2025 жылдың басты спорттық шараларының бірі – World Aquatics Championships – Singapore 2025 Сингапурда жалауын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл су спорты түрлерінен өтетін ең ірі халықаралық дода, әрі Сингапур тарихында алғаш рет әлем чемпионатын қабылдап отыр.
Жарысқа 100-ден астам елден 2500-ге жуық спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасы жарысқа үздік спортшыларын аттандырды. Соңғы 2 жылда Азия мен әлем ареналарында жарқын жетістіктерге жеткен отандастарымыз бұл жолы да жеңіс тұғырынан көрінеді деген үміт зор.
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылар:
Әділбек Мусин – 50 м, баттерфляй;
Ксения Игнатова – 100 м, шалқалай жүзу;
Аделаида Пчелинцева – 50 м, брасс;
Софья Сподаренко – 50 м, баттерфляй;
Арсен Қожахметов – 50 м, брасс;
Глеб Коваленя – 50 м, шалқалай жүзу.