Все новости за 30 шілде 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Дәрі-дәрмектің шекті бағасын бақылайтын мобилдік қосымша пайда болды
Денсаулық сақтау министрлігі Азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.
-
Бокс: Сәкен Бибосынов ширек финалда бақ сынайды
Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Париж-2024: Ильфат Абдуллин садақ атудан Олимпиада ойындарын жеңіліспен аяқтады
Париждегі Олимпиада ойындарында садақ атудан ерлер арасындағы турнир басталды. Қазақстаннан алғаш болып Ильфат Абдуллин сынға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
-
"Бурабай" ұлттық паркінде қыс маусымына даярлық қызу жүріп жатыр
«Бурабай» МҰТП мемлекеттік инспекторлары жабайы жан-жануарларға арналған науаларды жөндеп, шөп шауып, ағаш бұталарынан бума дайындап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда полиция лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарды
Атырауда полиция лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жетісуда 226 алаяқтық фактісі анықталды
Бұл соңғы 6 айда белгілі болған жағымсыз жайттар. Полиция қызметкерлері әсіресе егде жастағы адамдар айлекерлерге сеніп қалатынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлық бойынша 15 адам сотталды
Ақтөбе облысында биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша 15 адам сотталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісу облысында “Мотоцикл” іс-шарасы қорытындыланды
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде өңір аумағында барлығы – 456 құқық бұзушылық анықталды.
-
Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан 281 түп сора тәркіледі
Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан 281 түп сора тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астанада әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетіледі
2020 жылдан бастап білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Павлодарлық экобелсенділер Ертістің бойымен 43 шақырымды жүзіп өтті
Ертіс өңірінің экобелсенділері мен табиғат жанашырлары екі күндік экспедициядан оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Жаппай көкпар федерациясын ресми акредиттеуден өтті
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ҚР Жаппай көкпар федерациясын ресми акредиттеуден өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Мария Дмитриенко стенд атудан Париж Олимпиадасының іріктеуінен сәтті өтті
Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеудің алғашқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда базарда жұмыс істейтін жастар ұлттық спорт түрлерінен жарысты
Алматының 40 базарынан 500-ге жуық жастар жарысқа қатысуға ниет білдірген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаевтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаштың Астанадағы концертіне 50 елден көрермен келеді
Димаш Құдайбергеннің Астанадағы STRANGER атты жеке концертіне тек қазақстандықтар ғана емес, Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Американың 50 елінен 9 мыңнан астам көрермен жиналады, деп хабарлайды BAQ.KZ dimash.news-қа сілтеме жасап.
-
"Қауіпсіз сауда": Павлодар облысында 100-ге жуық сауда орталығы бақылауға алынды
Павлодар облысының өрт сөндірушілері 96 сауда және ойын-сауық орталықтарын бақылауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Энергетика министрлігінде комитет төрағасы тағайындалды
Қазақстан Республикасы энергетика министрінің бұйрығымен Ержан Ерболұлы Ертаев ведомствоның Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
"380 мыңға алдандым": Beeline қазақстандықтың шағымына жауап берді
Beeline баспасөз қызметі "байланыс оператордың кесірінен 400 мың теңгеге жуық ақшамнан айырылдым" деген қазақстандыққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылордада жапырақ кеміргіш қоңыздар көбейген
Қызылордада жапырақ қоңыздары қарағаштарды жаппай кеміріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Тамыздан бастап атыраулық жастарға арзан кредит берілмек
Биыл 142 жасқа кәсіп бастау үшін 710 миллион теңге микрокредит беру жоспарланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
МӘСҚ. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша -тен 1 млн астам адам әлеуметтік төлем алды
2024 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 млн астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бес әлеуметтік тәуекел бойынша 453 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елдос Сметов Қазақстан халқына алғыс айтты
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қолдау көрсетіп, жанкүйер болған қазақ еліне алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жайлы мектеп": Ақтөбеде оқу жылы қарсаңында 18 мектептің біреуі ғана ашылады
Биыл жаңа оқу жылында Ақтөбе қаласында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатқан 18 мектептің біреуі ғана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақмола облысының құтқарушылары өртті сөндірді
Бүгін Степногорск қаласының жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрлысы жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-сайтына сілтеме жасап.
