Сиднейдің оңтүстік-батыс бөлігінің үстінде екі жеңіл моторлы ұшақ ауада соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы мәлімдегендей, оқиға салдарынан бір ұшқыш көз жұмды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соқтығыс Веддербёрн аумағында болған. Ұшақтардың бірі орманды жерге құлап, оның пилоты оқиға орнында қаза тапты.
Ал екінші әуе кемесі қауіпсіз қонуға мүмкіндік тауып, оның ұшқышы ешқандай жарақат алған жоқ.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Апаттың нақты себебі анықталу үстінде.