Все новости за 27 наурыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ыстамбұлдағы наразылық шеруі туристерге тосқауыл болды ма
Ыстамбұлдағы наразылықтарға байланысты туристерге арналған экскурсиялар тоқтатылып, демалушылар уақытының көп бөлігін қонақүйлерде өткізуге мәжбүр. Бұл туралы қазақстандық турагенттер айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
-
Қызыл теңізде туристік батискаф су түбіне кетті
Хургада маңындағы Қызыл теңізде демалыс үшін арналған батискаф суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кетті
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Риддерде жас жұбайларды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
140/140: ҰБТ-дан ауыл баласы абсолютті рекорд орнатты
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Толқын орта мектепте» КММ студенті Санжар Қуандықов наурыз айындағы ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бизнес серіктесін өлтірген қазақстандық Ресейде ұсталды
Құқық қорғау органдары Павлодарда кісі өлтірген күдіктіні Ресей Федерациясында анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Былтыр жапа шектік, биыл да қорқып отырмыз". Атырау халқы үрейлі
Атырау облысындағы Жем өзенінің деңгейі көтеріліп барады.
-
Академиктер "Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ-ны таратуға дауыс берді
Бүгін Алматыда 2003 жылы қоғамдық ұйым ретінде құрылған «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты
Оңтүстік Кореяда жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан Қазақстан азаматтары болуы мүмкін төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Korea JoongAng Daily-ге сілтеме жасап.
-
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты
2024 жылы Қазақстан халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Казинодан 4 млн теңгеден астам ұтыс ұтқан әке алименттен жалтарып жүр
Алимент бойынша борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Салық берешегін төлеуге асықпайтын темір тұлпар иелері артып келеді
Атырау облысындағы автокөлік жүргізушілері салық берешегінен құтылуға асықпайды. Қазір облыстағы 3147 адам мемлекет алдындағы міндетті төлемді аудармаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бикен Римова театры академиялық театр атана ма?
Биыл Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының құрылғанына 50 жыл. Өнер ордасы академиялық театр мәртебесіне әбден лайық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бостандығын бағаламаған 19 адам қайта қамалды
Қызылордада пробация есебіндегі 19 сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны – 2025. Бозымбаев батыс өңірдегі ауылдардың жағдайымен танысты
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Құлсары қаласы, Атырау және Ақтөбе облыстарына қарасты ауылдарындағы жағдаймен танысты.
-
"Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет": Жетісу облысының даму қарқыны қандай
"Жетісуда экономикалық ахуал көтеріліп, ауылды аймақтарға көбірек көңіл бөліне бастады. Бұл «Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет» тұжырымдамасының бір нәтижесі" дейді облыстық мәслихат төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда "Бизнестегі пластиксіз күн" акциясы өтті
"Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында Эко-хабпен бірге ұйымдастырылған "Бизнестегі пластиксіз күн" экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шешем әкемнің меншігі болды: Психоаналитик әйелді соққыға жығу себебі туралы айтты
Кей еркектің жұбайына меншігі секілді қарап, соққыға жығуының түпкі себебі қандай болуы мүмкін екенін психоаналитик Шолпан Мықтыбектен сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Туды қорлағандар неше теңге айыппұл төлейді
BAQ.KZ редакциясы рәміздерді қорлағандарға қандай айыппұл салынатынын еске салуды жөн көрді.
-
Қазақстан халқының саны 2050-де қаншаға жетеді?
Сенаттың комитет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин халық санының өсуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Күдіктілердің екеуі жасөспірім: Атырауда туға қатысты даулы сурет бойынша тергеу басталды
Әлеуметтік желілерде Қазақстан туына ұқсас, бірақ Сауд Арабиясының элементтері қосылған жалауды ұстап тұрған адамдардың суреті тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ерлі-зайыптылар ажырасқанда мүлік, ипотека және қарыз қалай бөлінеді
Ажырасу – еліміздегі ең өзекті әлеуметтік мәселенің бірі.
