астам брондау тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда алты қабатты ғимарат өртенді
Алматы қаласы өрт сөндірушілері Жетісу ауданы, Новгородская көшесі бойында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2 сәуірге арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамптың талабы таусылар емес: Зеленскийге тағы айып тақты
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президентін екі ел арасында осы аптаның басында келісіледі деп күтілетін пайдалы қазбалар жөніндегі келісімді «қайтаруға тырысты» деп айыптады. Ол Владимир Зеленский келісімге қол қоймаса, "үлкен проблемаларға" тап болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
-
Көрші елден ірі мұнай кен орны табылды
Мұндай ақпаратты Қытай ұлттық теңіз мұнай корпорациясы CNOOC мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сегіз адам ғана қалған аралда жанартау атқылай бастады
Исландияда елдің оңтүстік-батыс жағалауындағы шағын балықшылар қалашығы Гриндавик аймағында жанартау атқылай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушылар жазғы каникулға қашан шығады
Қазақстандық мектептердегі төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алтын бағасы аспандап барады
Алтын бағасы төртінші сессия қатарынан көтерілді. Күміс те оң динамика көрсетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Келіссөз кері кете ме: Ресей АҚШ-тың ұсынысын қабылдай алмайтынын мәлімдеді
Ресей АҚШ-тың Украинадағы соғысты тоқтату туралы ұсыныстарын қазіргі қалпында қабылдай алмайды, өйткені олар Мәскеу қақтығысқа себеп болды деп есептейтін мәселелерді шешпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанда фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
Мемлекеттік кірістер комитеті нақты шығын мен кірісті салыстыру мақсатында ірі премиум санатындағы фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2700-ден асты
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны қазірдің өзінде 2719-ға жетті, қаза тапқандар саны 3000-нан асуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Қытай орталық телеарнасы Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлаингке сілтеме жасап.
-
Адамды өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген
Қайғылы оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында “Home Club” демалыс аймағында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Наверх