СІМ басшысы Қытай елшісімен кездесті

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp; Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді.<br> </h4>

4 Мамыр 2021 2021, 19:33
АВТОР
 4 Мамыр 2021 2021, 19:33
4 Мамыр 2021 2021, 19:33
1184

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ індеттен кейінгі кезеңде қатынастарды одан әрі жандандыру жөніндегі шараларды талқылады.

Сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ «Орталық Азия-Қытай» форматындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Наверх