-
Таза Астана: елордада тазалық және санитарлық тазалау бойынша бірыңғай платформа құрылады
Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакция аясында жаңадан «Таза Астана» әлеуметтік жобасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Жетісуда ұсақ тастарды заңсыз өңдірген топ ұсталды
Қаратал ауданында құм-қиыршық ұсақ тастарды заңсыз өңдірген өңір азаматтары анықталды. Олар арнайы техниканың көмегімен Үштөбе-Бірлік тас жолының шетінде қазу жұмыстарымен айналысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президентке биылғы бірінші жартыжылдықтағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
"Ертіс Орманының" директоры заңсыз ағаш сату үшін қылмыстық топ ұйымдастырған
Антикордың «Ертіс Орманы» бойынша ұсынуы Экология министрлігінде қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Ұшқыш балық»: Жүзуші Майкл Фелпс жайлы қызықты деректер
Америкалық кәсіби жүзуші Майкл Фелпс 23 дүркін олимпиада және 26 дүркін әлем чемпионы. «Ұшқыш балық» лақап аты бар Майкл Париж-2024 Олимпиадасына көрермен ретінде қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл туризмге салынған инвестиция 390 млрд теңгеден асты
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында туризмге салынған инвестиция екі есеге артып, 390 млрд теңгеден асты, ішкі туризмді ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі, ал спорттық инфрақұрылымды жақсарту еліміздегі физикалық белсенділікке қызығушылықтың артуына ықпал етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 7 айдың ішінде 388 өрт тіркелді
Сауда нысандарында өрт қауіпсіздігін сақтамаған 609 іс анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Ресейдің Волгоград облысында Қазан – Адлер бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы КАМАЗ жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
"100 млн теңге залал": Тараз әкімдігінің қызметкерлері тергеуге алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вице-министр ферроқорытпа зауытындағы апат туралы тың деректер айтты
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы ақпарат министрлікке екі сағат кешігіп жеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Екібастұз полицейлері мас күйінде көлік жүргізген 132 жүргізушіні жазалады
Жыл басынан бері Екібастұз полицейлері мас күйінде көлік жүргізген 132 жүргізушіні жазалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Сенатор Шымкент қаласындағы инфрақұрылым нысандарымен танысты
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласындағы №6 емхананың қызметімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің театрларына жыл басынан бері 1,5 миллионнан астам көрермен барды
Бүгінде елімізде 57 мемлекеттік театр тіркелген. Жыл басынан бері шығармашылық ұжымдардың қойылымын 1 501 418 көрермен тамашалаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Күндіз-түні жұмыс істейтін такси жүргізушілерінен қауіп бар – министр
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов күндіз-түні ұйықтамай жұмыс істейтін такси жүргізушілеріне талап күшейетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қала Spider-Man-дері: Жұмыс барысы мен айлық табысы қандай?
Өндірістік альпинистер – әсіресе жаз кезінде сұранысқа ие мамандардың бірі. Олардың жұмыс барысын суретке түсіріп, өндірістік альпинизм саласымен жақынырақ танысу үшін Астанадағы тұрғын үйлердің біріне бардық. Онда альпинистер жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бірін жылылау жұмысымен айналысып жатты. Ал оларды жұмыспен қамтып отырған Таңат Ахметбаев өндірістік альпинистердің жұмысы, табысы және осы саладағы қауіпсіздік мәселесі туралы BAQ.KZ тілшісіне айтып берді.
