Сиднейде төрт метрлік ақ акула сүңгуірді жазым етті

20 Ақпан 2022, 12:15
1988
Бөлісу:
Сиднейде төрт метрлік ақ акула сүңгуірді жазым етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британиялық Саймон Неллист Австралияда акуланың шабуылынан кейін қайтыс болды, деп жазды Хабар24 жергілікті Metro басылымына сілтеме жасап. 

35 жастағы ер адам сәрсенбі, 16 ақпанда қайтыс болды. ол Сиднейдегі Кіші шығанақ маңындағы Бьючан-Пойнттан бірнеше метр жерде жүзіп келе жатқанда, оған төрт метрлік акула шабуыл жасаған. 

Дайвинг нұсқаушысы суға түсуге дайындалып жатқан. 

Сиднейде төрт метрлік ақ акула сүңгуірді жазым етті

Олардың айтуынша, акула сүңгуірдің денесін бөлшектеп тастаған.

 Марқұмның туысы Джеки Сигер түсіндіргендей, Нелист әрқашан теңізді жақсы көрген. 

«Ол жабайы табиғат пен әлемді жақсы көрді. Оның табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілігі болды. Ол өмірді жақсы көретін өте мейірімді және қамқор адам еді», –деп қосты ол. 

Бұл Сиднейде 1963 жылдан бері 60 жыл ішінде акулалардың өлімге әкелген алғашқы шабуылы екен.
 

Өзгелердің жаңалығы