Сыртқы істер министрлігінде қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда қаза болғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24 мамырда Тбилисидегі Қазақстан елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан Қазақстан азаматының қаза болғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін іс туралы мәліметтер мен күдікті туралы деректер жария етілмейді, - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, журналист Грузияда жеке сапарда болған, кәсіби қызметке ешқандай қатысы жоқ.
Қазақстандық журналист Жанбота Төлеген Грузияда қаза болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Грузия ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Г.Х. есімді азамат ұсталды.