Все новости за 6 ақпан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сыртқы істер министрі Иордания елшісін қабылдады
Премьер‑министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омариді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
-
Еліміздің арнайы жасақтары халықаралық жарыстан елге оралды
Еліміздің арнайы жасақтары халықаралық жарыстан елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Азиада-2025: Шайбалы хоккейден ел құрамасы жеңіске жетті
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
-
Ақмола мен Қарағанды облыстарында жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыс аумағындағы жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
7 ақпанда Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы алдағы Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына есірткі жеткізу арналарын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Елордада "Astana Winter Triathlon" жарысы өтеді
Елордадағы Триатлон саябағында 16 ақпан күні "Astana Winter Triathlon" қысқы триатлон жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Елордада жедел жәрдем бригадаларының білімін тексеру жүріп жатыр
Астанада жедел жәрдем бригадаларын аттестациялау жүріп жатыр. Тест зардап шеккендерге госпитализациялауға дейінгі көмек көрсету, яғни науқастарға алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсету туралы білімін тексеру бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
-
Балабақша қаржысын жымқырған есепші сотталды
Ақтауда бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "Тәртіпті өзіңнен баста" дәрісін өткізді
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен тәртіп» науқаны аясында қаржы мониторингі органдарының ардагерімен бірге «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында бір айда 121 отбасы ажырасқан
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 121 отбасы сотпен ажырасып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шығармашылық қауым мемлекет қолдауын үнемі сезініп келеді – Мереке Құлкенов
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов сөйлеп, еліміздегі шығармашылық қауымға мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкенттегі энергожелілер мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту барысы бағаланды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Шымкенттегі энергиямен қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды аралап, қаланың активімен "Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жоспарын іске асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
"Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2025 жылғы 6 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбында "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы–Өскемен тас жолына қосымша 15 камера орнатылды
Жетісу жолдарына "Видар" автоматтық тіркеу жүйелері орнатылды. 15 бекетте арнайы камера іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыруды енгізу тәжірибесі игеріліп жатыр
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыруды енгізу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Әкімдерді тікелей сайлау азаматтардың жауапкершілігін арттырады – Нұрлан Әбдіров
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров "Qazaqstan" телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аида Балаева: 2025 – идеологиялық тұрғыда ерекше атаулы жыл
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2025 жылғы жұмыстың бағыт-бағдарына, мақсат-міндеттеріне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл Грузияға 80 мың тонна бидай экспортталады
Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция ардагері оқушыларға заң мен тәртіп үстемдігі туралы сұқбат жүргізді
Қонаев қаласында «Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында №3 орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Грузия премьер-министрімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, оны Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады және грузин халқының өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
АШМ: Басты міндетіміз – мал басының азаюына жол бермеу
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің төрағалығымен ҚР АШМ-да мал шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің медиа саласы бірқатар жүйелі мәселелерге тап болып отыр – сенатор
Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында Парламент Сенаты депутаты Бибігүл Жексенбай еліміздің медиа саласы бірқатар жүйелі мәселелерге тап болып отырғаны туралы сөз қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Грузия СІМ басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Грузия Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилимен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бас ұстаз әкімдерді мұғалімдердің мәртебесін қорғауға шақырды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әкімдерді “Педагог мәртебесі туралы” заңды қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда 3 келіден артық картоп сатуға шектеу қойылды
Әзірге әр тұрғынға көкөністің бұл түрі 3 келіден ғана сатылады. Бірақ бұл шешім тапшылық болғандықтан енгізілген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда резервте тұрған 30 маманның бірде-біреуі басшылық қызметке тағайындалмаған
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі білім беру сапасын арттыру үшін мектеп менеджментін күшейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздің медиа саласы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады – Бибігүл Жексенбай
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында Парламент Сенаты депутаты Бибігүл Жексенбай отандық медианың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО-да экологиялық саясат жүзеге асырылуда
Орал қаласының 47 жалпы білім беретін мектебінде контейнерлерге тұқым себуге арналған экологиялық сынып сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің сынып жетекшілігіне қатысты ойын айтты
Педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарайтын уақыт жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Екі жылдан кейін еліміздегі барлық мектеп жайлы болады
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев мектептерге қатысты жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Серік Жұманғарин ҚҚС-ты көтеру кімдерге қатысты болмайтынын нақтылады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық реформаның кімдерге қатысы жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰЭМ ауылдарда микрокредит беру қағидаларын әзірлейтін болады
Бұл туралы Экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚСЗИ: Реформалардың мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен егемендікті нығайту
Сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада санкцияланбаған полигондардың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатыр
Елордада санкцияланбаған қоқыс үйінділерін жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңбұзушыларды анықтау бойынша қаланың барлық ауданында күн сайын мониторинг жүргізіліп, кінәлілер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Түркістан облысында сиыр еті қымбаттады
Түркістан базарында сиыр етінің бағасы 3000 теңгеден 4000 теңгеге дейін көтерілді.
-
Бейсембаев "Өрлеу" филиалдарына жаңа міндет жүктеді
Оқу-ағарту министрі "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚ-ның басшыларымен жиын өткізіп, 2024 жылдың жұмысын қорытындылады және 2025 жылы жүргізілетін жұмыстардың басым бағыттарын айқындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президенттің реформалары: ҚЗСИ платформасында пікірталас өтті
Қазақстан президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «ҚЗСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» ұлттық сараптама алаңының отырысында сарапшылар елімізде жүзеге асырылған реформаларды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана форумын өткізуге қаржыны демеушілерден қарастырамыз - Жұманғарин
Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астана халықарылық форумына бөлінетін қаржы жайлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап, берді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҚҚС қашан көбейеді?
Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елімізде қосымша құн салығын 20 пайызға көтеруге қатысты пікір білдірді, деп BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеліктер өз құқықтарын қалай қорғап жүр?
Ақтөбе облысында тауарларды қайтару, тұрмыстық қызмет сапасының төмендеуі мен коммуналдық төлемдерді негізсіз өсіру мәселелері бойынша жауапты органдарға шағымданушылардың саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл Үкімет шегірткемен күреске 7 млрд теңге бөлді
Үкімет көктемгі егіс маусымына дайындыққа және шегірткемен күреске бөлінген қаржы көлемін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Теміржол тасымалы саласындағы цифрлық шешімдер таныстырылды
Грузияның Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапары барысында теміржол тасымалы саласындағы цифрлық шешімдермен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қостанайда бірнеше рет көлікті заңсыз айдап кеткен жас жігіт ұсталды
Қостанайда бірнеше рет көлікті заңсыз айдап кетіп жүрген 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Олжас Бектенов Республикалық бюджет комиссиясы отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Емхананың бас дәрігері: Басты мақсат – аурушаңдық деңгейін төмендету
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықтың жүгі ауыр. Зор жауапкершілікті арқалап жүрген ақ халаттылардың қашан да жұмысы қауырт, еңбегі орасан.
-
Оқу-ағарту министрі білім саласындағы сапа туралы айтты
Ғани Бейсембаев министрліктің аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік салық алынып тасталса, облыстық бюджет қалай толтырылады?
Сенатор Бекболат Орынбеков қосымша құн салығы мөлшерлемесінің көтерілуі мен әлеуметтік салықты алып тастауға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісу ауылдарына су тасқыны қаупі төніп тұр
Көктемгі су тасқыны болуы мүмкін 47 елді мекен анықталды. Оның 43-іне алдын алу шаралары жүргізілсе, қалғандары кезек күтіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Польша премьер-министрі мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыпталып жатыр
Польша прокуратурасы мемлекеттік төңкеріс ісі бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Wprost басылымына сілтеме жасап.
-
Биыл Еуразиялық одақ аясында ортақ валюта бола ма?
Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай валютасын құру мәселесі күн тәртібінде жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шығыстарды тиімді жұмсау мәселесіне назар аударуымыз қажет – Әшімбаев
Бүгін Сенат отырысында Бюджет кодексін бірінші оқылымда қарап жатыр. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жаңа кодексте көрсетілген бюджеттік нормаларға қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, АҚШ-тың жаңа саясатын мысалға келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат Сабильянов жас кезінде бойдақ салығын төлеген
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бойдақ салығына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сарапшылар Президент Тоқаевтың 3 жылдық реформаларының нәтижелерін талқылады
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) "Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері" тақырыбында сараптамалық талқылау өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
12%-дан 20%-ға дейін: Жаңа салық реформасы экономикаға қандай өзгеріс әкеледі
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Фискалдық саясат орталығы директорының орынбасары Эльмира Осипова елімізде қызу талқыланып жатқан қосымша құн салығына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: АҚШ Газа секторын бақылауға алмақ, Израиль мен Аргентина БҰҰ ұйымдарынан бас тартты
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда соңғы бір айда 11 келіге жуық есірткі тәркіленді
Атырауда жыл басталғалы 10 есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жетісуда жылу жүйесі қайта жаңғыртылады
Облыс орталығындағы Абай, Дарабоз Ана, Қабанбай батыр, Балпық би көшелері қайта қазылады. Жылда жөндеу жасалатын көшелердің жолы ойылып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде доллар мен еуро арзандады
Ұлттық банк 6 ақпанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
USAID Қазақстандағы "жалған ақпаратқа қарсы күреске" 4,5 млн доллар бөлген - Ақ үй
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің тиімсіз шығындарын жариялап, Қазақстанды да атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жыл басынан әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қанша адам қызмет алды
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Happy Life KZ" қаржылық пирамиданың әрекеті тоқтады
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті "Happy Life KZ" қаржылық пирамиданың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Рекордтар фабрикасы" атауымен әлемге танымал "Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары жергілікті бюджет қаражатынан жаңғыртылмақ. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі күніне екі мыңнан астам адамды қабылдайтын "Медеу" мұз айдынынан фоторепортаж жасады.
-
Жамбыл облысында жаңа су қоймасы салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық аясында Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Қазақстан азаматтығын алу тәртібі қандай
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібі қандай екендігі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда заңсыз сауда нүктелерін жаппай бөлшектеу жұмыстары басталды
Алматыда стихиялық саудаға қарсы күрес және мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын жою мақсатында қаланың кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын жаппай бөлшектеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауғанстанда әйелдер радиостанциясы жабылды
Ауғанстанда әйелдер радиостанциясы жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл сайын 40 мың қазақстандық обыр ауруына шалдығады – ҒЗИ
Жыл сайын елімізде 40 мыңнан астам адамнан обыр ауруы анықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бірнеше қалада ауа ластанады
6 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшы табылды
Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сыртқы істер министрі Қатар елшісін қабылдады
Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қатар Мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Абдалла Хусейн Джаберді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
-
Жапонияда рекордтық мөлшерде қар жауды
Жапониядағы үлкендігі жағынан екінші орынды иеленетін Хоккайдо аралында мөлшерден тыс қалың қар жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде жол апатынан үш адам зардап шекті
Семей қаласында Би Боранбай көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандық арнайы жасақ әлемнің үздік үштігіне кірді
Дубайда өткен халықаралық SWAT Challenge жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қатты аяз: Бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды
6 ақпанда Астанада және еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Наверх