Сириядан қайтарылғандардың басым көпшілігі радикалды идеологиядан бас тартты

28 Тамыз 2020, 15:26
2136
Бөлісу:
Сириядан қайтарылғандардың басым көпшілігі радикалды идеологиядан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирия және Ирактан қайтарылған азаматтарды дерадикализациялау және теологиялық-психологиялық оңалту жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Ақниет орталығы» ҚҚ және жергілікті атқарушы органдардың 59 маманы тартылған.

2020 жылдың 28 тамызында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов 27-29 тамыз аралығында өтетін «Террористік белсенділік аймағынан (Сирия және Ирак) оралған адамдарды оңалту және реинтеграциялау бойынша Орталық Азия диалогы» онлайн практикалық семинарына қатысты.

Іс-шараның бірінші күнінде халықаралық ұйымдардың өкілдері, АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикасынан әріптестер сөз сөйледі. Соғыс аймағынан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту мәселелері талқыланды.

Министрлік қайтарылған азаматтарды дерадикализациялау және теологиялық-психологиялық оңалту жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Ақниет орталығы» ҚҚ және жергілікті атқарушы органдардың 59 маманы (42 теолог және 17 психолог) тартылғанын атап өтті. Нәтижесінде олардың басым көпшілігі радикалды идеологиядан бас тартты, ал белгілі бір бөлігі зайырлы өмір салтына көшті немесе дәстүрлі исламға сәйкес нормаларды сақтай бастады, - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, «Жусан» гуманитарлық операциясы біздің азаматтарымызды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша 2019 жылы жүргізілген болатын. Операция қорытындысы бойынша барлығы 595 азамат елге оралды, олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрайды.
Өзгелердің жаңалығы