-
Ақтөбелік полицейдің неден көз жұмғаны белгілі болды
Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан ақтөбелік полицей денсаулық жағдайына байланысты көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қамқорлық көрмеген қариялар баласынан алимент өндіріп ала алады
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев депутаттардың сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алдағы күндері қай өңірлерде қар жауады
Қазгидромет Алматы мен Астанада 28-30 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атыраудағы жан түршігерлік апаттан 3 адам қаза тапты
Атырау облысында жол апаты болып, соқтығыс салдарынан 3 адам қаза тапты. Түрлі дене жарақаттарын алған өзге 2 адам дереу облыстық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бір шыныаяқ кофеден де арзан". Италияда 540 теңгеге үйлер сатылып жатыр
Италияда бір еуроға сатылып жатқан көне үйлер бүкіл әлемнің қызығушылығын турдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Mail-ға сілтеме жасап.
-
Сауалнама нәтижесі: Елдегі өзгерістерге халық қалай қарайды?
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің дамуын дұрыс бағытта деп санайды.
-
Үкімет депутаттардың жыныс ауыстыру туралы сұрағына жауап берді
Премьер-министр Олжас Бектенов жынысты хирургиялық түзету және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда шетелдік маркетплейстер салық төлемесе бұғатталуы мүмкін
Қазақстанда қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша жаңа талаптар енгізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 19 жастағы қыздың денесі табылды
Мегаполистегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінен 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ футболындағы былық: Желге ұшқан 3 млрд теңге анықталды
Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сәуірде қанша күн демаламыз?
2025 жылдың сәуірінде Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан бұл айда демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Интернетте кәмелетке толмағандардың порнографиясын сатқандар ұсталды
Интернет желісінде кәмелетке толмағандардың порнографиясы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Наурыздың аяғы мен сәуірдің басы: қызыл аймақтағы өңірлер аталды
BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына жауап берген Қазгидромет мамандары көктемгі су тасқынына қатысты соңғы жағдайды мәлімдеді. Кейбір облыстарда қауіп сейілсе, өзге өңірлерде тасқынның шарықтау шегі әлі алда.
-
Қазақстан мен Армения арасында қай салада байланыс артады?
Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанаға аймақтардан әскерилер келе бастады
Құрлық әскерлері "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан бойынша айт намазының кестесі белгілі болды
Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада Қадір түні қалай өтті?
Қадір түні биыл наурыздың 26-нан 27-не қараған түнге сәйкес келді. Елордадағы бас мешітке жиналған тұрғындар саны шамамен 25 мың болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорғанда оқушылар арасында 5 суицид тіркелген
Жалпы жыл сайын жетісулық білім мекемелерінде ондаған суицид оқиғасы болады.
-
АҚШ тарифтері жаһандық экономикаға қауіп төндіруде – экономистер
АҚШ-тың тарифтік саясаты әлемдік экономикаға айтарлықтай қауіп төндіруде. Сарапшылар бұл шаралар инфляцияны күшейтіп, жаһандық өсімді баяулатып, халықаралық сауданы тежейтінін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Легионерлер мен федерациялар. Спорттан үнемделген қаражат қайда жұмсалмақ?
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спорт саласынан үнемделген қаражат қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жоғары өңделген тауарлар үшін салық жеңілдіктері қарастырылған - Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-ға барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді
Бүгін Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ театрлары шетелдерге көбірек шығу керек – Әділ Ахметов
Театр – адамның рухани әлемін байытатын, мәдениетінің тереңдігін көрсететін өнер түрі.
-
Ел спортында қанша легионер бар?
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев легионерлер Қазақстан азаматтығын алғысы келсе, оған тыйым салынбайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Радикал ағымдағы спортшылар қалай тексеріледі? – министрлік түсіндірді
Спорттағы дін мәселесіне қатысты "Жол картасы" қалай жұмыс істейді? Бұл сұраққа Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың сарбаз жіберді, Германия Трампқа жауап бермек
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
"Бәрі аяқталады": Зеленский мәлімдеме жасады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге қарата мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді
27 наурызда бүкіл әлемде барша театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік театр күні аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп импорттық көліктерге 25% баж салығын енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп шешімнің 2 сәуірде күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ CBS News-ке сілтеме жасап.
