Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

10 Тамыз 2022, 22:51
1402
Бөлісу:
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады.

 Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсетіні болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел таңертең және күндіз таулы асуларында 15-20 м/с құрайды, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 37 градусқа жетеді, Атырау облысында да 37 градус аптап ыстық күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында да ыстық болады, сынап бағаны 36 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында бүгін, 10 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста 25 м/с жетеді.

11 тамызда күндіз Абай облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, өңірдің батысы мен оңтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы