Сирияда уақытша президент тағайындалды

Бүгiн, 07:16
241
Бөлісу:
Сирияда уақытша президент тағайындалды
Фото: Ministry of Information in the Salvation Government

Cирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Asharq Al-Awsat таратқан мәліметке сүйенсек, Сирияның жаңа билігінің көшбасшысы Ахмед Аш-Шараа өтпелі кезең бойы президенттің міндетін орындайтын болады.

Бұл туралы әскери операциялар басқармасының мәлімдемесінде айтылған.

Өтпелі кезеңде Сирия президентінің міндетін атқарып, оны халықаралық форумдарды ұсынатын Ахмед аш-Шарааның ел президенті міндетіне кіріскендігін мәлімдейміз, - делінген хабарламада.

Одан бөлек, барлық күш құрылымы таратылып, жаңа күштік құрылымның жасақталатыны туралы шешім қабылданғаны айтылды.

Әскердің таратылып, ұлттық бастаулармен сириялық армияның қалпына келтірілгендігін айтқымыз келеді. Жаңа қауіпсіздік қызметі құрылды, - делінген мәтінде.

Сирияның жаңа билігі 2012 жылы қабылданған конституцияны оның барлық түзетулерімен қоса күшін жою туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы