Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР СІМ орталық аппаратында 289 дипломат бар. Олардың 60-сы басшылық қызметте еңбек етіп келеді. Бұл туралы "Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері" кітаптың тұсаукесер рәсімінде сыртқы ведомствоның вице-министрі Роман Василенко айтты.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаев кітаптың маңыздылығы туралы айтты."Мұндай кітаптардың пайдасы – жаңа есімдерді білуге септігін тигізеді. Академиямыздағы Дипломатия институның арқасында жаңа жобаларды, жаңа идеяларды іске асырамыз деп ойлаймын. СІМ мен Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы жұмысты қарқынды жүргізуге дайынбыз. Жаңа есімдер біздің академиядан шыға берсін. Сыртқы істер министрлігі мамандарын бізге оқуға жібергенін тілейміз. Біз жақсы мамандар даярлап, еліміздің дипломатиялық қызметіне үлес қоса берейік", - деді Айгүл Көшербаева.
Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко бүгінде Қазақстан 190-нан астам елдің ішінде бизнесті бастау жағынан 28-орында тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз 176 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын жеткізді.
"Кітап біздің дипломаттарымызға қолдау көрсететінімізді білдіреді. Қазір әлем бойынша цифрлық дипломатия дамып жатыр. Сондықтан жас дипломат – бұрын қалыптасқан дипломатия мен жаңа талаптарға сай маман болу керек. Сондықтан біз барлық ЖОО-дағы дипломаттарымызға арналған дайындықты қолға аламыз. Қазақстан әлемдік аренада өз бағасын алып, халықаралық деңгейдегі түрлі шешімге ықпал етіп келеді. Елімізде түрлі бағдарлама іске асырылып жатыр. Еларалық жобалардың жүзеге асуына ведомствомыз ықпал етіп келеді. Бүгінде Қазақстан 190-нан астам елдің ішінде бизнесті іске асыру жағынан 28-орында тұр. Әлемнің 176 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Яғни, қазақстандық дипломатияның жақсы жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Елбасы жастардың әлеуметтік бейімділігіне аса мән береді. БҰҰ бойынша 44 жас – жас адамдардың шегі болып есептеледі. СІМ-де өте талантты жас мамандар көп. Егер БҰҰ-ның жас мөлшеріне салып есептесек, орталық аппаратта 289 дипломат бар, оның ішінде 60 басқарушылық қызметте, сонымен қатар олардың 9-ы – әйел адамдар. Бельгия, Тайланд, Швейцарияда елшілеріміз әйел адам. Бізде 2 ғылым докторы, Phd докторы, ғылым кандидаты, «Болашақ» стипендиясының 18 түлегі, Дипломатия институтының 86 түлегі бар. Оларға үнемі біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып отырады", - деді вице-министр.
Испан және италян тілдерін меңгеру үшін арнайы маман шақырылады. Латын графикасына ауысуға байланысты Мемлекеттік басқару академиясында жас дипломаттарға арналған курс ұйымдастырады. Жас дипломаттар 2019 жылы 10-нан астам елде халықаралық тағылымдамадан өтеді.