Синдзо Абэні өлтірген азамат қамауға алынды

23 Шілде 2022, 15:19
1436
Бөлісу:
Синдзо Абэні өлтірген азамат қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның бұрынғы премьер-министрінің өмірі үшін 40 дәрігер күрескен. Оны құтқару үшін 13 литрге жуық қан құйылғанымен, жүрегі тоқтап қалды. 

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірген азамат Нара аудандық сотының шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды lenta.ru.

Сот қараша айының соңына дейін жалғасады деп күтілуде. Айыпталушының жасаған қылмысы үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе және қаншалықты дәрежеде екенін сот органы анықтайды.

41 жастағы Ямагамиге психиатриялық сараптама тағайындалды. Полиция сонымен қатар Жапонияның экс-премьер-министрін өлтіруші өзі жасаған тапаншаларды зерттеуді жоспарлап отыр.

Ер адамның үйінен барлығы осындай жеті тапанша табылған. Сондай-ақ оған атыс қаруын заңсыз дайындады және сақтады деген айып тағылуы мүмкін.

Айта кетейік, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Сндзо Абэге 8 шілдеде шабуыл жасалды. Ол алған жарақттан ауруханада көз жұмды. 

Өзгелердің жаңалығы