Синоптиктердің болжамынша, ертең, 17 наурызда ел аумағында қолайсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, тұман түссе, кей облыстарда қатты жел соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана
Күндіз жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде және таңертең көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Абай облысы
Өңірдің солтүстігінде, орталығында жел соғады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысы
Батысында, солтүстігінде, шығысында түнде қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан секундына 25 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысы
Шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысы
Батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысы
Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысы
Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі.
Қарағанды облысы
Батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысы
Түнде облыстың солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, қөқтайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысы
Батысында, орталығында жел соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысы
Батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысы
Солтүстігінде тұман түседі. Таңертең, түнде көктайғақ болады.