20 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 2 градус үсік жүреді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ болжанып отыр. Солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс желі күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 23 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жетісу облысындағы Алакөл аумағында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 28 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 23 м/с дейін артады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күндіз жылдамдығы 23 м/с артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болжанады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, өңірдің онтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.
20-21 тамызда түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде 2 градус үсік сақталады.