Все новости за 1 ақпан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Филадельфиядағы ұшақ апатынан жеті адам қаза тапты
АҚШ-та Филадельфия округінің солтүстік-шығысында қосмоторлы медициналық ұшақ апатынан жеті адам қаза тауып, 19 адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада міндетті медициналық сақтандыруды дамыту талқыланды
Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейірхановтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады
2 ақпанда Астанада, Алматыда, Шымкентте және еліміздің 16 өңірінде ауа райы байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Елордада Дэвис кубогінен кейін жанкүйерлер залдағы қоқысты жинады
Елордада теннистен Дэвис Кубогінің матчынан кейін жанкүйерлер Beeline Arena-дағы қоқысты жинауға қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Құтқарушылар Ертістегі апаттың алдын алды
Құтқарушылар бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Павлодар облысы Ертіс өзенінің орталық жағалауында мұз жиегімен серуендеп жүрген үш жасөспірімді көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балабақша бухгалтері 9 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Ақмола облысының Жақсы ауданындағы «Болашақ» балабақшасының бухгалтері 9 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандар ұсталды
Елордалық полиция "әзіл" деген сылтаумен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған адамдарды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды
Жезқазғанда бес дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалы жұмысын бастады, BAQ.KZ.
-
Қалың қар: Ақмолада полицейлер жолдарда бақылауды күшейтті
1-3 ақпан аралығында Ақмола облысында қалың қар жауады деп күтілуде, бұл жол жағдайын едәуір қиындатуы мүмкін.
-
Қарағанды облысында қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қарға батып қалған екі азамат құтқарылды, хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Атырауда 1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғынынан Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада қар тазалауға 3 мыңға жуық адам жұмылдырылды
Астанада қар тазалау жұмыстарына 1800-ден астам арнайы техника мен 2600-ден астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
-
Ұшқышсыз ұшу аппараты: Дронмен ойналатын футболдың ерекшелігі қандай
Digital Almaty халықаралық цифрлық форумының аясында дрондармен футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан робототехника және жасанды интеллект аясында ынтымақтастықты нығайтуда
1 ақпанда Digital Almaty алаңында Қазақстанда робототехника мен жасанды интеллект (ЖИ) аясында зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада әскери қызметшілердің отбасылары арасында шаңғы жарысы өтті
Ақпан айының алғашқы күнінде Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасы мен 23366 және 01785 бағынысты әскери бөлімдері қосылып Астана орталық саябағында спорттық іс-шара ұйымдастырды.
-
ХАМАС Израильдің тағы екі тұтқынын босатты
ХАМАС Қызыл Крестке Израильдің екі кепілге алынған тұтқынын табыстады.
-
Азаматтық авиация қызметкерлері марапатталды
1 ақпанда Азаматтық авиация академиясында Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.
-
Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары өтті
Астанада Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» атты жұмыс секцияларының отырыстары өтті.
-
Білім және ғылым: қазақ-мажар ынтымақтастығының іргесі
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің кадр даярлау, оқу грант бағдарламасы мен ғылыми дипломатияға жауапты мемлекеттік хатшысының орынбасары Миклош Лендьелмен кездесу өткізді.
-
Павлодар облысы: су тасқынынан қауіп бар ма?
Павлодар облысында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қандай шаруалар атқарылып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-
IT-сарапшы: келесі стартап-юникорнды қыздар жасайды
Алматыда екінші күн қатарынн Digital Almaty-2025 халықаралық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі
-
Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» атты кітабының тұсаукесері өтті
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
-
"Дикий Арманның" өзіне қол жұмсағаны рас па?
Желіде "Дикий Арман" лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев "түрмедегі душта тамырын кеспек болғаны" туралы ақпарат пайда болды.
-
Қарағандыда құрылыс алаңында өрт шықты
Қарағанды қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің ауласында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық әскери қызметшілер Түркиядағы «Қыс-2025» оқу-жаттығуына қатысуда
Арнайы мақсаттағы күштердің халықаралық жаттығуы күрделі рельефпен және қарының көптігімен ерекшеленетін Карс провинциясының маңында өтеді.
-
Ақсақалдарын тыңдаған ел адаспайды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылған болатын. Бүгінде олар әр облыс, аудан мен ауылдарда жұмыс істеп жатыр. Бұл кеңестердің атқаратын қызметі қандай? BAQ.KZ тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрді.
-
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды
Ақтөбе облысындағы "Жайсан" теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Ұлттық спорт қауымдастығының президенті ауысты
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 ақпан - Азаматтық авиация қызметкерлері күні
1 ақпанда Қазақстанда азаматтық авиация қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығыс Қазақстанда 72 елді мекенді су басу қаупі бар
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов Қазақстан ТЖМ жедел тобымен бірге Шығыс Қазақстан облысына барды.
-
Бірнеше өңірде жабылған жол учаскелері қайта ашылды
2025 жылы 1 ақпанда төрт өңірде алдында қолайсыз ауа райына байланысты жабылған республикалық маңызы бар тас жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстандық сейсмикалық станциялар 1 ақпан 2025 жылы таңғы сағат 07:05-те (Астана уақыты бойынша) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Ұлттық банктің 1 ақпанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.
-
Әлемде: АҚШ-тағы ұшақ апаты, ХАМАС-тағы тұтқындар, Башар Асадтың туысы ұсталды
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
Қайтарылған актив. Ақтауда жедел медициналық жәрдем стансасы салынады
Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық өнімнің 60-тан түрін Иранға экспорттау ұсынылды
Кездесуде екі ел арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесі талқыланды.
-
Қарағандыда құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Қарағанды облысында құтқарушылар өрттен бір әйелді құтқарып, газ баллондардың жарылуының алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да ауыл тұрғындарына арналған хоккей корты ашылды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Петровка ауылында нағыз спорт мерекесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Боран, тұман: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 1 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.
-
Грекияға саяхаттайтын туристерге ескерту жасалды
Грекияның әйгілі туристік Санторини аралында жоғары жанартау белсенділігі байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанайда қар құрсауынан 4 адам құтқарылды
Қостанайда құтқарушылар қар құрсауынан 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вашингтондағы ұшақ апаты: 41 адамның денесі табылды
Вашингтонда болған жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ апатынан 41 адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.
-
Атырауда ауа ластанады
1 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Түркияда шипажайдағы өрттен соң 160-тан астам қонақүй жабылды
Түркия билігі Болудағы Карталкая тау-шаңғы шипажайындағы өрттен соң Бурса провинциясындағы 161 қонақүйдің жұмысына тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жиһаз цехы өртенді
Астанада Сарыарқа ауданы Республика даңғылы бойындағы жиһаз цехының төменгі қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық әйел Антарктиданың ең биік шыңын бағындырды
Қазақстандық Жәмилә Баширова әлемнің қатал әрі суық континенті – Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон массивін бағындырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
400-ден астам жүргізуші сұйық қалдықтарды заңсыз төккен
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері қоршаған ортаның және ортақ пайдаланылатын орындардың ластану фактілерін анықтау бойынша күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді, - деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қостанай облысында жоғалған малшы табылды
Қостанай облысында құтқарушылар жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Наверх