Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады.
"13-15 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. 14-15 маусымда кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 13, тәулік бойы 14-15 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с", - делінген хабарламада.
13 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз 13 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі.
13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында күндіз 13 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Сондай-ақ, Күндіз 13 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Орал қаласында күндіз 13 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с, найзағай, бұршақ күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.