Все новости за 28 тамыз 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елімізде Ұлттық спорт студенттер лигасы құрылады
Қазақстанда Ұлттық спорт студенттер лигасын құру бойынша жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының төрағасы Исламбек Салжанов Egemen Qazaqstan басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
-
Еліміз бойынша 29 тамызға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылы 29 тамыз, бейсенбіде Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен БҰҰ Ядролық қаруды таратпау жөнінде шарт бойынша пікір алмасты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астана қаласына жұмыс сапарымен келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Изуми Накамицумен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Жазғы Паралимпиада ойындары басталады
Бүгін XVII Жазғы Паралимпиада ойындары Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина салынады
Елімізде 11 жастағы қыздарға вакцина салынады. Екпе жұмыстары қыркүйектен бастап жүзеге асырылады. Ол жатыр мойны обырының алдын алуға септігін тигізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жұмыс іздеуге арналған платформа іске қосылды
Елордада жұмыс пен тапсырыстар іздеуге арналған JUMYSTAP.kz жаңа сервистік платформа іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Орман қорын қорғау. Бейнебақылау камералары орнатылады
Павлодар облысында орман қорын қорғау мақсатында соңғы үш жылда шамамен 1,7 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылордада сотталғандарға 240 кітап сыйға берілді
Қызылордада жазасын өтеушілерге кітап сыйға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Парниктік газ шығындыларын азайту бағдарламасы әзірленуде
Павлодар облысының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2025 жылға дейінгі кешенді шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО полицейлері әккі пәтер ұрысын ұстады
Пәтер ұрысы Өскемен қаласы тұрғынының үйінен зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап үлгерген. Тәртіп сақшылары 48 жастағы күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісті
Астанаға келген нидерландылық сарапшылар су саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Шетелдік мамандар су тасқыны қаупін болжау тақырыбында семинар өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Моңғолия елшілігінде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды
Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігінде ұлттық ойынның үйірмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жүк көліктері үшін шекаралардан өту рәсімі жеңілдетіледі
ЕАЭО аясында жүк көліктері үшін шекаралардан өту рәсімі жеңілдетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорғандағы "тауық қорада" кімдер тұрады?
Береке қалашығының беймәлім беттері ашылуда. Аяқсыз қалған қабат үйлерге мемлекет қайта ақша бөлді. 204 пәтер құсұясына айналса, қалған 373-і қаусап тұр, деп хабарлайды хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар толықтырылды
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туу туралы куәліктерді қорғау талаптарын өзгертеді. Тиісті бұйрық «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде егін жинау жұмыстары қашан басталады?
Ақтөбе облысында жаппай егін жинау жұмыстары бір аптадан кейін басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда алғаш рет IQ BBQ ғылыми-музыкалық фестивалі өтті
Қала тұрғындары мен қонақтары ғылым мен техника саласындағы озық жаңалықтармен танысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте жерасты цех бренд атын жамылып арақ-шарап шығарып отырған
Шымкент қаласында «Absolut», «Зеленая марка» және «Qulan» контрафактілі алкогольдік өнімдерін өндіретін жерасты цехінің жұмысы әшкере болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Enbek HR қосымшасын 56 мыңнан астам адам пайдаланады
Enbek HR мобильді қосымшасы өткен жылы жұмыскерлерге hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталының функционалдығына қол жеткізуді жеңілдету үшін іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында мемлекеттік сатып алу саласында былық көп пе?
Ақтөбе облысында сотқа мемлекеттік сатып алу және салық саласы бойынша шағымданатындар көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көшпенділер ойыны: Көкпаршылар дайындыққа кірісті
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәдениет және ақпарат министрлігі жеті стратегиялық бағыт бойынша жұмыс жүргізуде
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды реформалар Қазақстан үшін әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістіктің географиясын кеңейтуге және жаңа көкжиек ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шанин театрына 95 жыл толғаны архивтік құжаттар арқылы дәлелденді
Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1929 жылдан басталатыны архивтік құжаттар арқылы толық дәлелденді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүргізілуде
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 11 күн қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Канада Қытай көліктеріне 100% баж салығын енгізеді
Канада билігі Қытайдан келген электромобильдерге 100% баж салығын салады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
-
«Рахман қайнары» мемлекет меншігіне берілді
«Рахман қайнары» мемлекеттік органдардың балансына берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында жол апаты азаймай тұр. Кім кінәлі?
Биылғы жылдың 7 айында Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 80 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада криминалистер бірқатар велосипед ұрлығын ашты
Тек соңғы айда елордада криминалистер “ізін суытпай” 23 велосипед ұрлығын ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Атом энергетикасы қоршаған ортаны ластамайды – ЕҰУ оқытушысы
Қазақстан атом энергетикасы мен халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау саласындағы ұстанымдарын нығайтып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы анықталды
Испанияның Понтеведро қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Тоқаев Смайыловқа бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін мүлтіксіз бақылауды тапсырды
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Зардап шеккен 200 атбасарлық отбасыға пәтер кілті табыс етілді
Атбасар қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 200 адамның және су тасқыны қаупі бар аймақтағы тұрғындардың кілттері тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Қазақстанда суару маусымының басым бөлігі сәтті өтті
Елімізде маусым айында басталған суару маусымының басым бөлігі сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады
Елордада Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша кеңейтілген алқа отырысында спорт саласындағы мәселелер талқыланды,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жекеменшік балабақша қатыспаған балалар үшін мемлекеттен 47 млн теңге алған
Маңғыстау прокурорлары балабақшаларда бірқатар бұзушылық анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстанның қарусыздану мәселесіне қатысты ұстанымы берік
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкіл Изуми Накамицуды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС. "Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" мәлімдеме жасады
"Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі елімізде атом электр станциясының салынуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің қорытындысы жарияланды
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде алғаш рет әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық мектептерде буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру жалғасуда
Оқу жылының басынан бастап еліміздің тоғыз өңірінде «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау жалғасатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шетелдік журналистер қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Қытайдың Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өткен медиа форумда шетелдік журналистер қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда митинг өткізетін орындар өзгерді
Бұл туралы Алматы қалалық мәслихаттың кезекті XXII сессиясында айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытай жасыл энергетиканы қалай дамытып жатыр
Қытайдың экология вице-министрі Ю Хуйвэнь Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өтіп жатқан “Бір белдеу, бір жол” медиа форумында жасыл энергетиканы дамытудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізіледі
Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделін енгізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көшпенділер ойыны: Тоғызқұмалақтан ашық жаттығу жиыны өтті
Бүгін Назарбаев университетінің спорттық алаңында тоғызқұмалақ, овари және мангаладан ел құрамасы БАҚ өкілдері үшін арнайы ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстау облысында Otpannews.kz ақпараттық сайты ашылды
Қазақстанның медиа кеңістігіне жаңа БАҚ – Otpannews.kz ақпараттық порталы қосылды. Портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар таратады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таяу болашақтағы еңбек нарығының трендтері: сарапшы пікірі
Еңбек нарығы технологиялық және экономикалық трансформацияларға байланысты белсенді де терең өзгерістер кезеңінен өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жарты ғасыр жөнделмеген желі. Жылу маусымына дайындық қалай
Павлодар қаласында әбден тозған жылу желілерінің үлесін азайту мақсатында кешенді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Прокуратура 2,2 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды
Жамбыл облысының прокуратурасы рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау шеңберінде мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда 47 ядролық реактор салынады