-
Еліміздің шаруаларына 5 млрд текше метрден артық су берілді
Жедел ақпаратқа сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 5 млрд текше метрден артық су берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Шымкент қаласының Спорт сарайы мемлекетке қайтарылды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару саласында жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
-
"Сене беруге болмайды". Экология министрі жаңбыршы Алтай Айнабек туралы пікір білдірді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «жаңбыршы» атанып кеткен Алтай Айнабектің жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құтқарушылар ШҚО тауларында жарақат алған әйелді эвакуациялады
Катон-Қарағай ауданында Мұзтау тауының етегінде серуендеу кезінде туристік топ құрамында 1973 жылы туған әйел аяғын жарақаттап алып, өз бетінше таудан түсе алмады. Медициналық көмек пен тасымалдауға мұқтаж болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Бір шұңқырдың кесірінен қаза тауып жатыр”. Министр жолы қауіпті өңірлерді атады
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қай өңірлерде жол апаты жиі болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл дала өрті екі есе, орман өрті үш есеге азайды – министр
Биыл министрлік табиғи өрттерге жеделден қоюды толығымен қайта қарады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде көлікті мас жүргізетіндер көбейген – ІІМ
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов еліміздегі көлік апаттарының себебін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жол апаты. Жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады – министр
Үкіметі отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов елімізде көлік апаты неге көбейгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көшпенділер ойыны: Көкпаршылардың дайындығы қалай
Көшпенділер ойындары қарсаңында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет басшысы: "Мопед мәселесі уайымға айналды"
Үкімет басшысы Олжас Бектенов мопед мінгендердің жол үстінде жиі апатқа ұшырайтынын айтып, Ішкі істер министрлігіне бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда "Graff" тұрғын үй кешені бұзылады
Нысан Ерменсай шағын ауданындағы үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде доллар мен еуро арзандады
Ұлттық банк 30 шілдеге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ақша баланың соңынан жүреді": Балабақшалар сапасы қалай жақсарады
Қазақстанда балабақшаларды субсидиялау қағидаты реформалануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер үйде өрт шықпай тұрып қайтыс болғаны анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысының Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды
Нұра ауданы Изенді ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол Кенжарық ауылдық округіне қызмет көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бұрынғы министр СІМ орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет: "Әлеуметтік әмиянды" кеңінен тарату қалай жүзеге асырылып жатыр
Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде "Әлеуметтік әмиян" аясында оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңбыр, жел, тұман: 30 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 30 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде гаражда тұрған екі автокөлік өртеніп кетті
Екі автокөлігі бар гараждағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандық оқушылар IChO - 2024 химия олимпиадасында ең жоғары марапатқа ие болды
Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Елімізден барған оқушылар жүлделі орындарды иеленді, оның екеуі — ең жоғарғы марапат, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Париж-2024: Бүгін жеті қазақстандық спортшы бақ сынайды
Бүгін, 30 шілдеде Олимпиада ойындарында бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшыларының телефон арқылы cөйлесті
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
-
Бүгін Астанада ауа сапасы нашарлайды
30 шілдеде синоптиктер еліміздің бір ғана қаласында қолайсыз метеожағдай күтілетінін болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Су тасқыны: Ақтөбе облысында 200-ге жуық үй салынып жатыр
Ақтөбе облысында ең көп үй - Ойыл ауданында, оның ішінде Қаратал ауылында бой көтеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Париж-2024: 29 шілдедегі спортшыларымыздың нәтижесі қандай
29 шілдеде қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасында спорттың бірнеше түрін бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында 4 орман өрт сөндіру станциясы салынады
Ақтөбе облысында бүгінгі таңда үш орман өрт сөндіру станциясының құрылысы жүріп жатыр. 2025-2026 жылдары тағы төрт станция салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында 26 адам құтқарылды
Алматы облысында 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Париж-2024: Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кирилл Герасименко Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты
Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Париждегі Олимпиада ойындарының 1/8 айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға өтті
Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр Батыс Қазақстан облысына барып тұрғын үй құрылысын қадағалады
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын бақылау үшін Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Наверх