Все новости за 22 шілде 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ферроқорытпа зауытындағы апат: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апатта зардап шеккен 31 жастағы қызметкер қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
29 шілдеден бастап "Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылданады
"Алматы жастары" жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның басым бөлігінде 40 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер ертең, 23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада тұрғын үйдің паркингінде трансформатор өртенді
Астана қаласының Нұра ауданында көпқабатты тұрғын үйдің паркингінде трансформатордан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан стенд атудан АҚШ-тағы турнирде алты медаль жеңіп алды
Стенд атудан Қазақстан командасы АҚШ-та өткен Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Беларусь барлаушылары Жоңғар Алатауында заңсыз қарулы топтың «көзін жойды»
Қазақстан мен Беларусьтің біріккен барлау бөлімшелері торуыл ұйымдастыру, қажетті ақпаратты алу және құпия құжаттарды алып, топты тұрақты орналасу пунктіне эвакуациялау мақсатымен таудан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында қоғамдық орындарды ластаған 2,8 мың азамат жауапқа тартылды
Абай облысында қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
ПТР-диагностика әдісі арқылы 36 карантиндік объект анықталды
2024 жылы ПТР-диагностика әдісі арқылы 36 карантиндік объект анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ сілтеме жасап.
-
ІІМ: Іздеуде жүрген 100-ге жуық қылмыскер ұсталды
1 1-18 шілде аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ІІМ жедел қызметтері 97 қылмыскерді ұстады, оның 28-і шет мемлекеттердің сұрауы бойынша. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 115 адамның орналасқан жері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
"Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда
Мәдениет және ақпарат министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен АҚШ инвестиция саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады
Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева «Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялық серіктестік» бағдарламасының АҚШ-тың арнайы үйлестірушісінің міндетін атқарушы Хелайна Мацамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапондық сарапшылар Қазақстанның 4 облысындағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді
Жапондық сарапшылар келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысының полицейлері 200-ден астам тұрғынды қабылдады
Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Жолда қабылдау” акциясын өткізіп, 200-ден астам тұрғынды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жетісуда ит пен мысыққа 178 млн теңге бөлінген
Облыс орталығында иесіз иттер қаптап жүр. Қала әкімдігі маңайдағы саяжайлар мен ауылдардан келген үй жануарларын толықтай құрықтай алмауда. Тұрғындар наразы деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс – Бектенов
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен Темір және Ойыл аудандарының тұрғындары үшін салынып жатқан жаңа үйлер құрылысының қарқынымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 10 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қор өкілдері жоғары аудиторлық палатаның тексеру қорытындысы бойынша пікір білдірді
Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, оның ішінде 5 филиалының 2022-2023 жылдардағы қызметін тексерді. Тексеру 3,8 трлн теңге мен 770 млн астам медициналық қызметті қамтыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты
Қазақстан мен Өзбекстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Облыстың бас кітапханашысы: Облыстық кітапхананың 14 мыңнан астам жас оқырманы бар
Биыл елімізде Ұлттық кітап күні пайда болды. Бұл атаулы дата Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру туралы берген тапсырмасына сәйкес бекітілді. Біз осы орайда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Сұлушаш Хакимовамен сұхбаттасып, өңірдегі оқырмандардың үлесі мен ақтөбелік жастардың кітап оқуға деген ынта-ықыласы жайлы сұрап білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Үй көгеріп, дымқыл тартқан”: Баспанасы су астында қалған тұрғын әкімдікпен бір шешімге келе алмай отыр
Көктемде елдің бірнеше өңіріндегі ауыл-аймақ пен кейбір қалаларды қызыл су басты. Тұрғындар қора толған мал мен баспанадан айырылды.
-
Алматыда Лаки Кесоглуға І дәрежелі "Барыс" ордені табысталды
Марапаттау рәсіміне өнер майталманының шәкірттері мен эстрада жұлдыздары қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Көшпенділер ойыны: Садақ атушылар сақадай сай
Алматыда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері көшпелі оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қалалық автобустарда жол жүру ақысы қанша?
Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы маусымдағы деректері бойынша еліміздегі қалалық автобустарда жол жүру ақысы қанша екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов БҚО Қоржын ауылында болды: үй салуға тартылған құрылысшылар саны 30%-ға артты
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен, шалғайда орналасқан Қаратөбе ауданы Қоржын ауылына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертіс жағалауында рейд жүргізілді
Бұл туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда сапалы суға зар ауылдар бар
Өңірде орталықтандырылған су желісіне қосылмаған елді мекендер аз емес. Биыл соның 20-сы таза суға қол жеткізеді. Кезекте әлі ондаған ауыл тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Донорлық ағзаларды трансплантаттау бес ауыр пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік берді
University Medical Center клиникаларында донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша сәтті жүргізілген операциялар ағзаны трансплантаттауды күту парағында тұрған бес адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Басқа елдерден келген этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді
Бизнес-иммигранттар және сұранысқа ие мамандар болып табылатын басқа елдің азаматтарына – этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 55 «Ата жолы» картасы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда "Қазпошта" АҚ кассирлері 84 млн теңге мемлекеттік бажды ұрлаған
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Құжат қабылдау 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды
Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 400-ден астам грант бөлінеді
Павлодар облысында әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын азаматтардың бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға 443 грант және жастар үшін 164 жеңілдетілген несие бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Алматыда ұлттық және отбасылық құндылықтар кең насихатталуда
Ұлттық құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану дағдыларын меңгереді
Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар: олар кімдер және қандай қызмет атқарады?
