"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2023 жылғы 7-9 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың болжамынша, алдағы күндері аяз қысады.
Суық Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, - делінген хабарламада.