Сирияда бірнеше аптада 140 мың бала босқынға айналды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияның Идлиб провинциясында соңғы бірнеше апта ішінде 140 мыңнан аса бала үй-жайын тастап, босқынға айналған. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері хабарлайды.</h4>

 4 Қаңтар 2020 2020, 10:40
4 Қаңтар 2020 2020, 10:40
2781

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияның Идлиб провинциясында соңғы бірнеше апта ішінде 140 мыңнан аса бала үй-жайын тастап, босқынға айналған. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері хабарлайды.


Ұйым мамандары сондай-ақ мектептер мен ауруханаларға шабуылдардың жиілеп кеткенін айтады. Былтыр Сирияда 145 білім ошағы мен 82 емханаға соққы жасалған екен.

Жалпы былтыр желтоқсанда үкімет жасағы осы Идлиб провинциясында ауқымды әскери операция бастаған болатын. Салдарынан соңғы 5 күнде провинцияның 44 мың тұрғыны үйлерін тастап, Түркиямен арадағы шекараға қарай бас сауғалаған

Наверх