Қытай атом реакторларының санын екі есе арттырады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
-
Париж олимпиадасының нәтижесі бойынша алқа отырысы өтті
Парижде өткен XXXIII жазғы олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда тағы да автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Жол апаты Түрксіб ауданындағы Жұмабаев пен Кассина көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі
-
Қазақстан-Қытай арасындағы сауда қарқынды өсіп келеді – елші
Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытай "Бір белдеу, бір жол" жобасының жоғары сапалы құрылысын және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты бірлесіп ілгерілету үшін Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО-да жүкті әйелдің денесін 70% күйік шалған
Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері жүктіліктің 25-аптасында жүріп денесінің 70% бөлігін күйік шалған 20 жастағы Диана Долгованың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкшетауда 9 жасар қыз суицид жасады
Көкшетау қаласында 9 жасар қыз өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиғаның болғанын Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі растады және қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда АЭС салынса, не өзгереді? – сарапшылар пікірі
KazAtomExpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесінде АЭС мәселелеріне қатысты пленарлық сессиялар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бір белдеу, бір жол": Пандалар қаласында медиа форум өтіп жатыр
Қытайдың Сычуань провинциясының Чэнду қаласында әлем БАҚ-тарының басын біріктірген “Бір белдеу, бір жол” медиа-ынтымақтастығы форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Гүлмира Сатыбалды сот отырысында соңғы сөзін айтудан бас тартты
Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісі Мәди Батыршаевтың ісі бойынша сот талқылауы кейінге қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ-де Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу өтті
Париж олимпиадасында топ жарып, жүлде алған динамолық спортшылар Ішкі істер министрлігінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматының 41 мектебінде шахмат пәні енгізіледі
Бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына шахмат пәнін енгізу үшін 49,2 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2 қыркүйекте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайға грант арқылы оқуға түскен қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қытайдың жоғары оқу орындарында оқуға грант иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарасайда ер адам итті көлікпен сүйреп, өлімші еткен
Енді 28 жастағы ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қорғаныс министрі армиялық спортшы олимпиадашыларды марапаттады
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Апта ортасындағы валюта бағамы
Ұлттық банк 28 тамызға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады
Биыл қыркүйек жексенбіден басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өскемен қаласында көлік қозғалысы жабылады
2024 жылдың 28 тамызында Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым, Жомарт, Кемел. Қазақ еліне +1 үшем дүниеге келді
Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген.
-
Ақтөбеде 10 жасар қыз аулада тұрған көлікте өртеніп кеткен
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дон ауылында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда Жастар шыңына Альпиниада өтеді
31 тамызында биіктігі 4147 м Шығыс жотасы бойынша Жастар шыңына Альпиниада өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Министрлік: Қосымша білім беру гранттары тағайындалды
Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Үкімет: жоғары деңгейдегі кластерлерді құру нәтижесінде 26 мың жұмыс орны ашылады
Мемлекеттік саясат әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде тұрғын үйдің ауласында тұрған көлік өртенді
Өрт сөндірушілер Ақтөбе облысындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Елде 115 мыңға жуық бала мектепалды дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында мектепалды дайындыққа арналған «Балақайлар мектебі» атты қысқа мерзімді бағдарлама ұйымдастырылды деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
ШҚО-да өрт кезінде 35 адам эвакуацияланды
Өскемен қаласында оң қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
28 тамызда синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеожағдай күтілетініне болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Елордада өткен флешмобқа 500-ден астам ардагер қатысты
30 тамыз – Конституция күніне орай елорданың Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі ауқымды іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Алматыда демалыс күндері бірнеше магистральды көше жөнделді
Алматыда қала көшелері мен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Қазір 95 көше жөнделіп, тағы 100-ден астам көшеге жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Жапонияда тайфунға байланысты 230-ден астам әуе рейсі тоқтатылды
Жапонияда "Шаньшань" тайфунының жақындап қалуы себепті 230-дан астам рейс тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Жастар арасында "Uly dala saryny" сыйлығына байқау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда «Fenomen Jas» жобасы аясында «Uly dala saryny» сыйлығы беріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Вице-министр СҚО-дағы мектептердің дайындығын тексерді
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының дайындығын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Наверх