Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.
2019 жылдың 15-17 қыркүйек аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде жаңбырдың, кей жерінде қатты жаңбырдың болжамына байланысты, су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі.
Күндіз 16, тәулік бойы 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
"Петропавл қаласында күндіз 16, тәулік бойы 17 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі", - делінген синоптиктер хабарламасында.
Таңертең және күндіз 16 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.
Сонымен қатар Қостанай қаласында күндіз 16 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
16 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде екпіні18 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
"Күндіз 16 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с жетеді", - деп ескертті синоптиктер.
Көкшетау қаласында күндіз 16 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.