Все новости за 28 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Украин тілі. Біржола шешім қабылданды
Украин тіліне 120 рет тыйым салынып, жойылу қаупі төнген.
-
«Nomad Explorer» - туристерді тартуға жасалған экспедициялық жоба
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кең ауқымды экспедицияға бизнес-құрылым, зиялы қауым өкілдері, отандық шоу-бизнес жұлдыздары, блогерлер және БАҚ өкілдері, барлығы 1000 адамдай қатысқан болатын.
-
Президенттікке кандидаттарды ұсыну кезеңінде ОСК-ға 35 өтініш келіп түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын жариялады.
-
Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына ұсынылған кандидаттардың қорытынды тізімін шығарды.
-
Шымкентте жүк көліктердің жүруіне тыйым салынған көшелер анықталды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысын бақылауға арналған «Жол картасы» бекітілген.
-
«Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі президенттікке өз кандидатын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Жұматай Әлиев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.
-
Атырауда сенбілік аясында екі мың көшет егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуежайға баратын жол бойына шаған, үйеңкі, қарағаш көшеттері егілді, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
«Оңтүстік аңыздары» Сауранда түйінделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сауран қалашығында «Оңтүстік аңыздары» тақырыбындағы «Nomad Explorer» республикалық туристік экспедициясын қорытынды күні әрі жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.
-
Шымкентте АӘК құжаттарын 7 орталықта қабылдап жатыр
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте сәуірдің алғашқы үш аптасында атаулы әлеуметтік көмек алуға 20405 адам құжат тапсырған. Барлығы 38 мыңға жуық адам осы атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес алыпты.
-
«Канелоның» промоутері үшінші жекпе-жек үшін Головкинге шарт қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің өкілі, Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Sports.kz.
-
Шымкентте ауылшаруашылыққа қатысты 34 жоба жүзеге асады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте ауылшаруашылық саласына қатысты жалпы сомасы 25 млрд теңгеден асатын 35 жоба жүзеге асырылады. Оның басым бөлігі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, яғни тұрмыстық экономика бойынша жалпы сомасы 13 млрд теңгеге жуық 23 жоба бар.
-
Бурабайда жыл сайынғы VeloBurabay 2019 велошеруі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурабай курортында жыл сайынғы «VeloBurabay 2019» велошеру өтті. Шараға 200-ден астам адам жиналды. Сөреге шыққандардың арасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев та бар.
-
Елордада тұрғын үй өртеніп, 5 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 5 адам зардап шекті, оның төртеуі – балалар, деп мәлімдеді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да зейнеткерлердің басым бөлігіне 100% мөлшерде базалық зейнетақы тағайындалған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш жыл көлемінде Шығыс Қазақстан билігі зейнетақы мен жәрдемақы төлеу саласына бағытталған қаражатты 9 миллиард теңгеге ұлғайтқан. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева хабарлады.
-
Ұлтаралық татулықты сақтауда халық дипломатиясы аса маңызды – И. Хашимжанов
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты – елдегі тыныштықты және ауызбіршілікті сақтап, қоғамдағы келісімді нығайту және ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастыру.
-
Назарбаев: Қытаймен арадағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп мәлімдейді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.
-
Азия чемпионаты: Грек-римшілер алғышқы күні төрт қола еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық сопртшылар Сиань қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады.
-
1 млрд 395 млн, 350 км/сағат, 5G. QR-кодталған Қытай
«Біздің интернетке телміруге уақытымыз жоқ, жұмыс істеу керек»...
-
Си Цзиньпин Назарбаевты Достық Орденімен марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Достық Орденімен марапатталды.
-
Жамбылдық полицейлер жас баланың өліміне қатысты күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 24 сәуірінде Талас ауданы Қаратау қаласының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны жоғалып кеткен болатын.
-
Назарбаев Джеки Чанмен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атақты қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
-
Түркияда тоғызқұмалақ пен мангаладан әлем чемпионаты өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Анталияда тоғызқұмалақтан V Әлем чемпионаты және мангаладан I Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. 4 мамырға дейін өтетін халықаралық турнирді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Мангала федерациясы ұйымдастыруда.
-
Атырауда халықаралық «Saz Perneli Sarayshyk» фестивалі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кең ауқымды шараға әлемнің 12-ден астам өзге ұлт өкілдері қатысады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Ақмолалық іскер әйелдер сайлауға белсенді қатысуға шақырды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» үйінде өткен дөңгелек үстел барысында ақмолалық іскер әйелдер «Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындарын мәлімдеп, көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
-
ҚР Президенті православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Жамбыл облысында тағы бір жел электр стансасының құрылысы басталады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында баламалы қуат көзін өндіретін тағы бір нысанның құрылысы басталмақ. Желден электр энергиясын өндіретін стансаның іргесін «Жаңатас жел электр стансасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «China Power International Holding» компаниясы қалайтын болады.
Наверх