Все новости за 23 қараша 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Ерейментау ауданы Селеті ауылының емдеу-профилактикалық мекемесіне алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін 340 азамат жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Қызылордада жаңа кірпіш зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені – балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" синоптиктері 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
Бұған дейін сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерде тұрып жатқандар енді өз баспаналарын жекешелендіре алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.
-
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды
Елордалық №103 мектепте STEM пәндері бойынша халықаралық олимпиада басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
-
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі, мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
2024 жылдың 23-25 қараша аралығында Абай облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Құрманбек Бәкірұлын және Ауыл шаруашылығы саласының үздігі Керімхан Егізбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Биыл Жамбыл облысының құрылғанына – 85 жыл. Осы жылдар белесінде өңір экономикасы өрлеп, тұрғындар жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандардың игілігін көріп келеді.
-
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады
Монополистер қазақстандықтарға жылу үшін төленген 768 миллион теңгені қайтарады. Қайтарылатын сома ағымдағы жылыту маусымында жеке шоттарда көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
-
АҚШ долларының құны артып барады
Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі 23 қарашадағы орташа алынған валюта бағамы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқимын деген азаматқа жол ашатын «Болашақ» бағдарламасына алғысым шексіз – журналист Арай Канапьяева
Бүгінде білімге құштар, мақсаты айқын жастар көп. Әсіресе, отбасы ошақ қасының шегарасын кеңейтіп, қызмет атқарып жүрген қазақ қыздары бар. Тіпті, баламен мұхит асып, АҚШ-та білім алған аналарға қарап тамсанасың
-
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Бүгін Астанада бірлескен профилактикалық жұмыс аясында елордалық және ақмолалық құтқарушылар елорда мен оған іргелес орналасқан облыстың аудандарында бірлескен рейд өткізді.
-
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді.
-
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Қонаев гарнизоны 32363 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен секіру элементтерін үйренуде. Бұл әуе-десанттық дайындықтың аса күрделі әрі жауапты кезеңдерінің бірі.
-
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды
Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандық аграрлық жоғары оқу орындары Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Қазақстанға жұмыс сапары барысында РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут аграрлық ғылымның дамуымен және ҚР агроөнеркәсіптік кешеніне кадрлар даярлау жұмысымен танысты.
-
Бұрынғы UFC чемпионы Рахмонов — Гэрри жекпе-жегіне болжам жасады
Бұрынғы UFC чемпионы, қазір комментатор әрі сарапшы Майкл Биспинг қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) мен жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватия Республикасына ресми сапары аясында экономиканың түрлі секторларын ұсынатын жетекші хорват компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.
-
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Астана тұрғындары үшін «Түнгі жүгіріс» іс-шарасы ұйымдастырылып, 22 қараша қараша күні 21:00-де Ботаникалық саябақта елордалықтар 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, таэквондодан қара белбеу 6-дан иегері, ұлтжанды, біртуар азамат Мұстафа Өзтүрік көзі тірі болғанда бүгін 70 жасқа толар еді.
-
Алматы облысында монша өртенді
23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жапек ауылында монша кешені отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Португалияда өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жұптық бәсекесінде жартылай финал кездесулері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Астана аспанында истребительдер ұшады
23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
-
Қарулы күштерде Әскери кадр қызметкерлері күні атап өтілуде
Мерекелік күн 1991 жылғы 23 қарашада Қазақ КСРО кадрлар басқармасының Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрамында КСРО Қорғаныс министрінің білім беру жөніндегі директивасының қабылдануымен байланысты. Кейіннен Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылғы 7 мамырда комитет министрлік болып қайта құрылды және кадрлар басқармасы оның құзырына өтті.
-
ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашы сәби дүниеге келді
Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биылғы алғашы сәби дүниеге келді.
-
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Шымкент қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік.
-
Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Сайран су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, онда жағажай аймақтарымен қатар заманауи қоғамдық кеңістік құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Алматы облысында Іле Алатауы тауларында ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
23 қарашада еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Жетісу облысында 3 адам өрттен аман қалды
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 3 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Қарулы күштер Тылы бастығының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметтердің (жанар және жағармай материалдары қызметінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұрат Нұртілеу Хорватия премьер-министрімен кездесті
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватияға ресми сапарының екінші күні Хорватия Республикасының премьер-министрі Андрей Пленковичтің қабылдауында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысында жедел жәрдем үшін жаңа санитариялық автокөлік берілді
Жамбыл облысының медициналық ұйымдарына 4-санаттағы жедел жәрдемді қоса алғанда, 33 жаңа санитариялық автокөлік берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Елордада электромобильдерді пайдалану бойынша мамандар даярланады
Астананың Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Қолданбалы электроника мен телекоммуникацияның инновациялық оқу зертханасы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Өскемендегі әскери бөлімде ағайынды егіздер қызмет етеді
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде ағайынды егіздер мерзімді қызмет өткеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Алматыда жиһаз цехы өртенді
Алматы қаласының құтқарушылары Жетісу ауданы Айнабұлақ-1 ықшам ауданындағы жиһаз цехы өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
"Мұз-2024" акциясы аясында Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада алғаш рет Абай шығармашылығына арналған моноопера сахналанды
"Астана Опера" театрында ұлы ақын, ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған "Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай" монооперасның премьерасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх