Все новости за 5 наурыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Газа секторында 50 мыңға жуық палестиналық қаза тапты
Газа секторындағы соғыс өртін тоқтату туралы келісім жасалғалы бері тікелей израильдық шабуыл салдарынан 121 палестиналық қаза тауып, 500 адам жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанайда 200 тонна ұн тиелген тепловоз өртенді
ТЖМ құтқарушылары тепловоздың жануын жедел сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Елордада LRT құрылысы қашан аяқталады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында LRT құрылысы қалай жүріп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірқатар өңірде ауа райы тұрақсыз болады
Синоптиктер 6 наурызда ел өңірлеріндегі ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.
-
Түркістан облысында туыстарын жұмысқа алған мектеп директоры лауазымынан босатылды
Түркістан облысы Төлеби ауданының "Әңгірата" жалпы білім беретін мектеп директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
20 жылын ядролық медицинаға арнаған дәрігер: Елде бұл сала жаңа деңгейге көтерілді
Ядролық медицина – онкологиялық аурулармен күресте маңызды рөлге ие. ҚР ПІБ МО ауруханасында 2022 жылдан бері өндірістік кешені бар Ядролық медицина орталығы жұмыс істейді. Мұнда әзірге 7 түрлі радиофармацевтикалық препарат шығарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәтерді жалға алушы үй иесін балғамен ұрып өлтірді
Ақтөбеде үй иесін аса қатігездікпен өлтірген пәтерді жалға алушыға үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жоғарғы Сот төрағасы АХҚО сотының төрағасымен кездесті
Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев АХҚО сотының төрағасы Лорд Бернеттпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.
-
Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсе басшысымен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан мүгедектігі бар адамдар қанша рет инватакси қызметіне тапсырыс берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 58,2 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ірі бизнес монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 5,5 млрд теңгеден астам айыппұл төледі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 5 наурызда жылдың алқа отырысында өткен жылдың жұмыс қорытындысын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық картография және топонимика мәселелері талқыланды
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп "Qazaq Geography" және "Тұран-Профи" кәсіби академиясының сарапшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелі күйеуін бірнеше күнге қоймаға қамап қойған
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Монро қаласында әйел өзінің күйеуін қоймаға қамап, оны бірнеше күн бойы сол жерде қалдырып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC7-ге сілтеме жасап.
-
Ұлттық ұланға 7 мың сарбаз шақырылады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі.
-
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу кештері өтті
Биыл қазақтың көрнекті композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы прокурорлары мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғады
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция қызметкері жұмыс кезінде қаза тапты
Түркістан облысында полиция қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Біз кітаппен өскен буынбыз - кітапханашы
Кітапханашы – руханияттың шырақшысы секілді. Көбіне елеусіз қалатын мамандықтың мәні жоғары. Осы ретте ғұмырын осы салаға арнаған Жетісу облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының библиографы Ғалия Ешенова әңгімелескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Таза Қазақстан" аясында "Ыстық ұя" экологиялық акциясы өтті
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысында "Ыстық ұя" экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығыста жұмыс уақыты 08:00-де басталатын болды
Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында наурыз айынан бастап жұмыс кестесі өзгерді. Енді тұрғындар жұмысты таңғы 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Анасын аяусыз ұрған ер адам қамалды
Талдықорғанда бұзақы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
-
"Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістер" іс-шарасы ұйымдастырылды
Ойыл ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» идиологиясы аясында іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жатып ішер жастарға мемлекет қандай шара қолданады?
Елімізде NEET санатындағы жастардың үлесі артып келеді. Кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастардың мәселесі қалай шешіліп жатыр? Оларға қандай қолдау көрсетіледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі BAQ.KZ тілшісінің сауалына жауап берді.
-
"Неге ораза ұстамадың?" деп сұрау қаншалықты дұрыс?
Бұл туралы Астана медресесінің ұстазы Бекзат Азатбекұлынан сұрадық, деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.
-
ESG маманы: Келешек ұрпақ қандай Қазақстанда өмір сүреді?
"Мінбер" жобасының кезекті шығарылымы елімізде енді ғана енгізіліп жатқан ESG стандартына арналып отыр. ESG – бұл кез келген компанияның қоршаған ортаға және қоғамға әсерін, сондай-ақ корпоративтік басқаруының сенімділігі мен ашықтығын өлшейтін стандарттар жиынтығы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеде есірткі қолданған ер адам біреудің автокөлігін айдап кеткен
Ақтөбе қаласында есірткі қолданып, масаң күйде жеке үйдің ауласынан "Hyundai Elantra" автокөлігін ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қазақстан халқы ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы" атты дөңгелек үстел өтті
Шараның мақсаты 30 жыл ішінде бірлікті, үйлесімділікті және мәдениетаралық диалогты нығайтудағы Қазақстан халқы ассамблеясының бірегей рөлін талқылау болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігер ұшақта есін жоғалтқан жолаушының өмірін сақтап қалды
Жоғары білікті реаниматолог дәрігер Шымкенттен Астана қаласына бағыт алған ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
ШҚО-ның тағы төрт ауданы жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалімдерге қанша теңгеге сыйлық беруге болады
Мұғалімге гүл сыйлауға болады. Министрлік құны қанша теңгеден аспауы керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытай 2025 жылы ШЫҰ саммитін өткізіп, оны жаңа деңгейге шығаруға ниетті
Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қазіргі рөлі мен болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"10 жылдағы жақсы көрсеткіш". Министр азық-түлік бағасы қалай өзгергенін айтты
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлік бағасы бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Блогерлердің қанша салық төлегені белгілі болды
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында блогерлер қанша теңге салық төлегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады
Елімізде ақылы жолдардың саны жыл сайын артып келеді. Алайда кейбір санаттағы көлік жүргізушілері бұл жолдарды тегін пайдалану құқығына ие, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Соғыс қатыгездігін одан өткендер ғана түсінеді – ардагер
Отан соғысы кезінде жаудың 600 минасын жойған ардагер, полковник Зұлқарнай Сейітов мектепті аяқтамай жатып-ақ 1941 жылы майданға өзі сұранып аттанған. Бүгінде ардагер Алматы қаласында тұрады.
-
"Қашып құтыла алмаймыз". Аймағамбетов балаларды шектеумен келіспейтінін айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ChatGPT сияқты жасанды интеллектіні оқушыларға қолдануға шектеу қоюға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Байден нашар президент болды – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс мінберінде елдің оған дейінгі президенті болған Джо Байден басшылық еткен кезде Америка үшін қандай қателіктер жібергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар несиені кешіруді ұсынды
Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев зейнеткерлердің несиесін кешіруді сұрап, Премьер-министрдің орынбасарына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектеп оқушысын өлімші етіп сабап, денесін моншаға тастаған
Ақтөбе облысында жасөспірімді сабап өлтірген мектеп оқушыларына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Науқастардың 90%-ға жуығы бүйрек трансплантациясын қажет етеді
Бүгінгі күні Алматы және Жетісу облыстарында ағза трансплантациясын күту тізімінде 222 адам тіркелген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Көп лайк жина": Депутат әлеуметтік желінің кері әсерін айтты
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік желінің бала тәрбиесіне зияны жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Айқай шусыз шешейік". Лукашенко Зеленский мен Трампты Минскіге шақырды
Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу бойынша келіссөздерді Минскіде өткізбекші, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Картоп бағасы неге арзандамай отыр? – Жұманғарин басты себебін атады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин картоптың бағасы неге арзандамай отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Резеңке" үй иелері 40 мың теңге емес, енді екі есе көп айыппұл төлейді
Астанада пәтеріне тым көп адам тіркеген тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері екі есеге ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Биткоин" криптовалютасы харам ба? - ҚМДБ жауап берді
Криптовалюта – криптографиялық технологияға негізделген цифрлық ақшаның түрі. Криптовалютаның бірнеше түрі бар. Соның бірі биткоин. Биткоин (Bitcoin, BTC) – орталықсыздандырылған, тек қана дүниежүзілік желіде жүзеге асатын виртуальды валюта, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанаға арман қуып келгендердің "пропискасы" қалай шешіледі
Мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елордаға өңірлерден жұмыс істеуге келгендердің тұрғылықты жеріне тіркелу мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар жаңа Су кодексін қабылдады
Мәжілістің пленарлы отырысында депутаттар жаңа Су кодексін қабылдады. Құжатта Мемлекет басшысы қойған міндеттер мен тапсырмалар көрініс тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда отандық тауарлардың тізілімі жасалады
Мәжіліс тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көру – 255 мың теңге
Астана қаласында 5 сәуір күні WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шахтадағы 46 кеншінің қазасы: Сот отырысы басталды
Қарағанды сотында Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді дұрыс пайдаланылмаған жер учаскелері аукцион арқылы сатылады
Мәжілісте Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Украина АҚШ-пен келісімге қол қояды, Араб елдері Газа секторын қалпына келтірмек
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
Алматыда БҰҰ орталығы ашылады: Бектенов аймақтар үшін маңыздылығын атады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
БҚО-да 1,5 млн теңге пара алған басшы сотталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астаналықтар көліктерін автотұраққа тегін қоюға мүмкіндік ала ма, жоқ па? – Нартай Аралбайұлы
Мәжіліс депутат Нартай Аралбайұлы Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында ақылы тұрақтар мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шәмшінің әнін көшеде айтып, Мұқағалидің өлеңін базарда оқиды. Зайытов тағы бір мәселе көтерді
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Мәжілісте азаматтарға қатысты мәселені көтеріп, жауапты органдарға сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көшедегі ит адам мәйітін табуға көмектесті
Таиландта қыз баланың мәйіті салынған қап табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Thaiger-ге сілтеме жасап.
-
Депутат астаналық кәсіпкерлер көшелерді тазаламайтынына шағымданды
Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев астаналық кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтардың депозиттері неге азайды?
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарында депозиттердің көлемі қысқарды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жазды, хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұманғарин қалалардың келбеті нашарлап бара жатқанын айтты
Мәжілісте Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді үйінде тұрмайтын адамдарды тіркегендер жауапқа тартылуы мүмкін
Мәжілісте Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардағы көші-қон процестерін реттейтін заң қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жомарт" кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары шықты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жомарт" кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
"Наурыз" бағдарламасы басталды. Оның шарттары қандай?
Мемлекет баспанаға мұқтаж азаматтарға 300 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы шамамен 11,5 мың қазақстандыққа үй сатып алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздегі доллар бағамы қандай
Ұлттық банк 5 наурызға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет балабақшаға емес, балаға ақша береді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға артады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Маған Зеленскийден хат келді". Трамп Конгресте не айтты?
АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс алдында үндеу жасады. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі – Украинадағы жағдайды реттеу, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Димаш Құдайберген Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынбақ
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ОПЕК+ келісімі: Қазақстанның ұстанымы қандай?
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне толықтай берік және келісімдер бойынша міндеттемелерін, соның ішінде өтемақы тетіктерін орындауды жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп: АҚШ-тың сөз бостандығын қайтардым
Трамп Конгресс мінберінде АҚШ-тың негізгі пайдалы қазбалардың өндірісін «айтарлықтай арттыруды» жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пара дзюдошы Ақмарал Науатбек қуанышты жаңалығымен бөлісті
Пара дзюдодан Париж-2024 XVII жазғы паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
4 наурызда Әзербайжанның сейсмикалық қызметі Каспий теңізінің жер қыртысында 14 шақырым тереңдікте жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
5 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Панама каналының порттары АҚШ инвесторларының бақылауында
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың арнадағы бақылауын қайтарамыз деп қорқытқаннан кейін Панама каналының маңындағы порттар америкалық инвесторлардың, соның ішінде Blackrock бақылауына өтіп жатқанын жазды кеше Гонконг портының операторы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Қытай банкінен неге қарыз алды
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен (ICBC) 400 миллион юань қарыз алды. Бұл туралы холдинг басшысы Рустам Қарағойшин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсті
"Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағындағы фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде бес теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары аяқталды
Бес теміржол вокзалын – Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Түркістан қалаларындағы теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мектеп директоры 176 мың теңгенің сыйлығын менсінбеді
Бакудегі білім беру мекемесінің басшысы ұстаздардың туған күніне құны 600 манат (176 196 теңге) сыйлығына наразылығын білдіріп, тіпті сөз арасында мұғалімдерді балағаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
Елімізде "Болашақ" халықаралық стипендиясына және ғылыми тағылымдамаларға құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 17 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх