Сингапурде заң жүзінде үйде мысық асырауға рұқсат етілетін болды

12 Маусым 2024, 04:30
304
Бөлісу:
Сингапурде заң жүзінде үйде мысық асырауға рұқсат етілетін болды
Фото: BAQ.KZ архив

Қыркүйек айынан бастап Сингапурде көппәтерлі үйлердің тұрғындарына мысық асырауға рұқсат беретін заң күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Guardian басылымының мәліметінше, оларды пәтерде асырауға 35 жыл бұрын заңмен тыйым салынған. Бұған мысықтардың пәтерді жүгіретіндігі, түлейтіндігі, түсініксіз дыбыс шығаратындығы, осылайша, өзге тұрғындарға қолайсыздық тудыратыны себеп болған.

Әзірге сингапурлықтарға пәтерде мысық ұстағаны үшін 4 мың долларға дейін айыппұл салынады.

Өзгелердің жаңалығы