-
Той салығы. Салық комитеті кімді тексеретінін түсіндірді
Мемлекеттік кірістер комитеті қоғамда қызу талқыланып жатқан той өткізгендерге салынатын салық туралы мәлімдемені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
МӘМС жүйесіндегі заң бәріне бірдей емес пе? – Аймағамбетов түсіндірді
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азамат пен жұмыс беруші жарна төлемесе - бірден жүйеден шығарылады. Ал мемлекет төлемесе - ештеңе болмайды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов осы әділетсіздікке назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"28 жыл қозғалмай отырған". Вице-министр спорт мектептеріндегі былықты атады
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев неге спорт мектептеріне ротация институтын енгізу керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Белгілі ұстаз мектепте телефон пайдалануға шектеу қоюды ұсынды
Qazbilim group компаниясы басқарма төрағасы, ұстаз Аятжан Ахметжанұлы жасанды интеллект пен оқу процесі жайлы айтып, өзінің ұсыныстарын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіледі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру әрекеті бойынша жүйелі шаралар қабылдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауырып қалған қызметкерге жұмыс орны 100 мың теңге төлеуге міндетті
ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің басқарма басшысы Талант Ерманов ауырып қалған қызметкерге жұмыс орны төлемақыны қалай төлейтінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздегі валюта бағамы тағы өзгерді
Ұлттық банк 27 наурызға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 184 жылдан бері бала оқытып келе жатқан мектеп бар
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 100 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеп келе жатқан мектептердің педагогикалық ұжымдарымен онлайн форматта кездесіп, сұқбаттасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш облыста көлік қозғалысы шектелді
Бұл туралы "Қазавтожол" Телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да 4 тонна шөп өртенді
Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Макрон Зеленскийге: "2 млрд евро береміз"
Франция мен Украина президенттері Эммануэль Макрон мен Владимир Зеленский «ниеттестер коалициясы» саммитінің алдында Парижде кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ең қорқынышты": Оңтүстік Кореяда өрттен қаза тапқандардың саны күрт артты
Оңтүстік Кореяда күшті орман өртінен қаза тапқандар саны кем дегенде 24 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кір жуатын машина қылмысты ашуға көмектесті
Оңтүстік Кореяда кір жуғыш машинаның көмегімен қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"100 жылда бір болатын жайт": Археологтар ерекше қазынаны тапты
Британдық археологтар темір дәуірінің ең ірі әрі маңызды қазынасы деген атауға ие болған көмбені қазып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Эпилепсияға шалдыққан адамдар бала сүйе ала ма? – Дәрігер жауап берді
Эпилепсия – жас таңдамайтын созылмалы инфекциялық емес ми ауруы. Бұл сырқаттың негізгі сипаты – қайталанатын ұстамалар. Ұстама ұстаған кезде дененің кез келген бөлігі, тіпті кейде бүкіл дене қысқа мерзімге құрысып қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
66 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді
Берлин тұрғыны 66 жасында 10-шы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды
27 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Венеция толықтай су астына кетуі мүмкін
2150 жылға қарай Венеция толықтай су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әзербайжанда жер сілкінді
Әзербайжандағы Мингячевир су қоймасында жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЕО Ресейдегі санкциялардың қашан жойылатынын айтты
ЕО Ресей Украинадан әскерін шығарған соң ғана оған салынған санкцияны алып тастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гавай аралында әлемдегі ең биік жанартау оянды
Гавай аралдарында әлемдегі ең биік Килауэа жанартауы атқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұшақ көлге құлап, ұшқыш пен оның екі қызы ғажайыптың күшімен аман қалды
АҚШ-та Piper PA-12 Super Cruiser ұшағы апатқа ұшырап, 38 жастағы ұшқыш пен оның екі қызы ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх