СІМ-нің Инвестиция комитетінің төрағасы тағайындалды

17 Қыркүйек 2021, 11:06
1070
Бөлісу:
СІМ-нің Инвестиция комитетінің төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ардақ Темірханұлы Зебешев Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы М.Әуезовтің атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, ал 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2014 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша King's College London «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Warwick Business School «бизнес-әкімшілендіру» бойынша магистр дәрежесін алды. 

Еңбек жолын 2003 жылы Шымкент қаласы әкімінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдастыру-кадрлық және талдау жұмысы басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған. 

Әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Өзбекстан Республикасындағы елшілікте, сондай-ақ Премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істеді. 

2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы хатшылығының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Премьер-министр орынбасарының, ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.

2019 жылғы сәуірден бастап 2020 жылғы наурызға дейін СІМ Инвестициялар комитетінің инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 

2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін СІМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды. 

15 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі бар.

Өзгелердің жаңалығы