Сиднейді су басты

9 Маусым 2024, 07:50
351
Бөлісу:
Сиднейді су басты
Фото: скрин

Австралияның Сидней қаласында тоқтаусыз жаңбыр жауып, су айдындары мен өзен-көлдер арнасынан тасып жатыр. Салдарынан тасқын жүріп, шаһарды су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz-тің мәліметі бойынша, көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылды. Мыңдаған үй су астында қалды. Билік табиғат апаты қауіп төндіріп тұрған бірнеше елді мекен тұрғындарын шұғыл көшіруге тапсырма берді.

Синоптиктер алдағы күндері Сиднейдің солтүстік-батысын алапат тасқын күтіп тұрғанын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы