Сирияда теракт болып, 14 адам қаза тапты

Сирияның Манбидже қаласында теракт болып, 14 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Anadolu Agency 4 Ақпан 2025 2025, 08:56
4 Ақпан 2025 2025, 08:56
626
Фото: Anadolu Agency

Сирияның Манбидже қаласында теракт болып, 14 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, террорлық актіні әзірге ешқандай топ мойнына алмаған. Алайда жергілікті қауіпсіздік күштері бұған PKK/YPG террорлық ұйымының қатысын бар деп топшылайды.

Алеппо провинциясында автокөлікке қойылған мина жарылысынан 14 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алғаны айтылуда.

Жаралылар ауруханаға жеткізілді. Құрбандар саны өсуі мүмкін.

Еске салайық, Сирия ұлттық армия күштері (СНА) Манбиджді 2024 жылы 9 желтоқсанда "Бостандық таңы" операциясы аясында терроршылардан босатқан болатын.

Наверх