СІМ: Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар

6 Қараша 2023, 17:01
1802
Бөлісу:
СІМ: Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар
Фото: Арман Мухатов - архив

Газа секторында 76 ҚР азаматы бар. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Газа секторында біздің деректеріміз бойынша ҚР 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қоса санағанда олардың саны 161 адам. Сонымен қатар шетелдік отбасы мүшелерінің шығуына байланысты Мысыр және Израиль тарапынан белгілі бір талаптар бар. Мысалы 3-тен 1 бөлігі эвакуациялауға, яғни жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді. Бұл кәмелетке толмаған балалар, ерлі-зайыптылар және балалардың жұбайлары. Осыған орай біздің кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кетуге мүмкіндік болмағандықтан, Газа секторынан кетуге дайын емес, - деді Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Дегенмен көп нәрсе бізге байланысты емес. Әскери дипломатиялық дағдарысты бүкіл әлем шешуге тырысып жатыр. Өз тарапымыздан біз толық дайынбыз. Азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткеннен кейін арнайы эвакуацияға біз дайынбыз. Шетелде Қазақстан азаматтарын қорғау - Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің негізгі міндеттерінің бірі. Біз Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырмыз. Өкінішке қарай, шиеленіс күшейіп келеді, - дейді Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы