Сирия ДАИШ (Қазақстанда және бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым) ұйымына қарсы халықаралық коалицияға қосылды, алайда АҚШ бастаған әскери операцияларға тікелей қатыспайды. Бұл туралы Associated Press агенттігі Сирияның ақпарат министрі Хамза Мұстафаға сілтеме жасап жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрдің айтуынша, шешім Сирия президенті Ахмед Аш-Шараа мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінде талқыланған. Дегенмен тараптар жазбаша келісімге қол қоймаған.
Бұл саяси деңгейдегі коалиция, ал терроризмге қарсы Inherent Resolve әскери операциясына қатысу жоспарланбаған, – деді Мұстафа.
Кездесуде Сирия мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық жобалар да талқыланды. Сонымен қатар тараптар Сирия үкіметі мен күрд жасақтары арасындағы келісімді жалғастыруға уағдаласты.