СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы елшісін қабылдады

<h4 align="justify">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.</h4>

3 Қыркүйек 2020 2020, 13:39
АВТОР
 3 Қыркүйек 2020 2020, 13:39
3 Қыркүйек 2020 2020, 13:39
1152

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.

Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Наверх