Все новости за 20 шілде 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Екі қазақстандық төреші теннистен Парижде төрелік етеді
Париж олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан дзюдошылары Азия кубогынан 5 жүлде иеленді
Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия кубогынан 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, төрт жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдыкөл көлінің аумағындағы өрт толық сөнді
Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 1500 ш.м. алаңда жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз бойынша 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК 2024 жылы 21 шілде, жексенбіде Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әзербайжанда білім алуға гранттар бөлінді
Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде білім гранттары бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ ғылым және жоғарғы білім министрлігіне сілтеме жасап.
-
KazChess ФИДЕ-ге Гиннестің рекордтар кітабына енуге көмектесті
Бүгін Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған жалпыұлттық KazChessFest фестиваліне қатысып, Халықаралық шахмат федерациясына (FIDE) Гиннестің рекордтар кітабына енуіне көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына барды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Ақтаудағы алғашқы көлік сауда-экспорттық форум аясында Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан өкілдерінің үшжақты кездесуі өтті.
-
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 10 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
-
Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінде жас сарбаздар әскери ант берді
ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері 78460 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі 80 жауынгері салтанатты жағдайда әскери ант берді.
-
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды
Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасы – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 50 күн қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қосшыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті
Оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу балаларының 27 пайызы өзге тілде оқиды
Қыркүйек айында мектеп қабырғасына аяқ басуға асық 12 мыңнан астам бала бар. Соның үштен бір бөлігі орыс және ұйғыр сыныптарына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Талдыкөл аумағында өрт болып жатыр
2024 жылы 20 шілдеде Астанада Талдыкөл аумағында құрғақ шөпте тұтанған от алапат өртке ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алакөлде суға кеткендер көбеюде
Шипалы көлден ем іздеп барып қайғылы жағдайға тап болған отбасылар бар. Бүгінге дейін 20-ға жуық адам құтқарылса, бір демалушы суға батып қаза тапқан
-
Роман Скляр Ақмола облысындағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Степногорск және Көкшетау қалаларының жылумен жабдықтау көздеріндегі жөндеу жұмысының барысымен танысты.
-
Астана саябақтарында спорттық іс-шаралар марафоны өтеді
Green case компаниясы елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен спорттық және ойын-сауық іс-шараларының марафонын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақстан оқыту белсенділігі бойынша әлемнің топ-20 қатарында
Қазақстан жаһандық дағдылар индексі бойынша 109 ел арасында 32-ші орынға ие болды, бұл еліміздегі кадрлардың кәсіби дағдыларын дамытудағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда газдандыру жүйесі баяу жүруде
2025 жылға дейін Жетісу халқының 50 пайызы көгілдір отынмен қамтамасы етілуі қажет болған
-
Әскери институтта цифрлық технологиялар енгізілуде
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында талапкерлердің құжаттарды тапсыру процесін жеңілдету және күту уақытын қысқарту үшін QR коды арқылы тіркеу жүйесі енгізілді.
-
Өртеніп жатқан көліктен үш бала құтқарылды
2024 жылы 20 шілдеде Астанада өртеніп жатқан көліктегі үш баланы оқиға куәгері құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін халықаралық шахмат күні
1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Таза Қазақстан”: Астанада "Jasyl Fest" экофестивалі өтті
"Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі” ауқымды экоакция аясында "Jetisu" саябағында алғашқы "Jasyl Fest" экологиялық фестивалі өтті
-
Тоқаев Руанда президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада теннистен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр
Теннистен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 15-19 шілде күндері дәстүрлі ATF 16&UNDER BABOLAT OPEN турнирі өтіп жатыр
-
Ферроқорытпа зауытындағы жағдай: Қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Қазақстан алюминийі» АҚ 60 жылдық мерейтойын атап өтті
Өңірдің ірі жүйе құраушы кәсіпорны «Қазақстан алюминийі» АҚ өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болды
Бүгін сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Сегіз жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Олимпиада: Семсерлесуден ел намысын кімдер қорғайды
Семсерлесуден Олимпиада ойындарына 5 спортшымыз бақ сынайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Creative summer»: астаналықтар үшін демалыс күндері ерекше бағдарлама дайындалды
1 маусым мен 31 тамыз аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін әр сенбі және жексенбі күндері «Creative summer» жазғы жобасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақстан өңірлері Пермь өлкесімен ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Пермь өлкесіне жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таразда вейп сататын жерасты дүкен анықталды
Таразда "Қарасора-2024" іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын "Smoking shop" жерасты дүкені анықталды. Полицейлер 1 миллион теңгеден асатын электронды темекі тәркіледі6 деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды
Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, өңірлік полицияның бірқатар жаңа ғимараттарын ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Отандық тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында «Qazaq Tuqym» консорциумы құрылды
ҰАҒББО трансформациялау аясында «Qazaq Tuqym» ғылыми-өндірістік консорциумы құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 16 жағдайы тіркелді
Жыл басынан бері Конго-Қырым қызбасының 16 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Украинада Жоғарғы Раданың бұрынғы депутатына қастандық жасалды
Украинаның Львов қаласында Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионның өміріне қастандық жасалды. Белгісіз біреу оның басынан оқ атқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК қалалардағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да гараж өртенді
Батыс Қазақстан облысы, Байтерек ауданы Көшім ауылында гараж өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады
Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі аяқталуына екі ай қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде үстел теннисінен республикалық ашық турнир өтеді
Кеше, 19 шілде күні Ақтөбеде үстел теннисінен Aqtobe Cup республикалық ашық турнирі басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
ШҚО-да ат спортынан республикалық ашық турнир өтіп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында Паралимпиадалық және арнайы Олимпиадалық бағдарламалардың спортшылары үшін «Қазақстан Республикасы ат спорты федерациясының кубогына» арналған Ашық Республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда қызға таласқан жігіттер пышақтасып, бір бозбала көз жұмды
Алматыда қызға таласқан жігіттер пышақтасып, 17 жастағы бозбала қайтыс болды. Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полицейлер көп ұзамай қолға түсірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 22 шілдеден жылу жүйелері үш апталық сынақтан өткізіледі
22 шілде мен 9 тамыз аралығында Алматы қаласының барлық аудандарында жылу желілерін жөндеуден кейін гидравликалық сынақтан өткізу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Душанбеде Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті
Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрлерінің бірінші орынбасарлары Роман Скляр мен Хоким Холикзодтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх