Все новости за 12 шілде 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында орналасқан көлік айрығының жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде мемлекеттік "Теңіз жасағы" компаниясы құрылады. Ол немен айналысады?
Қазақстанда жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Теңіз жасағы" акционерлік қоғамы құрылады. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"ҚазАвтоЖол" жолда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін ескертті
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жыл сайын жазда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін еске салады. Шектеулер 1 маусымнан 31 тамызға және 1 маусымнан 15 тамызға дейінгі аралықта өз күшін сақтайды. Бұл арада өңірлерге байланысты айырма бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Сәтбаев көшесі ішінара жабылады
Алматыда Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сәтбаев көшесі ішінара жабылады. Бұл туралы 12 шілдеде "Алматы жылу желілері" ЖШС ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ең негізгісі – халықтың борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеу – Айбар Олжай
Егер сізге банк кредит бермесе, оған ренжудің еш жөні жоқ.
-
Әділет министрлігі алаяқтыққа қарсы пилоттық жобаны іске қосты
Алаяқтық әрекеттермен күресу мақсатында ҚР Әділет министрлігі 1414-тен СМС және EGov-mobile push-хабарламалар арқылы азаматтарды хабардар ету бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Алматыда полицияның 6 қызмет көрсету орталығы ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен “қолжетімді полиция” қағидатын жүзеге асыру мақсатында Алматыда полицияның қызметтік моделін енгізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда MMA турнирі жаңа форматта өтеді
13 шілдеде оңтүстік астананың ең үлкен стадионында Hardcore HFC MMA-ның промоутерлік екінші турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
12 шілдеде Ақтөбе қаласында облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі жоспарлар бойынша жария талқылау өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатор Шымкенттегі ауруханалардың жұмысымен танысты
Сенаторлар Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын жақсарту мәселесін медицина қызметкерлерімен бірге талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Сенаты ТМД ПАА аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға бастамашы болды
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Х БРИКС Парламенттік форумының қорытынды жиындарына және ТМД елдерінің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда үстел теннисінен турнир өтеді
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәжіліс депутаты Абай облысы тұрғындарының мәселелерін тыңдады
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапарлары жалғасып жатыр. Семей облысынан бірмандатты округ бойынша сайланған Нұртай Сабильянов Абай облысының бірқатар ауданы мен ауылдарын аралап, халықпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Олимпиадаға іріктеу. Хоккейден Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды
29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Братислава қаласында шайбалы хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жылқы ұрлаған қылмыскер 8,5 жылға сотталды
Алматы облысында жылқы ұрлаған адам 8,5 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Жыл басынан бері елордада 3 бүлдіршін терезеден құлап, опат болған
Ал жалпы биыл Астанада балалардың қатысуымен мұндай 19 оқиға тіркеліпті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналықтар өз үйлерін газдандыруға әлеуметтік көмекті қалай ала алады
Астанада газ жүргізуге біржолғы әлеуметтік көмек газдандыруға жататын жеке тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға есептеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр
Облыс тұрғындары сенбіліктер ұйымдастырып, жоғары белсенділік танытты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Комаға түскен сарбаздың жағдайы қалай? - Қорғаныс министрлігі жауап берді
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин Жамбыл облысы Отар кентіндегі әскери бөлімде комаға түскен мерзімді қызметтегі сарбаздың жағдайы қалай екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне грант бөлінеді
ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен брифингте көктемде ТЖ болған өңірлердің түлектеріне неше грант бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақылды ауыл шаруашылығы орталығының нәтижелері 4 жылда белгілі болады – Фараби Ермеков
Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы 7 бағытта жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰБТ-2024: Ең көп грант қай мамандыққа бөлінеді
ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен брифингте биыл неше грант бөлінгенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Университетке түсуге құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен брифингте грант конкурсына қатысуға өтініштер қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Антикор: Әділет экс-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды
Аталған істердің әрқайсысы бойынша залал 1 млрд теңгеден асады.
-
Биыл ауыл оқушылары ҰБТ-дан ең жоғары балл жинайды
Бұл туралы ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰБТ-2024: Биыл неше талапкер шекті балл жинады
ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова биылғы ҰБТ нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Алматыдағы көлік және цифрлық инфрақұрылым нысандарына барды
Үкіметаралық комиссия отырысына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов Алматыдағы бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысы «Ауыл аманатына» бөлінген қаржыны игере ала ма
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасына бөлінген қаржыны игеруде қиындықтар туындауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам денсаулығын қалай күткені дұрыс
Германиядағы Аахен университет клиникасының гастроэнтеролог-гепатологы, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының профессоры және консультанты, GHTG.kz вице-президенті Қахарман Есмембетов адам денсаулығына қалай көңіл бөлгені дұрыс екенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Гепатиттен емделген адам донор бола ала ма
Германиядағы Аахен университет клиникасының гастроэнтеролог-гепатологы, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының профессоры және консультанты, GHTG.kz вице-президенті Қахарман Есмембетов С гепатитінен емделген адамның қанында вирус қалмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы ашылды
Орталық ҚазҰАЗУ бас ғимаратында орналасқан. Орталықты ашуға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚХР Ланьчжоу университеті бірлесе әркет еткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналық оқушы АҚШ-тың 8 беделді университетінен грант алды
Астана қаласындағы Халықаралық мектептің түлегі Акрам Сафиязов Халықаралық бакалавриат (IB) емтиханынан максималды 45 ұпай жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фоторепортаж: Алматылықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды
Қала тұрғындары ай сайынғы тапқан табысының 4/2 бөлігінің азық-түлікке кететінін, ал бағаның ай сайын өсіп келе жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде әскери жиындар өтеді
Елімізде 18 шілдеден бастап Қазақстан Қарулы күштерінде әскери міндеттілерді дайындау бойынша 30 күнге созылатын әскери жиындар өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатор әскери бөлімде болды
Сенатор Сарыбаев Талдықорғанда әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауды арттыру мәселесін ұландармен бірге талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Париж олимпиадада спортшыларға 500 түрлі тағам ұсынады
Францияда жазғы олимпиада ойындары кезінде спортшыларға тәулік сайын өсімдік өнімдерінен әзірленген 40 түрлі тағам ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Асхат Аймағамбетов: Басшылар мен ұстаздар қазірден дайын болуы керек
Жайлы мектептер қалай салынып жатыр? Мәжіліс депутаттары өңірлерге жұмыс сапарында Қарағанды облысында салынып жатқан бірнеше "Жайлы мектептің" құрылысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында жолдарды интернетпен қамту мәселесі шешілді ме?
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды ұялы байланыспен және интернетпен қамту мәселесі әлі шешілмей келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Талдықорғандағы коттедж қалашығында 200-ден астам үй бос тұр
Осыдан бірнеше жыл бұрын Береке шағын ауданынана тиесілі 577 екіқабатты үй салу жоспарланған. Дегенмен жемқорлықтың кесірінен тұрғын үйлер аяқсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Беларуссияда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің кездесуі өтті
Бүгін Витебскіде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлері кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Науқастар ауруы қатты асқынып кеткенде келіп жатады – дәрігер
Уақытылы тексеріліп тұруы үшін не істеу керек?
-
Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық сауданың 57%-ы тиесілі
Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Абдулла Ариповтің төрағалығымен екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 21-отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе және Қостанайда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу алаңдары ұлғайтылады
Бүгінгі таңда химиялық өңдеу жоспарланған 2,5 млн га аумақтың 2,3 млн гектарында қорғау іс-шаралары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері 5,5 млн жолаушы тасымалдады
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дәрігер гепатиттің қалай алдын алуға болатынын айтты
Елордада гастроэнтерология және гепатологиядағы диагностика мен емдеудің өзекті әдістері талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
45 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бурабайда 40-қа жуық отбасы қоныс тойын тойлады
Щучинск қаласының элиталық тұрғын үй кешеніндегі жайлы пәтерлерді халықтың әлеуметтік осал топтарынан 9 отбасы алды. Жыл соңына дейін Бурабай ауданында барлығы 40 пәтер сатып алынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аутизмді ерте анықтаудың тың әдісі табылды
Қытайда ғалымдар ересектер мен балалар арасында аутизмді ерте анықтаудың тың әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Павлодар облысындағы ауылдардың 99%-ы ауызсумен қамтылады
Биыл Павлодар облысындағы ауылдарды сапалы ауызумен қамту көрсеткіші 99,3%-ға жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
АШМ мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жобасын жүзеге асыруда
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерінің толық қадағалануын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25%-ке дейін төмендетті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуы салтанатты түрде ашылды
Салтанатты рәсім Ақтау қаласының теңіз жағалауында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда балабақша тәрбиешісі екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Павлодарда кәмелеттік жаста толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотта балалардың қауіпсіздігіне салғырт қараған тәрбиешіге қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Алакөл маңында жер сілкінді
Жетісу облысындағы Алакөл көлі маңында түнде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Неліктен кеденде тауарларды қайта тиеу шектелген
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы не дейді
-
Әзербайжанның әскери мамандары киберқауіпсіздік жөнінде курс өткізді
Дәріс сабақтары мен кездесулер Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркия ШЫҰ тұрақты мүшесі болуға мүдделі
Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Trthaber.com ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
-
Құны 900 млн теңге болатын хоккей клубы мемлекетке қайтарылды
Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңге болатын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Апта соңында доллар бағамы тағы өзгерді
Ұлттық банк 12 шілдеге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада бірнеше автобустың жүру бағыты өзгерді
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан бері 28,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 190 кәсіпорны 11,2 мың жұмыскерге 2,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сынып жетекшілері ата-аналарға ақыл ғана айтпауы керек – мектеп директоры
Сынып жетекшілері ата-аналарға ақыл ғана айтпай, пайдалы практикалық әдістерді де ұсынуы керек. Мұндай ойды С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі директоры Гүлжан Төлеу айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰҚК 4 өңірде радикалдарды ұстады
Қазақстанның 4 азаматы мен 1 шетелдік қамауға алынды
-
Демалыс күндері Жерде магниттік дауыл болады
Астрономдар 13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні G1 деңгейіндегі магниттік дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмоладағы Егіндікөлге су 1 тамызда берілетін болады
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының тұрғындарымен кездесуді сумен жабдықтау мәселесінен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Жоғары аудиторлық палата мамандары әзербайжандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Баку қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстанның жоғары аудиторлық палатасының мамандары Әзербайжан Есеп палатасының қызметкерлері үшін тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Батыс Қазақстанда жүк көлігі өртенді
Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Төрт қалада ауа сапасы ластанады
12 шілдеде синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеожағдай күтілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Өрт кезінде жеті адам құтқарылды
Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Астанада "Birgemiz: areket yaqyty" жобасының тұсауы кесілді
Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасын таныстыруға арналған конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Израильдегі елшісі Дәулет Ембердиев Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
-
ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға қатысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Елордада жөндеу жұмысына байланысты бір көше ішінара жабылады
Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты Астанада 12-17 шілде аралығында Республика даңғылынан бастап С. Рақымов көшесіне дейінгі учаскедегі Ә.Жангелдин көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Францияда әйгілі собор өртеніп жатыр
Францияда елдің ұлттық мұра ескерткіші саналатын Руан кафедралды соборы өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх