Все новости за 23 қыркүйек 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан мен Қытай медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен ұйымдастырылған Қытай Халық Республикасының қатысушыларымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мәселелері бойынша еларалық диалог жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбе облысында 25 тонна шөп өртенді
Бүгін Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында 25 тонна жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
24 қыркүйекте еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты
"Алтыналмас" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы 18 қыркүйекте "Ақбақай" жерасты тау-кен жұмыстары учаскесінде болған жазатайым оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада адам папилломавирусына қарсы екпе салу басталды
Елордада адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация науқаны басталды. Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында ауызсу құбырын жүргізу жұмыстары бірнеше жылдан бері аяқталмай келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғани Бейсембаев: Мектеп әкімшілігі қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы тиіс
Ғани Бейсембаев Ақтөбе облысының мектеп директорларымен және педагогтермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенаторлар атом электр станциясын салудың маңызы туралы айтты
Сенат депутаттары, атом электр стансасын салу жөніндегі халықтық штаб мүшелері Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Махамбет ауданында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Қытай құрылыс саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков құрылыс саласындағы ірі қытайлық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан бері жол ережесін 27 рет бұзған жүргізуші қамалды
Елордада Мәңгілік ел даңғылында жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген, Lexus көлігін басқарған қала тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда қоқыс жәшіктерін тазалау үшін қосымша патруль енгізіледі
Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қоқыс жәшіктерін тазалауды бақылау бойынша жаңа шаралар енгізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскери билет жасап бермек болған алаяқ ұсталды
Елордалық полиция қызметкерлері құжаттарды жасауға уәде берген алаяқты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да прокурорлар еңбек құқығын қорғады
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және жалақыны уақтылы төлеу мәселелерін бақылауда ұстайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу күшейтіледі
Негізгі мақсат – есірткінің таралуын болдырмау және нашақорлар санын азайту, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам ата-ана тіркелді
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам пайдаланушы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Елімізде Әзербайжан Республикасының мәдениет күндері өтеді
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанай облысында 100-ден астам бала ойын-сауық орындарында ұсталды
Заң кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін ата-анасының еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуға тыйым салады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бұрынғы спорт министрі жаңа қызметке тағайындалды
Премьер-министрдің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өтеді
23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ольга Булавкина төртінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина «Әйелдер сенім мен жаһандық ынтымақтастық орнату жолында» тақырыбы бойынша өткен төртінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы хирургтар форумында тікелей эфирде 6 операция жасалды
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ұйымдастыруымен өткен «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық форумы мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Уран өндіруге салықты көтеру Канадамен байланысты бұзбайды – министрлік
Елімізде бірнеше канадалық компания энегетикалық жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Студенттерге қыркүйектің стипендиясын кешіктіріп төлейтін болды
Елімізде бірінші курс студенттеріне стипендия қазан айында төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы Ботаникалық бақта Ayelder Zhany деп аталатын демалыс алаңы бой көтерді
Алматының Ботаникалық бағында әйелдердің демалуы үшін арнайы жасалған Ayelder Zhany алаңын орналастыру жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда жылыту маусымына дайындық әлі жүріп жатыр
Талдықорған жұрты жылу сусыз отыр. Ата-аналар балалары сабаққа барар уақытта құбыр қазатын жергілікті билікке шағым айтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов агробизнес өкілдерімен астық жинау науқанының барысын талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда жалпы көлемі 36 га жуық жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментімен бақылау мен қадағалау субъектісіне (обьектісі) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау барысында Жер Кодексінің 48-бабы талаптарының сақталмағандығы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы сауд халқын Ұлттық күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Павлодарда тұрғын үй секторындағы өрттен алты адам ажал құшты
Павлодар облысында өткен жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында 77 өрт тіркеліп, алты адам көз жұмған. Тағы он азамат жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
"Баянауыл" ұлттық табиғи паркінде өртті ерте анықтау жүйелері орнатылады
Келесі жылы "Баянауыл" ұлттық табиғи паркінің аумағында өрттерді ерте анықтау жүйелері орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Қостанайда есірткі таратқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Бұған дейін полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қостанайда үш жасар бала магнит жұтып, көз жұмған
Қостанайда үш жасар баланың өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Время» басылымына сілтеме жасап.
-
Алматыда жас жігіт көп қабатты үйден секіріп кетті
Әлеуметтік желілерде Әуезов аудандындағы көп қабатты үйлердің бірінен жас жігіттің секіріп, қаза болғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ертіс орманы" резерватында ағаш кесуге 5 жылға мараторий жарияланды
Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік резерватында ағаш отауға бес жылға мараторий жарияланды. Салалық мекеменің бұйрығы 2029 жылға дейін қолданыста болады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды
Облыста су тасқыны кезінде зардап шеккен гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оның барысын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді,деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әулиетаудың тылсым күші немесе дұға-тілек қабыл болатын киелі тау
Ұлытау – ұлт ұясы. Бұл қазақтың киелі мекені. Ұлытаудың ажырамас бір бөлігі - киелі Әулиетау тауы. Ол – табиғаттың таңғажайып туындысы. Бұл түрлі аңыз бен оқиға байланыстырылған жер.
-
Референдум. Есептен шығару туралы куәлікті қалай алады
Дауыс беру кезінде азамат есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатын ұсынады
-
Ақтөбе облысында мал ауруларының 8 ошағы тіркелді
Биыл Ақтөбе облысында пастереллез, құтыру және қарасан ауруларымен ауырған мал ошақтары табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде 2,5 мыңға жуық мектепте білім беру сапасына тексеру жүргізіледі
Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті биылғы жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰҚК бірнеше қалада операция жүргізіп, 50 адамды ұстады
Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Қайғылы жағдай Еңбекшіқазақ ауданында Талғар-Есік тасжолында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.
-
Қыркүйек айының соңында Бұқтырма су қоймасынан су жіберіле бастайды
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында қыркүйек айының соңынан бастап еріген қар суын қабылдауға орын босату үшін Ертіс өзені бойындағы Бұқтырма су қоймасынан су жіберіле бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарлық дәрігерлер химиялық заттармен уланған балалардың өміріне араша болды
Павлодарлық дәрігерлер химиялық заттар немесе медициналық препараттармен уланып қалған кәмелеттік жасқа толмағандардың өміріне араша болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Қар жауып, -7 градусқа дейін аяз болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Жетісу өңірінде жер сілкінісі болды
23 қыркүйек күні сағат 01:52-де Жетісу облысында 10 шақырым тереңдікте магнитудасы 2,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мүгедектікті белгілеу үшін тәуелсіз сарапшылар тартыла бастады
Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберетін азаматтарды сырттай проактивті форматта куәландыруға тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Референдум. Тізімде бар-жоғыңызды қалай тексеруге болады
Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде өзіңіздің бар-жоқ екеніңізді қалай тексеруге болады
-
Өңірлік тексеру комиссиялары таратылады
Қазақстанда өңірлік тексеру комиссияларын тарату жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұран жолбарысын тірілте алдық па?
Бүгін Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жобасының аясында Тұран жолбарысы Орталық Азияға оралды. Ең қолайлы жер ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Есіл өзенінің атырабы мен оның шығыс жағалауы таңдалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тау шыңын бағындыру жай хобби емес – жауынгер
Алматылық Дмитрий Казанцев – бүгінде Өскемендегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер. Ол әскерде жүрсе де, тауға шығуға қызушылығын жоғалтпаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жолбарыстар Қазақстанға оралады
Бірінші халықаралық жолбарыстарды қорғау форумында (2010 жылы Санкт-Петербургте) барлық жолбарыс ареалы бар елдер 2012 жылға дейін жабайы табиғаттағы жолбарыстар санын екі есе көбейтуге (шамамен 3000 басқа) келісті, ал Қазақстан үкіметі елде жолбарысты қайта енгізу жұмыстарының басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұмыс берушілер тарапынан МӘМС жарналары дұрыс аударылмаған азаматтардың мәселесі назарда
Жұмыскерлер ұзақ мерзімді демалысқа шыққан кездерінде медициналық сақтандыру мәртебесін жоғалтпаулары тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгінгі валюта бағамы қандай болды
Ұлттық банк 23 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балабақша бухгалтері қарыздарын өтеу үшін 15 миллион теңге ұрлап алған
Балабақша бухгалтері өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сырдарияда суды автоматты есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекет анықталды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінде суды автоматты есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекетті анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
14 жастағы қызбен жақын қарым-қатынаста болған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Бас прокуратура он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде бензин қымбаттамайды
1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты бір айға жұмысын тоқтатады. Бұл жылына бір рет жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстары. Бұған дейін наурыз айында Шымкент мұнай өңдеу зауыты, маусым-шілде айларында Павлодар зауыты жөндеуден өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясында «Болашақ саммиті» басталды
Сессия аясында әлемдегі ауқымды оқиғалар “Болашақ саммитінде" қаралып жатыр. Бұл БҰҰ Бас Ассмаблеясының 79-сессиясы аясындағы жиын. Жиынға біздің елден Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқа Істер министрі бастаған делегация барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін үш қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
23 қыркүйекте еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыстан табылды
Ақтаудағы 3-шағын ауданда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерлерінің жанынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Катонқарағай ұлттық паркінде ерекше жаңа көбелектер табылды
Дала жұмыстары кезінде Катонқарағай ауданында Chelis pardalina көбелектері кездескен. Барыс сияқты тарғыл көбелектерді ұлттық парк мамандары ҚР Зоология институтының энтомология зертханасының қызметкері Сергей Титовпен бірге жоспарлы дала жұмыстары барысында кездестірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Өткен тәулікте 6 өңірде тұрғын үй секторынан өрт шықты
Өрт сөндірушілер Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Жетісу облыстарында әрқайсысында бір оқиғадан және Қарағанды облысында екі оқиғадан, Алматы облысында үш оқиғадан 9 өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алған қыздарға атақ беріледі
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері коммерциялық сатып алу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Сібір жарасы: ДСМ мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сібір жарасының жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теннис: Анна Данилина Таиландта өткен WTA турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Тайландта өтіп жатқан WTA 250 сериясы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді. Франция президенті әкімшілігінің басшысы Алекси Колер жаңадан жасақталған Үкімет құрамындағы министрлер тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы тауларынан ер адамның мәйіті табылды
22 қыркүйекте Алматы-Алагыр асуына жақын жерде Проходное шатқалында ер адамның мәйіті табылғаны туралы құтқарушыларға қоңырау түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх