Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СІМ Индонезияда өлім жазасына іліккен азаматтарға адвокат іздеп жатыр

Әсел ӘБІЛБЕК
30 Маусым 2025, 19:32
615
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Индонезияда өлім жазасына кесілу қаупі төнген қазақстандықтарды қорғау бағытында дипломаттар белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Алда әлі сот процесі бар. Олардың ұсталғаны туралы біз көктемде білдік. Қазір адвокаттар іздестіріп, олардың туыстарымен үнемі байланыста отырмыз, - деді Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі тек сот үкімі шыққаннан кейін ғана қарастырылмақ. Алайда бұл үшін екі ел Қазақстан мен Индонезия арасында сотталғандарды өзара беру туралы ресми келісім болуы қажет. Қазіргі таңда мұндай келісім жоқ.

Өкінішке қарай, Индонезиямен сотталғандарды елге қайтару туралы екіжақты келісім жасалмаған. Соған қарамастан, біздің дипломаттар жергілікті билікпен түсіністікке келу үшін бар күшін салып жатыр, - деді СІМ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше қазақстандықтың Индонезияда ұсталғаны хабарланған болатын. Олар есірткі сату дерегі бойынша күдікке ілінген. Жергілікті заңнама бойынша, мұндай қылмыс үшін ең қатаң жаза өлім жазасы қарастырылған. 

Өзгелердің жаңалығы