Агенттіктің бастамасымен биыл еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Газа секторында полиомиелит вирусы анықталды – ДСҰ
Қауіптің инфекцияның бары Хан Юнис пен Дейр-әл-Балахтағы ағынды сулардан алынған сынамалар нәтижесінде расталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Әзербайжанда Түркі ақпарат агенттіктерінің басшылары бас қосты
Әзербайжанда Түркітілдес ақпарат агенттіктерінің басшылары бірінші рет жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сапалы, қауіпсіз және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті – Үкіметтің негізгі басымдығы
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен еліміздің батысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балаларымның өндіріс саласында жұмыс істегенін қалаймын - металлург
Елімізде 90 мыңға жуық адам металлургия саласында жұмыс істейді. Сол еңбек адамының бірі Шихта дайындау цехының бас инженері Қайырбек Мархабатов. Ол өндіріс саласының қызығы мен қиындығын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбы ату қайта жаңғырды
Жамбы ату – қазақтың ежелден келе жатқан рухты ойындарының бірі. Құралайды көзге атқан мергендер жүйрік атпен шауып бара жатып, бағанға ілінген жамбыны садақпен атып түсіретін болған. Көшпенділер ойынын да бұл спорт түрінен атқа қонған мергендер сынға түседі. Спортшылардың дайынығын білу үшін «Жамбы ату» федерациясының бас директоры Елнұр Исақұлмен сұқбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
МӘМС жүйесінің мемлекеттік аудит қорытындылары шықты
Астана бойынша МӘМС шеңберінде екі ірі қызмет көрсетушіге бақылау тексерісі жүргізілді.
-
Димаштың Астанадағы концерті қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 22 шілдеде Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін STRANGER атты жеке концертіне билеттер сатылымға шығады. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты
Елордадағы Нұрлы жол вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында 19 бала заңсыз медреседе тәрбиеленген
Тексеру барысында 179 дана діни әдебиеттер анықталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі қабылданды
Алматы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова қала аумағын көріктендірудің бекітілген жаңа ережесіне пікір білдірді. Оның айтуынша, шаралардың күшеюі уақыттың жаңа талаптарына байланысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“5 адамның жағдайы ауыр”. Ферроқорытпа зауытындағы апаттың мән-жайы айтылды
Ферроқорытпа зауытындағы жазатайым оқиғаны тергеу Қарағанды облысы басшылығының тұрақты бақылауымен жүріп жатыр. Жауапты органдар аппараттық кеңесте жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістанда синтетикалық есірткі өндірісінің жасырын зертханасы жабылды
А.ж. 11 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
10,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін жаңа шарттар бойынша алды
"Халықтың көші-қоны туралы" заңды іске асыру аясында 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстанда қандас мәртебесін берудің бес негізгі шартын қамтитын жаңа тәсілдер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 1 тамыздан бастап жолақы қымбаттайды
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ президенттігіне жаңа үміткер Камала Харрис деген кім?
Камала Харрис 2021 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ вице-президенті қызметін атқарып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Апта басында доллар тағы қымбаттады
Ұлттық банк 22 шілдеге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аймағамбетов дарынды оқушыларға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дарынды оқушыларға мемлекет тағы бір жеңілдік жасайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
70 мың тұрғыны бар Сарыағаш ауданында топтық су құбырын салып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарынан кейін еліміздің тағы бір маңызды ауыл шаруашылығы аймағы Түркістан облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шегірткеге қарсы химиялық күрес жұмыстары 116 гектар жерде жүргізілді
Павлодар облысында шегірткелі зиянкестерге қарсы химиялық күрес жұмыстары 116 гектарлық аумақта жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Теміржол саласында 800 жыл еңбек еткен Қапышевтер әулеті
Алматыда тұратын Қапышевтер әулеті теміржол торабына әулетімен еңбек сіңірген. Осы салада зейнетке шыққан Мұрат Қапышев әуелтімен бір салада жұмыс істеудің қыр-сырын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады
Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Үйде өрт шыққан жағдайда не істеу керек
Төтенше жағдайлар министрлігі үйде өрт шыққан жағдайда жасалуға тиіс әрекеттерді еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Үндістанда қауіпті вирус таралып жатыр: 16 адам көз жұмды
Үндістанның Гуджарат штатында аз зерттелген, бірақ жылдам таралатын Чандипура вирусы таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында гараж өртенді
Ақмола облысы Аршалы ауданында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Таиландтың Сирача қаласында 20 жасқа дейінгі грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Джо Байденге қатысты ақпараттан соң мұнай бағасы көтеріле бастады
АҚШ президенті Джо Байденнің сайлауға кандидатурасын ұсынудан бас тартуға қатысты мәлімдемесінен соң «қара алтынның» бағасы күрт өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
22 шілдеде синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеожағдай күтілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Шығыс Қазақстанда моншадағы өрт сөндірілді
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 10 шаршы метр алаңда монша өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда қала күні атап өтілді
Павлодарлықтар қала күнін тойлады, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Су тасқыны: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 55 отбасы баспаналы болды
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы бойынша су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Ақмоладағы ұшақ апаты: Министрлік мәлімдеме жасады
Көлік министрлігі Ақмола облысындағы ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Qazaq Marathon Abay: Семейде ерекше марафон өтті
Семейде спорт сүйер қауым үшін "Qazaq Marathon Abay" марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.
-
Джо Байден президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынудан бас тартты
АҚШ-тың президенті Джо Байден президент сайлауынан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх