Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

19 Қаңтар 2019, 17:53
2026
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп ескертеді.

20 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар 20 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел, 21-22 қаңтарда кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады.

Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с жел күтіледі.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

Астана қаласында тұман, көктайғақ, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %


Өзгелердің жаңалығы