Синоптиктер 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

23 Мамыр 2024, 21:50
465
Бөлісу:
Синоптиктер 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысының батысында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кешке найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 24 мамырда кешке найзағай күтіледі, шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 24 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы