Есірткімен күресте қатаң жаза қолданатын елдің бірі Сингапур, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Мұнда тыйым салынған зат саудасымен айналысқандар өлім жазасына кесіледі. Билік осындай қатаң тәртіптің арқасында Сипгапур әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына кіретінін айтады.
Бірақ халықаралық қауымдастық бұл адам құқықтарын бұзу деп биліктің ұстанып отырған саясатын қатаң сынға алады.
Халықаралық Эмнести Интернейншл ұйымының дерегінше 1991-2011 жылдар аралығында елде 450-ге жуық адам өлім жазасына кесілген. Солардың 70 пайызы есірткіге қатысты қылмыс үшін сотталғандар.